Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Жол саласының жампозы

Жол саласының жампозы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Біреулер жолды бір нүктеден екінші нүктеге жеткізетін бағыт қана деп қараса, енді бір адамдар бүкіл ғұмырын бір жолдың он­даған жыл бойы мінсіз қызмет етуіне, алғашқы қыстан кейін-ақ бүліну себептерін терең зерт­теуге арнайды. Президент жа­нындағы Ұлттық ғылым ака­де­миясының академигі, техника ғылымдарының докторы, про­фес­сор Бағдат Телтаев үшін жол – өмірлік мұратқа, терең ғылыми ізденістің нысанына, кәсіби жауапкершілік пен елге қалтқысыз қызмет етудің айқын үлгісіне айналды. Көрнекті ғалым, отандық жол ғылымы мектебінің негізін қалаушы әрі ірі ғылым ұйымдастырушысы биыл наурызда 60 жасқа толды.

Ауылдан шыққан әлемдік ғалым

Академиктің қалыптасу жо­лы Жамбыл облысы Меркі ауда­нындағы шағын Жауғаш батыр ауылынан бастау алады. Ол 1966 жылғы 23 наурызда осы ауылда дүниеге келген. Еңбекқорлық пен білімге деген ұмтылыстың алғашқы негізі ауыл мектебінде қаланды. 1973-1976 жылдары «Қазақстан» колхозындағы Кеңес мектебінде оқып, 1983 жылы Шу ауданындағы «Алға» совхозының Амангелді Иманов атындағы орта мектебін үздік тәмамдады. Германиядағы Ке­ңес әскерлері тобының автомо­биль ротасында әскери қызмет өткеруі де жас жігіттің өмір мек­тебіне айналып, болашақ ма­мандығын нақты айқын­да­уына ықпал етті. Алматы авто­мобиль-жол институтының жол факультетіне оқуға түскен Бағ­дат Бұрханбайұлы 1991 жылы «Автомобиль жолдары» ма­ман­дығын үздік бітірді. Бүгінде бұл оқу орны М.Тынышбаев атын­дағы ALT Университеті деп аталады. Дәл осы жерден оның академиялық жолы басталып, тағылымдамашы-оқытушы мен ассистенттен кафедра меңге­рушісі және профессор дәреже­сіне дейін көтерілді.

Бағдат Телтаев жас кезінен-ақ құр ғылыми симпозиумдарда талқылаумен шектелмейтін, күнделікті өмірде, жол үстінде нақты сезінуге болатын қолдан­балы ғылымды таңдады. Ұлттық ғылым академиясының Меха­ника және машинатану инсти­тутында аспирантураны 1994 жылы, докторантураны 1998 жылы аяқтағаннан кейін ол жол материалдарында жүретін күр­делі физикалық-химиялық және механикалық үдерістерді терең зерттеуге кірісті.

Жол жабыны аязда неге жа­ры­лады, ал жазда неге жолтабан іздері пайда болады? Асфальт­бе­тонның қасиеттеріне битум сапа­сы, температуралық гра­диент­тер және ауыр жүк көлік­терінен түсетін қайталама дина­микалық жүктемелер қалай әсер етеді? Бұл сауалдарға жауап табу кешенді ғылыми тәсілді талап етті.

Академик ғылыми ізденіс­те­рінде қолданбалы реоло­гияны, жол конструкциялары мен олар­дың топырақ негіздеріндегі жылу және ылғал тасымалы үдерістерінің термодинами­ка­сын қамтыды. Осы көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде рес­ми түрде танылып, арнайы дип­ломдармен тіркелген үш ғы­лы­ми жаңалық ашылды. Олар ас­фальтбетон жабынының тө­мен температурада жарықшақ­тану кезіндегі өзін-өзі ұйым­дас­тыру заңдылықтарын, тұт­қыр-сер­пім­ді материалдардың сатылы шар­шау деструкциясын және на­но­құрылымды битум түзілу құбы­лысын сипаттайды. Бұл еңбектер­дің әлемдік ғылым үшін мән-маңызын «Телтаев принципі», «Радовский-Телтаев моделі» және «Ысқақбаев-Телтаев ин­тегралы» сияқты орныққан ғы­лыми атаулар да айғақтайды.

Ғалымның ғылыми мұра­сында бірлескен зерттеулердің де орны ерекше. 2018 жылы беделді халықаралық Springer баспасы Б.Телтаев пен профес­сор Б.Радовский бірлесіп жазған монографияны жарыққа шы­ғар­ды. Жалпы алғанда, ғалым­ның ғылыми қоржынында 900-ге жуық ғылыми еңбек, 8 мо­но­­графия, 40-тан астам өнертабыс, 10 оқу құралы және 5 терми­но­логиялық сөздік бар.

Ғалым өз Отанын таңдады

Бағдат Телтаевтың ғылыми таланты әрдайым жоғары ұйым­дастырушылық қабілетімен және мемлекеттік деңгейде ойлай білу қасиетімен ұштасып келеді. Оның кәсіби жолы мүлде басқа арнада өрбуі де мүмкін еді. Ғалымға бірнеше рет АҚШ, Канада, Аустралия, Қытай және Ресейде жұмыс істеу туралы ұсыныстар түскен. Әсіресе 2005 жыл оның өміріндегі шешуші кезеңдердің бірі болды. Сол уақытта ол Еуропадағы беделді тағылымдама мен Қазақстан жол ғылыми-зерттеу инсти­ту­тын басқарудың бірін таңдауы керек еді. Ғалым Қазақстанды таңдады.

2006-2022 жылдары оның басшылығымен ҚазЖолҒЗИ Еуропадан әкелінген заманауи жылжымалы зертханалармен және АҚШ-тың бағдарламалық кешендерімен жабдықталып, әлемдік деңгейдегі қуатты ғы­лыми-зерттеу орталығына ай­нал­ды. Институт еліміздің ауқым­ды инфрақұрылымдық жобаларының негізгі ғылыми-техникалық қозғаушы күште­рінің бірі болды. Олардың қата­рында ТМД аумағындағы ал­­ғаш­қы «Астана – Бурабай» жо­ғары жылдамдықты автома­гис­тралінің құрылысы, ұзындығы 2 787 шақырым болатын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транс­континенталдық дәлізін қайта жаңғырту және Ақтаудағы CASPI BITUM зауытын іске қосу бар. Осы кезеңде еліміздің өңір­лерінде 70-тен астам инновация­лық материал енгізіліп, 200-ге жуық тәжірибелік-экспери­мент­тік жол учаскесі салынды.

Салада мемлекеттік деңгейде жүйелі өзгерістер қажет екенін түсінген академик оны рефор­малау үдерісіне белсенді ара­лас­ты. 2023 жылы оның баста­масы­мен Президент жанындағы Ұлт­тық ғылым академиясында «Кө­лік ғылымы» секциясы ашыл­­ды. Елдің көлік-логистика кеше­нін­дегі мәселелерді терең зерделей отырып, Бағдат Бұр­ханбайұлы көлік ғылымын бас­қару жүйесіне түбегейлі өз­геріс­тер қажет екенін негіздейтін ке­шенді талдамалық жазба әзірлеп, Президент Әкімшілігіне жолдады.

Оның бұл көзқарасы кейін нақты іске асты. Ұлттық ғылым академиясы мен ALT Универ­ситетінің бірлесуімен Көлік ғылымдары және технологиялар институты құрылды. 2026 жыл­ғы қаңтарда академик Телтаев аталған институттың бас­шылы­ғына келіп, саланы дамытудың жаңа бағыттарын айқындады. Сонымен қатар ол ҰҒА-ның Жаратылыстану-техникалық ғылымдар бөлімшесі төраға­сы­ның орынбасары ретінде ғылы­ми кеңестер жұмысына белсенді қатысып, Қазақ­стан­дағы ғылым­ды дамытуға қа­тысты норматив­тік құқықтық актілерді талқылау мен сарап­тауға елеулі үлес қосып келеді. Оның жетекшілігімен Кеден одағының 11 мемлекет­аралық стандарты және 60-тан астам ведомстволық норматив сынды маңызды нормативтік құжаттар әзірленді. Отандық ғылыми-техникалық жаңалық­тардың бірі ретінде Қазақ­стан­ның ерекше климаттық ай­мақ­тарына бейімделген KazPave жол төсем­дерін жобалау жүйесін айтуға болады.

Ғылым эстафетасы шәкірттермен жалғасты

Академиктің еңбегі мем­лекеттің жоғары деңгейінде де лайықты бағаланып келеді. 2024 жылы Бағдат Телтаевты Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Жол сала­сын­дағы мәселелер жан-жақты талқыланып, Президент ғалым­ның ұсыныстары негізінде Үкі­мет пен салалық министрлікке нақты тапсырмалар берді. Сон­дай-ақ академикке жол саласын дамытуға қосқан үлесі үшін жеке алғыс білдіріп, атаулы қол­сағат табыс етті. Бұл ретте ел қа­уіпсіздігін қамтамасыз етуде озық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің аса маңызды екеніне назар аударды.

Дегенмен кез келген ғалым­ның ең үлкен жетістігі – өзі қа­лыптастырған ғылыми мек­теп. Өз кезінде академиктер Ж.Ер­жанов пен Ш.Айталиевтің, про­фессорлар Б.Мұртазин, А.Ыс­қақбаев, Б.Радовский және А.Құсайыновтың ғылыми мекте­бінен тәлім алған Бағдат Телтаев кейін өзі де тұтас зерт­теушілер буынын тәрбиеледі. Оның шә­кірттері арасында 5 ғы­лым док­торы, 27 ғылым кан­ди­даты және 7 философия док­торы (PhD) бар. 2006 жылы оның есімі рес­публикадағы жол ғы­лымы мек­тебінің негізін қалау­шы ретінде «Қазақстан» ұлттық энцикло­педиясына енгізілді.

60 жасқа толған мерейтойына академик Телтаев тек ғылыми жарияланымдар санымен өлшеу­­ге келмейтін ауқымды мұра­мен келіп отыр. Оның қаржырлы еңбегінің арқасында өңірлер мен мемлекеттерді жалғаған мың­даған шақырым сенімді жол салынып, тұтас бір саланың бе­рік нормативтік-техникалық не­гізі қаланды. Отандық ғылым­ның эстафе­та­сын жалғастырып келе жатқан шәкірттер мен ізбасарлар шоғы­ры қалыптасты. Жол әрдайым алға бастайтын қозғалысты біл­діреді. Ал Бағдат Бұрхан­бай­ұлы үшін ғұмырға ұласқан бұл жол әлі де жалғасып, Қазақстан үшін жаңа көкжиек­терге бастай бермек.

Айдар БЕК

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:57
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қыркүйек 2026 04:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары