Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жолашар тың бағыттар

Жолашар тың бағыттар

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Биылғы V Ұлттық құрылтай заман ағымына орай жаңа бағытқа қадам басқан батыл бастамаларымен ерекшеленді.

Біріншіден, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осыдан бес жыл бұрын Ұлттық құрылтай деген жаңа бастаманы көтеруінің астарында жатқан негізгі идеяны жұрт енді түсінді. Ұлттың болашағына қажетті ойлар тоғыстыратын жиын­ды Құрылтай деп атайтын қазақы ұғымға саяси мағына жүк­теп, енді халық қалаулылары заң шығаратын саяси органның да тамырына ұлттық рухты сіңіру үшін оны бұдан былай Құрылтай деп атауды ұсынды. Шындығында, Парламент деген халықаралық терминнің маз­мұнында ұлттық салмақ жоқ еді. Құрамында негізінен ұлт өкіл­дері отыратын заң шығарушы органның еуропаша аталуының өзі құлаққа тосын естілетін де, жүрекке жете бермейтін. 

Екіншіден, ендігі жерде Қазақ­стан халқы Ассамблеясы мен ұлт­тық мұраттарды жүзеге асырып келе жатқан Ұлттық құрылтайды бір арнаға тоғыстыратын Халық кеңе­сі құрылатын болды. Бұл да – халқымызды ұлттық бірлік­ке бас­тайтын Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған батыл да нық қадам.

Үшін­шіден, бұрын Парла­ментте Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы мүшелеріне арнал­ған квота болатын. Президент бұл жөніндегі ойын ашық айтты: «Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таң­даулы тұлғалар» болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіп­пен сайлануы керек. Соған сәйкес ҚХА-ның арнайы квотасы алынып тасталады», деді. Бұл – қазіргі көпвекторлы экономикалық саясат ықпалындағы ахуалды таразылап барып айтылған кесімді шешім.

Төртіншіден, қолданыстағы Ата заңымызда «жекелеген қате­лер бары анықталды. Кезінде тер­минологиялық, стильдік кем­шіліктерге жол берілген. Конс­ти­туциялық реформа аясында осы олқылықтарды түзеуіміз керек», дей келе Президент мына мәселеге айырықша мән берді: «Ата заңның преамбуласын ұлттық құнды­лық­та­рымызды айшықтап, қанша заман өтсе де, өзекті болып қала беретіндей етіп қайта жазуымыз керек. Онда қазақ жеріндегі өркениет пен мемлекеттіліктің тарихы терең екені нақты көрініс табуға тиіс», деді. 

Бесіншіден, құрамында Ұлттық құрылтай мүшелері, БАҚ басшылары, мәслихат төрағалары, қо­ғамдық кеңес өкілдері бар жүз­ден астам білікті азамат болатын Конституциялық комиссия құрылады. Президенттің айтуынша бұл комиссия барлық ұсынысты сараптап, саралап, қорытындылап, нақты өзгерістер жобасын әзірлейді.

Алтыншыдан, мемлекеттік рәміздерімізге айрықша мән беріледі. Өткенде іссапармен Түркияға барғанымда бірден көзіме түсіп, көңілімді түркі халқына деген айрықша сүйіс­пеншілікке бө­леген көрініс – мемлекеттік меке­мелерді айтпа­ғанның өзінде, мемлекеттік тудың ұшақта да, әуе­жайда да, кітапханаларда да, базар­ға бар­саңыз да, дүкенге кір­сеңіз де, көше бойлап жүрсеңіз де айы мен жұлдызы жарасып желбіреп тұрғаны. Әлемнің озық елдеріндегі мемлекеттік рәміздерге деген осы секілді құрметтті көріп, көңі­­ліне түйіп қана қоймай, сол рәміз­­дердің ұлттық рухтың оянуы­ ­мен мемлекетшілдік сана­ның асқақтауына ықпалы зор екеніне көзі жеткен Президент: «...туымызды, елтаңбамызды көліктерде, үйлерде, көшелерде және елімізде немесе шетелде өтетін спорттық және басқа да іс-шараларда дұрыс пайдалану маңызды. Көк туы­мыздың желбіреп тұрғанын көр­генде, ерекше қуаныш сезіледі. Бұл арқылы еліміздің азаматтарының бірлігі мықты, ұлт ретінде тұтас екеніміз айқын көрінеді», деді. Демек, алдағы күндерде мем­ле­кет­тік рәміздеріміз туралы заңға да жаңа нормалар мен ережелер қосылады.

Әлбетте, Президент тарапынан бұдан басқа да айтылған соқталы ойлар болды. Олар ағымдағы саяси һәм заңнамалық өзгерістерден гөрі экономикалық дамуға, әлеу­мет­тік әлеуеттенуге, рухани же­тілу­ге қатысты айтыл­ған еді. Олар­дың қатарында жекеменшік мек­теп­тер­ді, меди­ци­налық ұйым­дарды мемлекет есебінен қар­жыландыру, Салық кодексіне өзгерістер енгізу, «QazaqGaz» компаниясының мүмкіндігін ұтымды да тиімді пайдалану, ер мен әйелдің одағын ресми түрде бекіту, «бүкіл адамзат үшін өте маңызды міндет» – Арал өңірінің экологиялық жүйе­сін қалпына келтіру, өмір сүру жасын ұзартуға ықпал ету мәселелері болды.

Қорыта келгенде айтарымыз, мемлекетіміздің жаңа заман талабына сай жаңаша өркендеуіне жолашар тың бағыттар ұсынған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен V Ұлттық құрылтайдың тарихи маңызы зор болмақ.

Сағатбек Медеубекұлы,

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері

Соңғы жаңалықтар

Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты

Ауыл • Бүгін, 09:40

Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі

Пікір • Бүгін, 09:38

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Басылым • Бүгін, 09:28

Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?

Білім • Бүгін, 09:25

Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт

Әлем • Бүгін, 09:23

Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?

Мәдениет • Бүгін, 09:20

Елімізде «Oxford Hub» ашылады

Білім • Бүгін, 09:15

Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды

Саясат • Бүгін, 09:12

Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері

Пікір • Бүгін, 09:10

Бизнес және жайлы іскерлік орта

Саясат • Бүгін, 09:07

Ұлт ұпайын түгендеген басқосу

Пікір • Бүгін, 09:05

Қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалмауға тиіс

Қаржы • Бүгін, 09:02

«Қыз алып қашу» – ауыр қылмыс

Қоғам • Бүгін, 08:57

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 10:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары