Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Пашинян Әзербайжанға анклавтар мәселесін шешу үшін аумақтарды алмастыруды ұсынды

Алматы үздік туристік бағыттар қатарында тұр

Алматы үздік туристік бағыттар қатарында тұр

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Биыл Алматы қаласына келетін шетелдік туристердің қатары одан әрі артуы мүмкін.

Халықаралық сарапшылар мәдени астанамызды осы жылы әлемдегі ең танымал болатын туристік аймақтар қатарына қосты. Биыл салада тағы қандай жаңалықтар күтіп тұр?

Алматы биыл әлемдегі ең танымал туристік бағыттар қатарына кіреді. Bloomberg халықаралық басылымы елдің оңтүстік астанасын үздік 25 туристік аймақ тізіміне қосып отыр.

Сарапшылар Алатау баурайының туристік әлеуеті жыл бойы тұрақты екенін ескерген. Былтыр 9 айдың ішінде мегаполиске 2 млнға жуық саяхатшы барған. Олардың төрттің бірі шетелдіктер. Әсіресе тау шаңғысы көптің қызығушылығын тудырып отыр. "Шымбұлақ" курортына күніне мыңнан астам адам барады. Дегенмен, инфрақұрылымды әлі де жетілдіруді талап етіп тұр. Мұны Мемлекет басшысы "Түркістан" газетіне берген сұхбатында да атап өтті. Сондай-ақ бұл салада ауқатты адамдар мен табысы орташа азаматтарға бірдей қызмет көрсетілуге тиіс екенін айтты. Жергілікті әкімдік бұл бағытта "Алматы тау кластері" жобасы қолға алынын хабарлады. Бірінші кезекте дәл осы "Шымбұлақ" курорты жаңғыртылады.

Ақмарал Ещанова, қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары:

- Тау-шаңғы аймағын кеңейту және жаңғырту, қолданыстағы аспалы жолдарды модернизациялау, сондай-ақ Бұтақты шатқалында жаңа бағыттарды салу көзделген. Жобаның негізгі мақсаты – тау-шаңғы курортына келушілердің қатарын артырып, қауіпсіздік деңгейін күшейту және жаңадан бастаушылардан бастап, кәсіби шаңғышыларға дейінгі барлық санаттағы қонақтар үшін қолайлы әрі заманауи инфрақұрылым қалыптастыру.

Туризмді дамыту тұжырымдамасы толығады

Туризмді дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы толықтырылып, түзетулер енгізіледі. Үкімет басшысы тиісті министрлік пен әрбір өңірдің әкімдігіне осындай тапсырма жүктеді. Туризм саласы экономиканың бірнеше секторын тоғыстырады. Сондықтан өзге де мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру қажет. Оның ішінде Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірге саладағы кадрлық мәселелерді шешу үшін қосымша шаралар қабылдау тапсырылды. Былтыр салаға салынған инвестиция көлемі 923 млрд теңгеге жетті. Алдыңғы жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 38 пайызға артқаны байқалады. Әр өңірдің жаңа дамыту бағдарламалары шеңберінде тағы инвестиция тартып, инфрақұрылымды дамыту міндеті тұр.

Мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесі бекітілді 

2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесі жарияланды. Туризм және спорт министрлігі дайындаған құжатта 55 бастама көрсетілген. Олардың қатарында мұз үстіндегі сайыстар, қансонар, қолөнершілер көрмесі, қымызмұрындық және қызғалдақ фестивалі сияқты шаралар бар. Мұның бәрі Бурабай, Алтынемел, Аалакөл, Каспий, Алатау сияқты туристік аймақтарда өткізіледі. Оған шетелден мыңдаған туристер қатысады деп болжанып отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 07:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102

Пашинян Әзербайжанға анклавтар мәселесін шешу үшін аумақтарды алмастыруды ұсынды

15 Қазан 2026 08:27see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары