Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жылқы жалындағы жыл

Жылқы жалындағы жыл

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Желдей жүйткіп кісінеген жылқы жылы есігімізден енді. Қазақ жыл­қыны ұлттың рухани, мәдени, әлеуметтік өмірінің өзегі ретінде қа­рас­­­тырады. «Ер қанаты» деп бәсін биіктетіп, жеті қазы­наның бірі деп баға­лайды. Жылқы қасиеті, жасы, тегі, түсі, мінезі мен қабі­л­е­тіне қарай бірнеше түрге жікте­леді. Сонымен қатар жылқы­ның қазақ та­ны­мындағы орны ерекше. Осы орайда қазақ мифологиясында кез­­­де­­сетін суын, керқұ­дан (керқұлан емес), пы­рақ секілді ерекше тұл­пар­­ларға тоқталмақпыз.

Ертегіден Елтаңбамызға енген

Біздің қазақ «Ұстағаның шырақ болсын, мінгенің пырақ болсын» деп тілейді. Қазақ дүниетанымында қанатты тұлпар – пырақтың орны бөлек. Қиял-ғажайып ертегілерімізде, аңыз-әңгімелерімізде қанатты тұлпарлар бар. Ежелгі ғұн, үйсін, сақ ескерткіштерінде де пырақ бейнесі кездеседі. Соған қарағанда қанатты тұлпардың тарихы тереңде. Кейін қазақ даласына Ислам діні келген соң, пырақ бейнесі пайғамбарларға қызмет еткен тұлпар ретінде атала бас­тады. Діни әдебиеттерде Мұхаммед пайғамбардың Миғраж сапарына осы пыраққа мініп барғаны айтылады. Сонымен қатар қазақтың ауыз әдебиетінде кездеседі. Батырлар жырында пырақ батырлардың серігі ретінде суреттеледі.

Көптеген қазақ ақынының жырына да ар­қау болды: «Пырақ бар бес жүз жылдық жолды басқан, Ер­тоқым өңшең абзал асыл тастан» (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы), «Даяр боп ұшқан құстай соққан құйын, Тілесек бір-бір тұлпар бейне пырақ!» (Мағжан Жұмабаев), «Қайда жүрсің қоңырауың сыңғырлап, Ұстатпайтын періштенің пырағы?» (Несіпбек Айтұлы). Сондай-ақ пырақ бейнесі әлемнің көптеген халқының, атап айтқанда грек (пегас), араб (бурақ), кәріс (чхоллима), тибет (лунгта), моңғол (хиймор), башқұрт (ақбозат), татар (толпар) халықтарының мифологиясында да бар.

Пырақтың мүйізді түрі де бар. Көпшілік оны инрог, единорог деп таниды. Қазақша атауы – керқұдан. Профессор Жамбыл Артықбаевтың айтуынша, мұндай мүйізді мифтік тұлпардың атауы керқұдан екен. «Біздің фольклорда мүйізді ат бейнесі бар, аты – керқұдан. Қазақ ауыз әдебиетінде, шежіреде жалғыз мүйізді жылқы ғана емес, бізге түсініксіз, ұмытылған неше түрлі аң-құстардың аты кездеседі» дей келіп, керқұдан бейнесі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармала­рын­да да кездесетінін айтады. Ал геральдист Айдын Рысбекұлы: «Қазақ фольклорында, шежіреде жалғыз мүйізді жылқы бар. Кейбір деректерде «керқұдан» (керқұлан емес) дейді. Оның ғылыми атауы – инрог, орысша – единорог, татарша – такмөгез», – дейді. Геральдистің айтуынша, көне түріктердің дүниетанымында мүйізді жануар бейнесі жиі кездеседі. «Мүйіз деген – тылсым күш пен биліктің ажырамас атрибуты. Қазақ ұғымында «мүйізі қарағайдай» деген тұрақты сөз тіркесі – жоғары мансапты, «мүйізін қағып алу» деген – күйрете жеңуді білдіреді» дейді ол.

Керқұдан – пы­рақ­тың бір түрі. Пы­рақта қанат болса, керқұдан­ның қанатқа қоса сыңар мүйізі бар. Кер­құ­дан­ның қанат­­сыз түрі де кездеседі. Керқұдан еліміздің елтаңбасында бейнеленген. Елтаңбада екі керқұдан шаңырақты қорғап тұр. Елтаңба авторларының бірі Шот-Аман Уәли­хан: «Дәстүрлі қа­нат­ты тұлпар – пы­рақ бейнесі биік сам­ғауды, болашақ туралы арманды білдіргендей. Тұл­пардың көкке сермеген қанаттары ортақ отауымыз – шаңырағымыз­ды қорғап тұр. Пы­рақ­тың аңыздағы ширатылған ай мүйізі қайсарлықты, қайраттылықты көрсеткендей әрі көне тарихымыздан да хабар бергендей», – десе, ақын Алмас Темірбай мүйізді тұлпар жа­йында: «Символикалық мәні үшін Елтаңбамызда да бейнеленген. Оның сыңар мүйізіндегі жеті буын – жеті ата, қанаттағы үш қауырсын үш жүз деген ұғымды білдіріп бейнеленген», дейді. 

Су жылқысы суыннан тұқым алған

Егер сіз «Мұзды өлке 2» (Frozen) анимациялық фильмін көрген бол­саңыз, Эльзаның теңізден шығатын тұлпарын көзіңіз шалған шығар. Фильм авторлары ондағы теңіз тұлпарын скандинав мифологиясындағы Нокк деген жылқы деп түсіндірген. Яғни жылқы бейнесіндегі мистикалық су рухы екен. Әсілінде бұл – кәдімгі біздің суын. Қазақтар су жылқысын «суын» дейді. Каспий теңізі маңын жайлаған қазақтар арасында суын жайлы аңыз көп. Соның бірі – белгілі бір уақытта суын айғыры теңізден шығып, жағалауда жайылып жүрген бір биеге жақындасады-мыс. Сол биеден туған құлын бәйге бермейтін сәйгүлікке айналады-мыс. Содан болар теңіз жағалай қонған қазақтар биелерін Каспийдің жағасына жаюға тырысқан.

Мифолог Серікбол Қондыбай­дың жазуынша, суын – сулардың, толқындардың мифтік тұлғалануы. Ол «Арғықазақ мифологиясы» кітабында суынды былайша түсіндіреді: «Қазақ ертегілеріндегі «су жылқыларына» қатысты мынадай бір мезет бар: атақты жылқышылар теңізде өмір сүретін су айғырларының қай уақытта су астынан жағалауға шығатынын білетін көрінеді. Сондай күндері жылқышы өзінің үйірлеріндегі биелердің таңдаулыларын теңіз (көл) жағалауына жіберіп, сыртынан көздеп тұрады. Уақыты келіп, теңіз астынан шыққан айғыр жағалауда жүрген бие үйірінің ішінен ең болмағанда біреуімен жақындасу­ға тиіс. Нәтижесінде, суын айғыр­мен жақындасқан биелерді басқа жылқылардан бөлек бағып, уақыты жеткенде қанатты тұлпар, сәйгүлік болатын құлындарға ие болады екен».

Суын жайлы аңыз-әңгімелер сонымен қатар Каспий теңізі жа­ғалауындағы түрікмен, әзербайжан халықтарының мифологиясында да бар. Түрікмендер өздерінің атақ­ты ақалтеке сәйгүлігін суынның тұқымы деп біледі. Теңізден шығатын жылқылар сондай-ақ үнді, парсы, түрік, грузин, армян, қалмақ, башқұрт аңыздарында да кездеседі.

Қазақ танымында жылқы – күш-қайрат, батылдық, ұмтылыстың бей­несі. Сол себепті жылқы жылында жаңа ұмтылыстарға жол ашылады деп сенеміз. Жаңа жыл тынымсыз қозғалысқа, тың ізденіске толы жыл болғай!

Соңғы жаңалықтар

Бүгін республика бойынша қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:35

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Цифрлық дәуірдегі мүмкіндіктер

Digital • Бүгін, 09:10

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Күнімхан әженің қыл шылбыры

Мирас • Бүгін, 08:40

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Мерекелік мәзір: Бағынбайтын баға, тарылмайтын пейіл

Экономика • Бүгін, 08:25

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Адам капиталы – елді сапаландыратын негіз

Қоғам • Бүгін, 08:15

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:243
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 09:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары