Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Жылқы көбейсе ел ырысы

Жылқы көбейсе ел ырысы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Халқымыздың танымында Қамбар ата тұқымы ғасырлар бойы бай­лықтың өлшемі болып қана қоймай, көшпелі тіршіліктің сенімді сері­гіне айналды. Бүгінде де жылқы шаруа­шылығының әлеуеті жоғары, ол – әрі көлік, әрі азық, сонымен қа­тар экономикалық маңызы артып отырған табысты сала.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Қазақ даласында жылқы өсірудің кең таралғанын тарихи деректер айқын көрсетеді. Мәселен, ХІХ ғасырда өлкеде 20 миллионға жуық жыл­қы болғаны айтылады. 1880 жылдары бір ғана Орынбор өңірі­нің өзінде 1,8 миллион бас тіркелсе, ХХ ғасырдың басында бұл көрсет­кіш 8 миллионнан асқан. Алай­да кеңестік кезеңдегі ұжымдасты­ру науқаны түлік санына ауыр соқ­қы болды. 1928 жылы елде 4,5 мил­лион­нан астам жылқы болса, 1939 жылғы санақта небәрі 300 мыңға дейін күрт азайғаны тарихи деректерде көрсетілген.

Бүгінде БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мәліметінше, әлемде 57 миллионнан астам жылқы бар. Соның 10 миллионнан астамы АҚШ-та шоғырланған. Жылқы өсіруден алдыңғы қатарда Қытай мен Моңғолия да бар. Кейінгі жылдары Қазақстан да бұл бағытта ілгерілеп, жылқы саны бойынша алғашқы ондыққа енді.

Ауыл шаруашылығында ең­бек өнімділігін арттырып, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ба­ғытталған мемлекеттік саясат тұр­ғысынан жылқы шаруашы­лы­ғын дамыту айрықша мәнге ие. Бұл бағытта асылтұқымды мал санын көбейтіп қана қоймай, оның өнімділігін арттыру, се­лекциялық жұмысты жүйелі жол­ға қою – негізгі міндеттердің бірі.

Жылқы шаруашылығының ерекшелігі – оны сырттан әкеліп жер­сіндірудің қажеті жоқ. Ел аума­ғындағы әртүрлі табиғи аймақтарға бейімделген жергілікті тұқымдар мен атадан қалған үйірлі өсіру тәжірибесі бар. Ендігі міндет – осы әлеуетті заманауи технологиямен ұштастырып, саланың тиімділігін арттыру.

Мал асылдандырудағы негізгі тетіктің бірі – аталық іздер ар­қы­лы өсіру. Себебі селек­ция заңды­лықтарына сәйкес, адамға қажет пайдалы қасиеттердің берілуі көбіне аталық мал арқылы ны­ғая­ды. Демек, тұқым­ның генетика­лық әлеуеті айғыр сапасына тіке­лей тәуелді. Практикада ондаған, тіпті жүздеген айғырдың ішінен ең үздігі ғана іріктеледі. Осындай таңдаулы өндірушілердің ұрпа­ғы негізінде жоғары өнімді ата­лық іздер қалыптасады. Уақыт өте келе олардан зауыт­тық және тұқымішілік типтер дамып, соның нәти­жесінде жаңа тұқымдардың негізі қаланады.

Еліміздегі «Мал шаруашылы­ғы ғылыми-зерттеу институты» құрылған 1933 жылдан бері өнімді, яғни етті-сүтті бағыттағы жыл­қы шаруашылығында 66 селекция­лық жетістік өндіріске енді. Осы­лай жылқының 3 жаңа тұқымы, ­8 тұқымішілік, 10 зауыттық типі ­мен 45 зауыттық аталық іздері жыл­қы шаруашылығының тектік қо­рын молайтты. Бұл селекциялық жетіс­тіктерге «Қазақ мал шаруашылығы ғы­лыми-зерттеу институты» қыз­меткерлері қомақты үлес қос­ты. Аталған саладағы жетіс­тіктердің жалпы санының 53%-ы – осы ұйымның үлесіне тиесілі.

Кеңес одағына дейін әлемдік тәжірибеде етті-сүтті бағыттағы арнайы мамандырылған жылқы тұқымдары болған емес. Көптеген елде негізінен салт мінетін, желісті тұқымдар мен ауыр жүк тартатын жылқылар өсірілді. Кей мемлекеттерде, әсіресе бұрынғы одақ құ­рамындағы республикаларда, ор­ман, дала мен таулы жерлерге бейімделген жергілікті тұқымдар өсірілді.

Өткен ғасырдың 30-жылда­ры жылқы шаруа­шылығын да­мы­­ту барысында еліміздің аума­ғында табынды жылқы зауыттары ұйым­дас­тырылды. Бұл зауыттарда аналық топ жер­гі­лікті тұқымдардың ең таңдаулы биелерімен толықты. Дегенмен жергілікті биелердің бойы аласалау, бітімі олқы болғандықтан іріктеу барысында жарамсыз деп танылатын. Сондықтан табынды жылқы зауыттарында аналық топтарды қалыптастыруға асылтұқымды айғырларды пайдала­ну арқылы талапқа сай келетін бу­дан аналықтар алу жолы таңдал­ды. Алғашында орлов және орыс же­лісті тұқымдарының айғырла­ры қолданылғанымен, будан жыл­қылар атты әскерге сай мініс аттарға қойылатын талап үдесінен шыға алмады. Осыған байланыс-ты аналық топтар таза қанды айғырлармен, жартылай қанды будандармен шағылыстырылды.

Будандастыру тәжірибесі көр­сеткендей, жылқыларды жайы­лымда бағу жағдайында жақ­сар­тушы тұқым қанының үлесі арт­қан сайын будандардың дене бітімі әлсіреп, далалық өрісте жа­йылу мен төл беру қасиетінің тө­мен­дегені байқалды. Осы кем­шіліктерді түзету мақсатында табынды жылқы зауыттарында дон тұқы­мы­ның айғырлары қолданыла бастады.

Күрделі қайта будандастыру, атты әскерге лайық жылқылар­ды қатаң сұрыптау, жарамды типтегі будандарды «өз төлінен» өсіру оң нәтиже берді. Будандар табын жағдайында еркін өсіп-жетіліп, жұмысқа қабілетті болып, дене бітімі мен сырт тұрпатына қарай салт міністі, арбаға, әскери көлікке жегуге арналған зауыттық жылқыларға сай келді.

Өткен ғасырдың 50-жылда­ры атты әскердің құрылым ретін­де таратылуы жылқыны жұ­мыс малы ретінде пайдалану қажет­тілігі азайды да селекция бағыты өзгеріске ұшырады. Сонымен ғалым-селекционерлерге жылқы шаруашылығын етті-сүтті ету ба­ғытында дамыту міндеті жүктелді.

Жаңа тұқымды шығару жұ­мыс­ы  Орал мен Ақтөбе өңірлерінде қолға алынып, мұндағы зауыттарда жүргізіліп келген селек­циялық жұмыс әрі қарай жалғасын тапты.

Тұқымдық топтағы жылқы­ларды жетілдіру жұмысы 1976 жылғы 15 сәуірде жаңа белеске көтерілді. Дәл осы күні елімізде өнімді бағыттағы жаңа жылқы тұқымы ресми түрде танылды. Кеңес одағы Ауыл шаруашылы­ғы министрлігінің бұйрығымен Қазақстанда шығарылған «Кө­шім» тұқымы селекциялық жетіс­тік ретінде бекітілді. Бұл – әлем­дік жылқы шаруашылығы тари­хындағы елеулі оқиғалардың бірі.

Аталған тұқымды шығарған ғалымдар көпжылдық еңбегінің нәтижесінде 1980 жылы «Көшім» ет-сүт бағытындағы жаңа жылқы тұқымын жасап, оны өндірісте тиімді қолданғаны үшін ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Көшім тұқымының артық­шы­лығы, етті келеді, салмағы да жо­ғары. Бұл тұқым негізгі, шом­бал және салт міністі деп үш типке жіктеледі. Негізгі тип­тегі жылқыларға тән басты бел­гілер: дене бітімінің ірілігі, кон­с­титуциясының мықтылығы, бұл­шық еттерінің жақсы дамуы мен жыл бойы тебіндеп жайылуға тө­зімділігі.

Шомбал типтегілер – денесі ірі, тұрқы ұзын, көкірегі кең әрі кеудесі терең, етті пішіні айқын дамыған жылқылар. Үйір ұстаған «Марш» айғырының толысқан кезіндегі  таза салмағы рекорд­тық 711 кг-ге жетті. Шомбал типтегі жылқылар үйірде ұстауға, далалық қуаң аймақтың қатаң климатына бейім болып келеді.

Көшім тұқымын жетілдіру жұмысы зауыттық аталық із негі­зінде «таза тұқым өсіру» әдісімен жүргізіліп жатыр. Кейінгі жылдары отандық ғалымдардың үй­лес­тіруімен көшім тұқымының «Жанақала», «Мамыр – Ақтөбе» мен «Жәнібек» тұқымішілік тип­тері апробациядан өтті.

Көшім жылқысын өсірумен не­гізінен Ақтөбе мен Батыс Қазақ­стан облыстарының мал шаруа­шылықтары айналысады. Қазір тұқымның таралу аймағы кеңейді, бүгінде оны Атырау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы мен Жетісу облыстарының шаруашылық құрылымдары өсіре бастады.

Өкінішке қарай, жекеше­лен­­діру науқаны кезінде кө­шім жылқыларының саны күрт тө­­мендеді. Статистика дерек­те­­ріне сүйнесек, 1990 жылғы 1 қаң­­тарда республикадағы шаруа­шылықтардың барлық санатында көшім тұқымының 56 844 бас жылқысы болған, оның ішінде 9 679 таза тұқымды, ал таза тұқымды биелер 3 162 бас еді. Ал бүгінде Республикалық асылтұқымды мал тізілімінде 2025 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 7 045 көшім жылқысы тіркелген, оның ішінде биелер 4 992 бас. Яғни тұқым саны бұ­рынғы деңгеймен салыстырғанда 8 есе азайған.

Кейінгі жылдары елімізде жыл­қы шаруа­шылығы қайта жанданып, оның саны артып, бүгінде 5 миллион басқа жуықтады. Жыл­қы өнімдерінің өндірісі мен сатылымы да артып келеді. Саумал-терапия мен иппотерапияға қызығушылық күшейіп, ат туризмі мен атқа салт міну қызметтері де дамып келеді.

Заман талабына сай алдағы уақытта ғылым мен өндіріс алдында сапалық тұрғыдан жаңа сатыға көтерілу, яғни жылқының «мәрмәр» етін өндірудің тиімді жолын қалыптастыру өзекті мәселе болмақ. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мамандандырылған жылқы тұқымдарынан алынатын, жылқы етін өндіретін, әртүрлі технологиялық әдістері ескерілген, қосымша құны жоғары, терең өңделген жылқы өнімдерінің мемлекеттік стандарттарын дайын­дау керек.

Әрине, нарыққа жылқы етін жыл бойы тұрақты ұсыну үшін арнайы жылқы бордақылайтын жүйенің қалыптасуы шарт, сонда ғана далада жайылып жүрген мал­ды мезгілінде бордақылауға қо­йып, олардан сапалы ет өнімін алу­ға болады. Жүзеге асырылатын осы қарапайым шаруалар нарық талабымен шектеліп қалмай, мемлекет тарапынан пәрменді қолдау тапса ғана жылқы етінің артықшылығы ел игілігіне айналмақ.

«Жылқы малы көбейсе, ел­дің ырысы артады» дейді. Елі­міз­де жергілікті қазақы жабы жыл­­қысының негізінде етті-сүт­­ті бағыттағы Көшім мен Мұ­ғал­­жар тұқымдарын барын­­ша қар­қынды өсіріп, Қостанай мен Адай тұқымдарын дамытуға пәрмен берілсе, жылқы шаруашылығының әлеуеті артып, ел игілігіне қосар үлесі қомақты болары сөзсіз.

Айбын ТӨРЕХАН,

Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор 

Соңғы жаңалықтар

Жазатайым оқиға азаймай тұр

Мәселе • Бүгін, 09:00

Нұртілеу турнирі мәресіне жетті

Спорт • Бүгін, 08:57

Кәсіптік оқыту платформасына сұраныс

Білім • Бүгін, 08:55

Айтыс саңлағы

Руханият • Бүгін, 08:53

Шикізаттан дайын өнімге: Экономиканың жаңа моделі

Экономика • Бүгін, 08:50

Әдебиеттің бүгінгі бағдары сараланды

Руханият • Бүгін, 08:48

Жанармай нарығы: Баға қалыптастырудың басты тетігі

Баға • Бүгін, 08:45

Өндіріс дамуының өзегі

Өндіріс • Бүгін, 08:43

Шығыны аз, шығымы мол

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Ғарифолла Әнес мұрасы

Ғылым • Бүгін, 08:38

Тауар мен таңба

Экономика • Бүгін, 08:35

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

Ғылым • Бүгін, 08:33

Электромобиль күдікті ойды сейілте ме?

Сараптама • Бүгін, 08:30

Жауапты ұрпақтың жасампаз қадамы

Жастар • Бүгін, 08:28

Ауылдың Жұлдызы

Қоғам • Бүгін, 08:23

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Сәуір 2026 09:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see144

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see141

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see134

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see129

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see127

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see119

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see117

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see117

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see116

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see116

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see115

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see115

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see115

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see114

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see113

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see113

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see113

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары