Жылу беру маусымына дайындық: Қазақстанда 19 млн тонна көмір тасымалданды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Жаңа жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталғаннан бері, яғни 2026 жылдың 1 мамырынан 17 тамызға дейін республика бойынша теміржол көлігімен 19 млн тонна көмір тасымалданды.
"Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен бірдей деңгейде. Оның ішінде 17,8 млн тонна еліміздің жылу электр орталықтарын қамтамасыз етуге, тағы 1,2 млн тонна коммуналдық-тұрмыстық секторға жөнелтілді", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта өңірлерде қатты отынның қажетті қоры қалыптастырылды. Коммуналдық-тұрмыстық секторда 300 мың тоннадан астам көмір, ал еліміздің жылу электр орталықтарында 4,1 млн тонна көмір жинақталды.
Алдағы жылу беру маусымында көмірді тұрақты әрі уақтылы тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар кешені іске асырылы жатыр, дейді министрлікте.
Ресми мәліметке сәйкем, қажетті тасымалдау көлемдерін қамтамасыз ету үшін "Қазтеміртранс" АҚ 29 мың жартылай вагонға ие. Қолда бар вагон паркі жылу электр орталықтарына, коммуналдық-тұрмыстық секторға және өнеркәсіптік тұтынушыларға қатты отынды тасымалдау қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:85
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Тамыз 2026 15:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















