Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Жылыой ауданы құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы әкімдікпен соттасып жатыр

Жылыой ауданы құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы әкімдікпен соттасып жатыр

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жылыой аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысының бұрынғы бөлім басшысы Қазбек Ағыраев бірнеше айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай, сергелдеңде жүр. Соттың шешімімен жұмысына әлі орналаспаған. 

Түрлі заңсыздықтарға бей-жай қарамаған бөлім басшысы сотқа жүгінген. Онда Қ. Ағыраев өкімдердің күшін жою, өз қызметіне қайта орналасу, лажсыз бос жүрген күндері үшін еңбекақы және үш айлық сыйақыны, моральдық залал мен өкіл көмегіне жүгінген ақшаны өндіру жөнінде Жылыой аудандық сотына талап арыз түсірген. 

17 маусым күні болған сотта анықталғандай, 2025 жылдың 30 қыркүйегінде №21 өкімімен Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов бөлім басшысына "қызметке толық сәйкес емес" деген ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданған. Алайда аталған шешіммен келіспеген Қ. Ағыраев ҚР Мемлекттік істер агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментіне (бұдан әрі департамент) шағым түсіреді. Департамент 2025 жылдың 8 желтоқсанында Ағыраевқа қатысты тәртіптік істі қарау кезінде заңның және қағидалардың өрескел бұзылғанын, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берілмегенін анықтап, аудан әкімі Ж. Қаражановқа анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау, №21 өкімінің күшін жойып, еңбек демалысын уақытылы беру жөнінде шаралар қабылдап және заңнаманы қатаң сақтау жөнінде ұсыныс береді. Бірақ өкімнің күшін жоюды аудан әкімі орындамайды. Аталған ұсыныс орындалмағандықтан Департамент Атырау облысы әкімдігі аппаратына хат жолдайды. Облыс әкімінің аппараты актыны қабылдаған аудан әкімі болғандықтан оның күшін жою мүмкін емесін хабарлаған. 

Сотта Ағыраевтың өкілі Р. Атчибаева 2025 жылдың қорытындысымен функционалдық міндеттерді тиімді атқарған жергілікті атқарушы орган басшыларына бюджет қаражатын үнемдеу арқылы берілетін сыйақы басқаларға берілгенін, ал Ағыраев алмағанын атап өтті. 

Осы жылдың ақпан айында әкімдік бөлімге тексеріс жүргізген. Ал 2-ші наурызда аудан әкімінің аппараты жанындағы комиссия Ағыраевтың "қызметке толық сәйкес емес" деген ескерту түріндегі тәртіптік жаза барын алға тартып, аудан әкімдігіне ұсыныс береді. 2026 жылдың 13 сәуірінде сол кездегі аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Нұрланов №7-к өкімімен Ағыраевты мемлекеттік қызметтен шығарып тастайды. Сол кезде ғана барып амалсыздан Ағыраев сотқа жүгінеді. 

Сотта судьядан жауапкер өкілдері А. Арыстанғалиева мен А. Теміржанов алдыңғы сот отырысында қойылған талаптарды мойындамай, қарсы пікірдегі уәждерін қолдап, қанағаттандырудан бас тартуын сұрайды. Ал Департамент өкілі Д.Китенбаева сотта жауапкердің талап қоюшыға тәртіптік жаза қолдану кезінде заңнама талаптары өрескел бұзылуына байланысты өкімдерді заңсыз деп танып, күшін жоюды және Ағыраевты бұрынғы жұмысына қайта орналастыру керектігін айтады. Прокурор А. Мұқанова да жауапкер тарапынан жол берілген заң бұзушылықтар негізінде қолданылған тәртіптік жазаның заңсыз екенін атап өтті. 

Қорытындысында судья Қ. Аязов талап қоюшы Қ. Ағыраевтың талап арызы ішінара қанағаттандырылуға жататынын мәлімдеді. Судья жауапкер аудан әкімі Ж.Қаражановтың 2025 жылғы 30 қыркүйектегі Ағыраевқа тәртіптік жаза қолдану жөніндегі №21 өкімі мен 2026 жылғы 13 сәуірдегі 7-к "жұмыстан босату" жөніндегі өкімдерін заңсыз деп танып, күшін жоюды, оны  қайтадан аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы етіп орналастырылсын деген шешімін шығарады. Сондай-ақ жұмыстан заңсыз шыққан күндеріндегі 972 мың теңге жалақысын өндіру, сыйақы сомасы 1 млн 227 мың теңгені өндіруге жататынын айтты. Сот шешімінде қызметіне қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген кездегі жалақысын өндіру бөліктері дереу орындалуға жатады делінген. 

- Бірақ сот шешімін аудан әкімі орындамай отыр. Жалпы ҚР Еңбек кодексінің 161 бабы 2-ші тармағына сәйкес, соттың жұмыскерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға жатады. Сонымен бірге Азаматтық процестік кодесінің 243 бабының 2,3 тармақтары негізінде қызметкерді жұмысқа қайта орналастыру туралы және үш айдан аспайтын жалақыны алып беру туралы шешімдер дереу орындалуы тиіс, - дейді талапкер өкілі Раушан Атчибаева. 

Ал Жылыой аудандық сотының төрағасы Мұратқали Икласов сот шешімінің күшіне енбегенін, аудан әкімінен аппеляциялық шағым түскенін айтты. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Кеше, 17:55

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 02:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары