Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Премьер министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды

Алматыда көше ұзарту жұмыстарына байланысты кей аудандарда газ беру тоқтатылады

Перизат Қайраттың Mercedes і полицияға берілді жаңа мәліметтер

Қала көркіне айналмақ эко парк

“Аулаға кіреберіс жабық болды, аула көліктерге толы еді“ Астана ТЖД үш бала қаза тапқан үй туралы

Бішкекте өткен Азия чемпионатында Азамат Дәулетбеков күрестен қола жүлде алды

Мажартстанда Орбанның 16 жылдық билігіне нүкте қойылуы мүмкін

44 елден 10 000 нан астам қатысушы: Almaty Half Marathon 19 сәуірде өтеді

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық

Шымкентте 28 тінту жүргізіліп, ондаған паспорт тәркіленді: қылмыстық схема әшкереленді

Семейде арыстанға тас лақтырған адамдар іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

Ұлттық қорғаныс университеті 1,9 млрд теңгелік 22 жобаны жүзеге асырды

Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр

Мопед тізгіндегенде нені білу қажет полиция ескерту жасады

БАӘ де ЖИ арқылы ишара тілін аударып беретін қосымша жасалды

Қар жауып, аяз жүреді ауа райы болжамы

Екі сәби ТЖМ нің авиациясымен Қостанайға шұғыл жеткізілді

Қазақстанның үш ірі қаласында жел күшейіп, жаңбыр мен үсік күтіледі

Педагогтерді аттестаттау жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Өскеменде үш күн қатарынан сол жағалаудағы мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды

Жыраудың елі туралы Дехоти не жазды?

Жыраудың елі туралы Дехоти не жазды?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

1946 жылы Тәжікстанның «Нашриети Давлатии Точикистон» баспасы XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл жыраудың жыр жинағын жарыққа шығарған. Сол жинаққа тәжіктің белгілі қаламгері Абдусалом Дехотидің «Дар диери Чамбул» («Жамбыл елінде») атты жолсапар очеркі де еніпті. Бүгінгі әңгімеміз қазақ жеріне қонаққа келген тәжік қаламгерінің осы жазбасы хақында болмақ.

Біз сөз етіп отырған жинаққа Жамбыл Жабаевтың айтуымен қағазға түскен бәрімізге белгілі «Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы ақпан айы екен. Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей адам болған» деп басталатын өмірбаяны еніпті. Ол өмірбаян барша жұртқа белгілі болғандықтан да сөзді соз­бай, тікелей Абдусалом Дехотидің жазбасына көшелік.

1911 жылы 14 наурызда Самарқанд қаласының маңында дүниеге келген, алғашқы туындылары 1929 жылы жарық көріп, ұзақ жыл бойы тәжік әдебиетіне олжа салған, тәжік фольклорының білгірі Абдусалом Дехоти 1940 жылы қағазға түскен очеркін: «Тарихта бір заңдылық бар, кез келген мемлекет, қала, елді мекен немесе халықты сипаттағанда, сол жерден шыққан белгілі бір тұлғалардың (ғалымдар, қаһармандар, әдебиетшілер, ақын-жазушылар және т.б.) есімдері қоса айтылады. Олар сол халықтың баласы болып, дүниеге келіп, ерлігі мен еңбегімен даңққа бөленіп, ақырында оның есімі елдің атымен біте қайнасып кетеді. Мәселен, егер Хучандты (қазіргі Худжанд қаласы) атаса, міндетті түрде XІІ ғасырдағы атақты тәжік ақыны Камолиддин Масьуди Хучанди есімі ойға оралады. (Камолиддин Масьуди Хужанди халыққа «Шайх Камол» деген атпен танылған. Бұл ақынның қазаққа да қатысы бар. Мәселен, Тоқтамыс ханның шапқыншылығы кезінде ол басқа тұтқындармен бірге Сарайшық қаласына айдалып, төрт (кей деректе он бір) жыл сонда өмір сүрді. Ол жылдарды Камол Отанын, ондағы достарын сағынып өшпес жырларын жазды. Қ.Б) Сол сияқты, біз «Жамбыл елі» дегенде, ойымызға бірден Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы келеді. Шындығында да солай, «Жамбыл» деген есімді естігенде қазақ халқының жүрек соғысын сеземіз, бүкіл Қазақстан елін танығандай боламыз. Көз алдымызда жүрегі мейірімге толы, тағдырдың талай теперішін көрген 95 жастағы ақсақалды қария, қарт ақын Жамбыл Жабаевтың бейнесі келеді».

Дехоти жазғандай кеңестік кезеңде Жамбылдың есімі Қазақстан атауымен тел аталғанын дәлелдейтін мысалдар көп. Соның бірі – қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің естелігі. «Әуезов 1957 жылы кеңес жазушылары делегациясының құрамында Үндістанға барып келді. Келген соң бізге сол сапары туралы қызықты әңгімесін айтып берді. «Менің «Абай жолы» романым урду, хинди тілдеріне аударылған екен. Менің романымды да, аты-жөнімді де біліп жатыр, бірақ ұлтымды білмейді екен. Жерімді де, суымды да, тауымды да айттым, бәрібір білмеді. Бірде Үнді парламентінде кездесу болды. Сол жерде бір парламент депутаты Жамбылдың «Ленин мавзолейінде» деген өлеңін жатқа айтты. Мен орнымнан тұрып: «Жаңа ғана өлеңін оқыған Жамбылдың елінің адамымын, сол кісінің ұрпағымын», дедім. Сол кезде бүкіл парламент орнынан тұрып, ұзақ қол соқты. Біз ғой Жамбылды ұлы ақын, осы заманның Гомері дейміз. Сөйтсек, Жамбыл қазақ халқының пас­портына айналған кісі екен» деп айтты Әуезов», деп жазады әдебиеттанушы Мырзатай Жолдасбеков.

Дехотидің жазбасымен Мырзатай Жолдасбековтің аузымен айтылған Әуезовтің естелігі үндеседі. Осылай кеңес­тік дәуірде өз өмірін жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға, әділеттілік пен патриотизмді дәріптеуге арнаған Жамбылдың мұрасы қазақ халқының өмір тарихының нақты көрінісіндей, ұлттың атымен ақын есімі ортақ құндылыққа айналып кетті. Жамбыл шығармашылығы кешегі қызыл өкіметтің тұсында ғана емес, бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймауы, жыр алыбының өлеңдері әлі күнге қазақ қана емес, шетелдік әдебиеттанушылардың да зерттеу нысаны болып келе жатқаны, ақынның шығармалары әлемнің 50-ден астам тіліне аударылуы осы сөзіміздің растығын білдірсе керек.

Тәжік қаламгері Дехоти: «Біз мінген пойыз Арыс стансасынан өтіп, кең-бай­тақ далаға қарай бет алды. Пойыздың терезесінен қараған сайын, ұлан-ғайыр кең атырап көкжиекпен ұласып кеткендей көрінді. Әлемде көз жетер жерге дейін созылған шексіз дала мен көкжиек қана бардай сезілді. Әр тұстан әр қыратта киіз үйлер (қоныстар) көзге шалынып, сол киіз үйлердің маңындағы қой-ешкі, сиыр мен жылқылар жайылып жүр. Нөсер жаңбыр жауып ашылғандықтан болар, жер беті жасыл кілем төсеп қойғандай құлпырып тұр. Қазір күз болғанымен, көктемнің алғашқы күндері секілді табиғаттың реңі керемет.

Темір жолдың ірі стансаларына жақын­дағанда өндірістік аудандар мен электр стансалары көрініп, бүкіл даланың көркін өзгертіп жібереді екен. Жүйткіп зымырап бара жатқан пойыздың терезесінен қарасаң, айналада бір-біріне жалғасқан жасыл жолақ секілді. Сол жолақтар бір-бірімен жарысып келе жатқандай көрінді. Кейбір вагондардан шат көңілді ән айтылып жатқанын естідім. Қазақстанға сапар шеккен сайын, менің көзім бір ақиқатқа жеткендей болады. Біздің Отанымыздың кеңдігі мен шексіздігін бұрынғыдан да айқынырақ сезінемін. «Қазақтың ұлан-ғайыр жеріне Еуропаның бірнеше үлкен елі сыйып кетеді» деген сөздің растығына сенбеске амал жоқ», дейді естелігінде.

Тәжік қаламгерінің 1940 жылы қазақ даласына келгендегі әсерлі жазбасынан соғыс басталмай тұрған кезеңнің суреттері көз алдымызға елестейді. Дехоти тұтас бір халықтың болмысын сырт көзбен танып, ішкі түйсікпен қабылдауға ұмтылады. Жазбаның әрбір жолынан оның шынайы таңданысы мен тебіренісін, табиғат пен халықтың үйлесімін байқайсыз. Десе де, қаламгердің көз алдынан сырғып өтетін қазақ даласы ұлан-ғайыр кең атырап, көкжиекпен ұласқан шексіздікке және «Әлемде көз жетер жерге дейін созылған шексіз дала мен көкжиек қана бардай сезілді» деген жолдарға басқаша көзқараспен қарауға да болатындай. Дехоти қазақ даласына ұлтымыздың басына нәубет төндірген ашаршылық пен жаппай қуғын-сүргіннен кейін келіп отыр. Оның шексіз дала мен көкжиекті ғана көруі сол ашаршылықтың зардабы екенін іштей сезесіз. Десе де, тәжік қаламгері жазбасында табиғат көрінісін ерекше шабытпен суреттейді. Жаңбырдан кейін құлпырып кеткен күзгі дала, әр қыраттағы киіз үйлер мен жайылған мал – барлығы поэтикалық сипатта әңгімеленеді. Қаламгердің бұл табиғат пен тұрмыс үндестігін тек сырттай бақылап қана қоймай, жүрекпен түйсінгенін аңғаруға болады.

Автор аталған мақалада Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 20 жылды­ғы мен Қазан төңкерісінің 23 жылдық мерекесін Алматы қаласында қалай атап өткені туралы баяндайды. Қарашаның қоңыр салқын кешінде басталған бұл сапар мерекелік көңіл күймен өрбіп, Қазақстанның астанасындағы ерекше оқиғалармен жалғасқанын көреміз. Осы атаулы мерекелер аясында Алматыда үлкен думан ұйымдастырылып, оған тек қазақ халқы ғана емес, сондай-ақ одақтас республикалардың түрлі ұлт өкіл­дері, орыстар, украиндар, белорус­тар, әзербайжандар, грузиндер, қырғыз­дар, өзбектер, тәжіктер, татарлар және тағы басқа бауырлас халықтар қатысқан. Әрине, жазушы бұл көріністерді кеңес өкіметі кезеңіндегі ұлттар достығы идея­сын көрсету мақсатында сипаттағаны анық. Сонымен қатар Латвиядан келген қонақтардың ерекше қошеметпен қарсы алынғаны мен барлық құттықтаушылар сол дәуірдің саяси тұлғасы Сталиннің есімін зор құрметпен атап, оның еңбектеріне мақтау айтқанынан кеңестік дәуірге тән жеке басқа табынудың көріністерін көруге болады.

Дехоти Қазақ Республикасының 20 жыл ішінде қол жеткізген табыстарын мақтанышпен баяндап, бұл оқиғаны ел үшін үлкен тарихи кезең ретінде көрсетеді. 8 қараша күні ұйымдастырылған ұлттық спорттық ойындар, әсіресе бәйге мен «қыз қуу» көрінісі арқылы қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін кеңінен та­ныстырған. Бәйгеде тұлпарлардың жарысы, шабандоздардың өнері мен ат үстіндегі шеберліктері ел назарын аударады. «Қыз қуу» ойыны кезінде көрермендердің қыз бен жігітті «қалыңдық» пен «күйеу» деп атап, олардың жарысына қызыға қарауы тәжік қаламгерін таңғалдырған. Содан да болар, Дехоти қазақ қыздарының бұрынғы қоғамдағы жағдайын айтып, кеңестік кезеңге дейін қазақ әйелдерінің езгіде болғанын алға тартып, олардың Қазан төңкерісінен кейін еркіндікке, теңдікке жеткенін ерекше мақтанышпен көрсетеді. Қыз баланың ат спорты жарысында ерлермен тең өнер көрсетуін осы­ның нақты дәлелі ретінде береді. Шабандоз қыздың шеберлігіне Орталық Азия әскери бөлімдерінің қолбасшысы, генерал-ма­йор Апанасенконың өзі жоғары баға беруі де осы ойды күшейте түседі. Десе де, автор бұл жерде қызылдар билікке келмей тұ­рып та қазақ халқы ықылым заманнан қыз баласына ерекше құрмет көрсетіп, тө­рінен орын бергенін, қыз қуу ойынының санғасырлық тарихы бар екенін айтпаған.

«9 қараша күні таңертең «ЗИС» көлігі бізді Алматы қаласынан алып шығып, ұзақ жолға түсті. 75-76 шақырым жол жүр­геннен соң, қарлы таулардың бөктеріндегі жаңа ауылға жеттік. Көлік әсем әрі сәу­летті бір үйдің алдына тоқтады. Бұл қазақ хал­қының аты аңызға айналған ақыны Жамбыл Жабаевтың үйі еді. Үйді Қазақ­стан партиясы мен үкіметі ақын үшін арнайы салып беріпті. Сол үйге КСРО-ның бауырлас елдерінен келген қырыққа жуық өкілі қарт шайырдың қонағы болдық. Қарт жыр­шы қонақтарының бәрін жайдары жүз­бен қарсы алып, оларды құшақ жая қошеметтеді».

Дехотидің Ұзынағаштағы Жамбылдың үйіне келген сәті тым әсерлі. Оған себеп, үкімет қарт ақынды қартайған ша­ғында Алматыға көшіріп алмақ бол­ған. Сонда ұлы ақын: «Мені көшіріп қайте­сіңдер? Қаласаңдар Алматыға өзім барып тұрармын, мені осы Ұзынағаштан қозға­маңдар. Осы топырақтан жаралғам. Жат­қан жерім де осы топыраққа бұйырсын» деген. 1938 жылы Жамбыл ақынның ақын­дық өнерге келгенінің 75 жылдығы тойланады. Осы мерейтойға орай, үкімет ақынға 12 бөлмелі үй салып беріп, астына МК М1 маркалы машина мінгізеді. Сол заманда ондай автокөлік Қазақстанда тек алты-ақ адамда болған. Жәкең солардың бірі болып шыға келеді.

Жамбыл Жабаев туралы Абдусалом Дехотидің естелігі мен тәжік ақыны Мырза Тұрсынзаданың араға отыз жыл салып Жамбылдың туғанына 125 жыл толуына арналған кеште сөйлеген сөзі арасында үндестік бар. Мырза Тұрсынзада: «Қазақ халқы ұлы жыршы Жамбылды дүниеге келтірді. Оның өлеңдерін оқы­ған кезде көз алдыңа Алатау елестейді. Жамбылдың ­поэзиясы ғасырлар бойы жасайды, әрқашан да өлмейді. Ең биік шың – адамның жаны, адамның жүрегі, Жамбыл өзінің поэзиясымен бұл шыңға жол таба білді және бұл шыңды бағындырды», деген еді. Бүгінгінің көзімен қарасақ, қанша уақыт өтсе де осы үндестіктің жібі үзілмеуі керек сияқты. 

Соңғы жаңалықтар

Тежеу мен демеу

Ғылым • Бүгін, 08:45

Сахна шымылдығы түрілген күн

Театр • Бүгін, 08:43

Өмір мен өлім арбасқан алты сағат

Медицина • Бүгін, 08:40

Ғалым еңбегімен беделді

Тұлға • Бүгін, 08:38

Құрылыс кодексі: ең алдымен – халық мүддесі

Құрылыс • Бүгін, 08:35

Көшке қамшы басар кез келді!

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт театрының тұңғыш қойылымы

Мәдениет • Бүгін, 08:25

Автокөлік өндірісінде өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:22

Көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі арта түсті

Экономика • Бүгін, 08:20

Білікке негізделген жаңарудың өлшемі

Пікір • Бүгін, 08:15

33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Инфографика • Бүгін, 08:10

Әлеуметтік мәселелерге басымдық берілді

Саясат • Бүгін, 08:05

Экономикаға байыпты көзқарас керек

Саясат • Бүгін, 08:00

Жергілікті кәсіпкерлер ұсынысы назарға алынады

Саясат • Бүгін, 07:55

Ерекше бақылаудағы мәселелер

Саясат • Бүгін, 07:50

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 08:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Премьер министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды

13 Сәуір 2026 13:06see116

Алматыда көше ұзарту жұмыстарына байланысты кей аудандарда газ беру тоқтатылады

13 Сәуір 2026 12:36see115

Перизат Қайраттың Mercedes і полицияға берілді жаңа мәліметтер

13 Сәуір 2026 15:08see113

Қала көркіне айналмақ эко парк

12 Сәуір 2026 14:03see113

“Аулаға кіреберіс жабық болды, аула көліктерге толы еді“ Астана ТЖД үш бала қаза тапқан үй туралы

12 Сәуір 2026 16:17see112

Бішкекте өткен Азия чемпионатында Азамат Дәулетбеков күрестен қола жүлде алды

12 Сәуір 2026 17:50see112

Мажартстанда Орбанның 16 жылдық билігіне нүкте қойылуы мүмкін

12 Сәуір 2026 05:47see111

44 елден 10 000 нан астам қатысушы: Almaty Half Marathon 19 сәуірде өтеді

13 Сәуір 2026 14:46see111

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық

12 Сәуір 2026 17:50see111

Шымкентте 28 тінту жүргізіліп, ондаған паспорт тәркіленді: қылмыстық схема әшкереленді

13 Сәуір 2026 09:25see111

Семейде арыстанға тас лақтырған адамдар іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

12 Сәуір 2026 15:13see110

Ұлттық қорғаныс университеті 1,9 млрд теңгелік 22 жобаны жүзеге асырды

12 Сәуір 2026 17:50see109

Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр

13 Сәуір 2026 18:12see109

Мопед тізгіндегенде нені білу қажет полиция ескерту жасады

12 Сәуір 2026 14:41see108

БАӘ де ЖИ арқылы ишара тілін аударып беретін қосымша жасалды

12 Сәуір 2026 11:17see108

Қар жауып, аяз жүреді ауа райы болжамы

13 Сәуір 2026 13:51see107

Екі сәби ТЖМ нің авиациясымен Қостанайға шұғыл жеткізілді

12 Сәуір 2026 21:30see106

Қазақстанның үш ірі қаласында жел күшейіп, жаңбыр мен үсік күтіледі

13 Сәуір 2026 16:02see105

Педагогтерді аттестаттау жүйесіне өзгеріс енгізіледі

13 Сәуір 2026 20:50see105

Өскеменде үш күн қатарынан сол жағалаудағы мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды

13 Сәуір 2026 14:34see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары