Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алматыда курьерге қатысты резонанстық оқиғадан кейін жеткізу агрегаторларына қойылатын талаптар күшейтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Алматы қаласы полиция департаментінде ірі жеткізу қызметтері агрегаторларының өкілдері, прокуратура, қалалық қызметтер мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті. Жиында тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және курьерлік қызмет саласындағы бизнестің жауапкершілігін күшейту мәселелері талқыланды.
Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов жеткізу нарығының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігі әрдайым басым бағыт болуы тиіс екенін айтты.

«Әрбір курьер тұрғын үйлерге кіріп, азаматтардың жеке деректері мен олардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәліметтерге жанама түрде қол жеткізеді. Сондықтан біз курьерлерді жұмыс процесінің барлық кезеңінде биометриялық сәйкестендіруді енгізуді, аккаунттарды үшінші тұлғаларға беруге қатаң тыйым салуды, шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесін реттеуді және жол қозғалысы қағидаларының сақталуын тұрақты бақылауда ұстауды талап етеміз», деді мегаполис басшысы.

Өз кезегінде Алматы қаласы прокуратурасының өкілі жеткізу нарығына қатысушылардың барлығы заң талаптарын мүлтіксіз орындауы тиіс екенін атап өтті. Ол агрегатор компаниялардың қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдармен тиімді ақпарат алмасу тетіктерін жолға қою және тартылған қызметкерлердің құқықтық мәртебесін тексеру мәселелеріне назар аударды. Прокуратура өкілі мемлекет пен бизнестің бірлескен іс-қимылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басты кепілі екенін жеткізді.

Кеңес барысында платформалардың ішкі регламенттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру, курьерлерге қатысты бақылауды күшейту, қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін шамадан тыс жедел жеткізуді ынталандыру тетіктерін қайта қарау және барлық қызметкерлердің заңды мәртебесін қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.

Жиынды қорытындылаған Айдын Кабдулдинов жеткізу сервистерінің қауіпсіз әрі заң аясында жұмыс істеуі – бизнестің жоғары әлеуметтік жауапкершілік аймағы екеніне тағы да тоқталды.

Алматыда курьер мен тапсырыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды

«Егер жүйелі өзгерістер енгізілмесе, полиция департаменті нормативтік реттеуді күшейту және агрегаторлардың жауапкершілігін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдауға бастамашылық етеді. Алматы – еліміздің ең ірі мегаполисі. Сондықтан заманауи сервистердің қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету – ортақ міндет. Цифрлық экономиканың дамуы азаматтарды қорғау тетіктерінің күшеюімен қатар жүруі тиіс», деп түйіндеді ол.

Алаяқтардың айласы өзгерді: Енді ақшаны «курьер» болып алып кетеді

Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды

Аймақтар • Кеше

Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды

Қоғам • Кеше

Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды

Ауа райы • Кеше

Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы

Ата заң • Кеше

Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі

Білім • Кеше

Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Ауа райы • Кеше

Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр

Ата заң • Кеше

Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?

Қоғам • Кеше

Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Қоғам • Кеше

Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады

Ата заң • Кеше

«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды

Ата заң • Кеше

Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді

Ата заң • Кеше

Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елорда • Кеше

Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді

Ауа райы • Кеше

«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 00:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see139

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see131

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see128

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see127
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары