Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандық оқушылар 7 күндік демалысқа шығады

Атыраудағы жаңа медициналық пункт 8 айдан кейін ғана жұмысын бастады

2,3 мың адам кәсіби біліктілігін арттыру курсынан өтті

Швейцария Еуропада ең көп кітап оқитын ел деп танылды

Алматыда құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған жобалардың көрмесі өтті

Не деп жатқаны түсініксіз! : Баян Мақсатқызы жас әнші Тұрарды мазақ қылды

ЕАЭО ның ортақ биржа нарығын құру кезінде Өзбекстанның тәжірибесі қолданылады

Алматыда жалған таныстық арқылы жасалған тонау әшкереленді

Денсаулық сақтау саласына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы талқыланды

Алматыда шетелдік компания құны 6 млрд теңгеге жуық жерді заңсыз пайдаланған

Республика күні: елдегі жалғыз ұлттық мейрам туралы не білеміз?

Қарағанды облысында рұқсат берілмеген 472 қоқыс алаңы жойылды

Астана мен СҚО да газ тапшылығы жоқ

Жаңа iPhone Air смартфоны Қытайда бірнеше минут ішінде сатылып кетті

Санаэ Такаити Японияның премьер министрі болып сайланды: ел тарихындағы алғашқы басшы әйел

Үш тағанды тұғырды түлетуші тұлға

Қаражат қазынаға қайтса құт

Жер астындағы нәзік күш: Qarmet компаниясының маркшейдер қыздары ерлермен тең қызмет етіп жүр

Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстары 24 қазанда аяқталады: жоспарлы ма, әлде жоспардан тыс па?

БҚО да жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жеткізілді

Қазақ туралы тәжік қаламгерлері не жазды?

Қазақ туралы тәжік қаламгерлері не жазды?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Тәжікстанның әдебиеттану ғылымында Атахон Сайфуллаевтың есімі көпшілікке жақсы таныс. 1933 жылы Худжанд өңірінде туып, 2017 жылы дүниеден озған қаламгер қазақ әдебиеті һәм жазушылары туралы бірнеше еңбек жазған. Сол еңбектерінің ішінде 1956 және 1963 жылдары жарық көрген екі мақаласы көзімізге оттай басылды.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

1956 жылдың 10 маусым күні «Точикистони совети» (Тәжікстан ке­ңесі) газетінде «Абай туралы роман» атты материал жарық көріпті. Атахон Сайфуллаев мақаласын: «Белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов – «Абай» атты атақты романның авторы. Бұл шығарма қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа арналған. Жазушының аталған шығармасы Тәжікстанда да белгілі, бірнеше жылдан бері роман туралы айтылып та, жазылып та келеді», деп бастап, «Абай жолы» романын қазақ әдебиетінің ең ұлы шығармасы ретінде бағалайды. Автор Мұхтар Әуезовтің туындыны жазу жолындағы ұзақ жылғы еңбегін айта келіп, бұл роман-эпопея қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмір жолына, рухани қалыптасуына, ағартушылық және азаматтық күресіне арналған тарихи-көркем шығарма екеніне тоқталады. Сайфуллаев Әуезов бұл туындыны жазуға 1937 жылдан кіріскені туралы ойды да алға тартқан.

Біздің білуімізде Мұхтар Әуезов 1936 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде Абай ту­ралы екі томдық роман жазу жоспары­ бар екенін мәлімдеп, оның алғашқы кіта­бы «Телғара» деп аталатынын айтқан болатын. Қаламгер екі ананың ортасында тел өскен Абайды «Телғара» деп алып, оның Шығыс пен Батыстың әдебиеті һәм мә­дениетінен тең дәрежеде сусындаға­нын көр­сетуді мақсат тұтты. Десе де, кейін роман­дардың алғашқы екі томы «Абай», үшін­шісі «Абай аға» деп аталып, ең со­ңын­­­да төрт томдық эпопея біртұтас «Абай жо­лы» деген атауымен жарық көреді.

Сайфоллаевтың пікірінше, Абайдың тұлғасын тек әдеби образ ретінде ғана қарауға болмайды. Абай – тұтас бір дәуірдің өкілі, қоғамдық сананың оянуына ықпал еткен қайраткер. Сондай-ақ автор бұл роман тәжік жұртшылығына кең танылғанын тілге тиек ете келіп, Әуезовті Борис Годуновтың әдеби бейнесін жа­саған Пушкинмен шендестіріп, Абайдың бейнесін жасауда халық өмірімен біте қайнасып жатқан тұлғаны жазғанын, осылай тарихи сахнаға ұлттың тағдырымен тығыз байланысты ұлы тұлғаны алып шыққанын жеріне жеткізе жазған.

Қалай дегенмен, бұл мақала қазақ халқы үшін осыдан 69 жыл бұрын тәжік басылымында жарық көруімен құнды. Біріншіден, кеңестік дәуірдегі көршілес елдердің ұлттық әдебиеті өзара насихатталып, одақтас республикалар арасындағы мәдени-рухани байланыстың кең өріс алғанын көрсетеді. Тәжік оқырмандары үшін Мұхтар Әуезовтің «Абай» романы туралы танымдық мақала жариялануы қазақ әдебиетінің жетістіктерін тәжік ұлтына таныстырумен қатар, халықтар достығы идеясын да бекемдеуге ықпал еткені рас.

Ал енді «Маориф ва маданият» («Білім және мәдениет») газетінің 1963 жылдың 6 қазанындағы санында жарық көрген «Қазоқистон дар адабиети точик» («Тәжік әдебиеті Қазақстан тура­лы») атты мақалаға қарай ойыссақ.

Атахон Сайфуллаев «Қазоқистон дар адабиети точик» атты мақаласын қазақ пен тәжік халықтарының достығы мен ынтымақтастығының тамыры көне тарихтан бастау алатынынан бастапты. «Тәжік пен қазақ халықтарының достығы мен ынтымақтастығының тамыры тереңде жатыр. Біздің халықтарымыз, Орталық Азияның өзге де ұлттары сияқты, ғасырлар бойы басқыншыларға қарсы ерлікпен күрес жүргізіп, ортақ тағдырды бастан кешті. Осындай тарихи оқиғалар достық пен ұлттық дәстүр­лер­дің тел дамуына негіз салып, екі ха­лықтың мәдени байланыстары мен әдеби қарым-қатынастары қалыптасты. Тәжік пен қазақ халықтарының мәдени байланыстарының алғашқы кезеңі Қазан төңкерісіне дейін пайда болса, кеңес өкіметі орнағаннан кейін екінші кезең­нің тынысы ашылып, халықтардың өзара қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтеріл­ді. Бұл кезең әлдеқайда рухани бай­ланыстарды күшейтіп, нәтижелі әрі нақ­ты қадамдар жасауға мүмкіндік туғызды», дейді.

Атахон Сайфуллаев мақаласын осылай өре келіп қазақ халқына жыр арнаған тәжік ақындары Садриддин Айни, Абдусалом Дехоти, Мұхиддин Аминзодалардың есімдерін атайды. Сосын, ақын Хабиб Юсуфидің өлеңін тұтастай жариялайды. Хабиб Юсуфи қазақ даласын шөлден тілімденген дала ретінде сипаттай келіп (еркін аударма):

Үн келді,

Көңілді әуезге көмілген,

Жел емес,  ән салған тегінде.

Бұл қазақ даласы шырқаған,

Ғажап пен ғайыптан төгілген.

Шопанның марқасы табақта балбырап,

Бәкілер,  пышақтар сұқтана емінген.

Жамбыл да бір әнді бастады зор үнмен.

«Сыр суын құрсаулап темірмен,

Кездессе жаңа бір өмірмен.

Әй, Арал! Хәлің не болады?

Суыңды бұрамыз өзіңнен.

Ғаламат бақ жасап шөліңнен,

Тікен мен сексеуіл шықса егер жеріңнен,

Біз оны жүзім мен мақтаның,

Бақшасы жасаймыз беліңнен.

Әй, Арал! Ал, сенің тағдырың,

Жегідей жейді ғой мені де!», дейді.

Бұл жерде ақынның «Сырдарияны темір құрсауға алып, суымен даланы гүлдендіреміз» дей отырып, Арал теңізінің тағдырына алаңдағаны бізді ойға қалдырды. Хабиб Юсуфидің 1945 жылы Варшава маңында дүние салғанын ескерсеңіз, бұл өлең соғыс жылдарына дейін жазылғанын байқайсыз. Сол кездің өзінде ақын Аралдың суы аза­йып, толқындары жағаны соққан алып теңіз жансыз шөлге айналатынын дәл болжайды. Бізде бұған дейін Аралдың адамзаттық проблемаға айналғанын сексенінші жылдардың аяғында ғана айтыла бастады деп ойлап келдік. Сөйтсек, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Хабиб Юсуфи Орталық Азия елдеріндегі егіншілік Арал теңізінің тартылуына әсер ететінін, шөлді гүлдетеміз деп, көлдің түбіне жетерімізді дәл болжап жырлап кетіпті. 

Хабиб Юсуфи лирикалық жанрдағы ақын болды. Ол өлеңдерін көбіне ғазал және рубаят формасында жазды. 1936 жылдан бастап алғашқы шығармалары жарияланып, 1939 жылы «Отан әндері» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Шығармаларында негізінен Отан, халықтар достығы, махаббат пен адалдық тақырыптарын өзек еткен. Ақын­ның өлеңдері тәжік тілінде шығатын рес­публикалық «Хақиқати Ӯзбекистон», «Точикистони сурх» газеттерінде және «Барои адабиети социалисти» журналында жарияланған. Хабиб Юсуфи өз шығармашылығында Шығыстың көне поэтикалық формаларын жаңа мазмұнда жеткізу үшін шебер қолдана білді. Ол үнемі жаңа өлең формалары мен көркемдік тәсілдерді іздестірумен айналысты. Тәжік өлеңінің метрикасын жаңартып, тәжік кеңес поэзиясының дамуына елеулі ықпал етті. Амал не, талантты ақын соғыс даласында ерлікпен қаза тапты.

Сондай-ақ Атахон Сайфуллаев «Қазоқистон дар адабиети точик» атты мақа­ласында Боқы Рахимзода, Мырза Тұр­сынзада, Әбілқасым Лахути­лар­дың қазақтар туралы жазған туындыларына тоқталып: «Қазақ жерінің көріністері мен оның өкілдері тәжік ақындарының шығармаларында да бейнеленген. Мәселен, М.Тұрсынзада мен А.Дехотидың «Отан үшін» поэмасында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақ халқының фашизмге қарсы күреске көтерілген сәті сипатталса, М.Миршакардың «Біз Памирден келдік» және М.Рахимидің «Мәскеу сапарының дастаны» шығармаларында Қазақстанның кейбір қала мен аңғарларының сұлу табиғаты бейнеленген. Ал А.Лахутидың «Бақыт перісі» дастанында оқиға кеңірек өріліп, тарихи сипат алады. Ұстаз Лахути қазақ еңбекшілерінің бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресін суреттеп, жас қазақ жігіті Сәбит пен оның сүйіктісінің бейнесін жасайды. Ақын Сәбит пен Шоғадоның достығын мысалға ала отырып, қазақ пен тәжік халықтарының революция отында шыңдалған достығы мен ынтымағын бейнелейді» дей келіп, прозаға ойысады. Тәжіктің классик жазушысы С.Айнидың «Дохунда» және «Құлдар» романдарындағы қазақ кейіп­керлері туралы айта келіп, Фотех Ниязидің «Інісінің кегі» атты әңгімеде тәжік баласы Абдурахмон мен қазақ баласы Мұқсан атты кейіпкерлердің достығы туралы талдау жасайды. Абдурахмон мен Мұқсан арасындағы достық от пен оқтың, қан мен тердің ішінде жүріп нығайып, сыннан өтеді. Екі жас жауынгер де өз халқының батырлық рухының рәмізі болып суреттелгенін айтады.

Атахон Сайфуллаев мақаласын: «Десек те тәжік әдебиетінде әзірге екі республиканың бауырмал достығы мен ынтымақтастығын толық қамтып көрсететін аса ірі шығармалар аз. Осындай туындылардың дүниеге келуі үшін Тәжікстан Жазушылар одағы игі бастама көтеріп, жас қаламгерлерді Қазақстанның тың жерлеріне жіберіп келеді. Солардың бірі Құтби Қирам қазақтың тың игеру аймақтарына сапар шегіп қайтты. Тәжік жазушыларының Қазақстанға сапарлары және қазақ қалам­герлерінің Тәжікстанға жиі келуі хал­қымыздың өмірі мен күресін терең қам­титын жаңа, мазмұнды шығармалардың тууына себеп болмақ. Сондықтан да, осындай байланыстардың көбейеріне үміт етеміз», деп түйіндейді.

Қош. Өздеріңіз байқағандай «Точи­кистони совети» газетінде жарияланған Мұхтар Әуезовтің шығармасы туралы «Абай туралы роман» және «Маориф ва маданият» газетінде жарық көрген «Тәжік әдебиеті Қазақстан туралы» атты мақалалардан мол дерекке қанық­тық. Осыдан 60–70 жыл бұрынғы қазақ пен тәжік әдебиетінің өзара байланысын баяндаған, әрі бізді туындыларына кейіпкер етіп, біз туралы игі сөз айтқан тәжік халқының қаламгерлерінің достық көңіліне риза болмасқа шара жоқ.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:35
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 08:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандық оқушылар 7 күндік демалысқа шығады

20 Қазан 2025 15:10see114

Атыраудағы жаңа медициналық пункт 8 айдан кейін ғана жұмысын бастады

20 Қазан 2025 15:10see113

2,3 мың адам кәсіби біліктілігін арттыру курсынан өтті

20 Қазан 2025 15:01see112

Швейцария Еуропада ең көп кітап оқитын ел деп танылды

20 Қазан 2025 22:09see111

Алматыда құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған жобалардың көрмесі өтті

20 Қазан 2025 23:07see111

Не деп жатқаны түсініксіз! : Баян Мақсатқызы жас әнші Тұрарды мазақ қылды

21 Қазан 2025 22:54see111

ЕАЭО ның ортақ биржа нарығын құру кезінде Өзбекстанның тәжірибесі қолданылады

20 Қазан 2025 19:25see110

Алматыда жалған таныстық арқылы жасалған тонау әшкереленді

20 Қазан 2025 11:52see109

Денсаулық сақтау саласына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы талқыланды

21 Қазан 2025 23:55see108

Алматыда шетелдік компания құны 6 млрд теңгеге жуық жерді заңсыз пайдаланған

20 Қазан 2025 16:25see108

Республика күні: елдегі жалғыз ұлттық мейрам туралы не білеміз?

21 Қазан 2025 22:32see108

Қарағанды облысында рұқсат берілмеген 472 қоқыс алаңы жойылды

21 Қазан 2025 16:45see107

Астана мен СҚО да газ тапшылығы жоқ

21 Қазан 2025 22:06see107

Жаңа iPhone Air смартфоны Қытайда бірнеше минут ішінде сатылып кетті

20 Қазан 2025 22:36see107

Санаэ Такаити Японияның премьер министрі болып сайланды: ел тарихындағы алғашқы басшы әйел

21 Қазан 2025 14:22see106

Үш тағанды тұғырды түлетуші тұлға

21 Қазан 2025 05:00see106

Қаражат қазынаға қайтса құт

21 Қазан 2025 05:41see106

Жер астындағы нәзік күш: Qarmet компаниясының маркшейдер қыздары ерлермен тең қызмет етіп жүр

21 Қазан 2025 18:04see106

Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстары 24 қазанда аяқталады: жоспарлы ма, әлде жоспардан тыс па?

21 Қазан 2025 18:16see106

БҚО да жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жеткізілді

20 Қазан 2025 20:13see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары