2027 әлемде қанша адам қажы атанады
Согласно материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
Сауд Арабия Корольдігі алдын ала болжам бойынша 2027 жылы бүкіл әлемнен 2,8 млн қажыны қабылдауды жоспарлап отыр. Олардың ішінде 500 мыңы Меккеге Сауд Арабиясының өзінен келмек. Бұл туралы Жиддада өтіп жатқан Hajj Conference & Exhibition 2026 халықаралық конференциясында хабарланды.
Салыстырар болсақ, 2025 жылы әлемде 1,67 млн адам қажылық парызын орындаған болатын. Бұл көрсеткіш 2026 жылы 1,7 миллионға дейін өсті. Сәйкесінше, Сауд Арабиясы 2027 жылы биылғы көрсеткішке қоса тағы миллионнан адамға қажылық квотасын беруді жоспарлап отырғанын байқауға болады. Дегенмен, ресми статистика тек квота бөлу маусымы аяқталғаннан кейін ғана нақты белгілі болады.
Еске салайық, Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстанға 2027 жылғы қажылық маусымына 4300 орын бөлді. 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жұмыстарына лайықты деп қазақстандық 4 туроператор ғана танылды. Олар: "Атлас Туризм" ЖШС, "Нұрхан Тревел" ЖШС, "Тауаф Тревел" ЖШС, "Хикмет Тревел" ЖШС.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:98
Эта новость заархивирована с источника 11 Ноября 2026 11:38 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















