Кибералаяқтардың құрбандарының 90 пайызға жуығы 60 жастан асқандар ІІМ
Qazaq24.com сообщает, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.
Өткен жылы интернет арқылы жасалған алаяқтық оқиғаларының саны 24 пайызға артып, 27 892-ні құраған. Алақтар, әсіресе, зейнеткерлерді құрыққы түсіріп жатыр. Мәселен, 2025 жылы 60 жастан асқан жәбірленушілердің үлесі 87 пайызға жеткен. Бұл мәліметтер Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленовтің мәжіліс депутаттарына берен жауабында айтылған.
Полиция генерал-майорының сөзінше, алаяқтардың басым бөлігі банк, полиция және мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып хабарласады. Сондай-ақ, былтыр хабарландырулар арқылы тауарлар мен қызметтер үшін алдын ала төлем алу және инвестициялау сынды сылтаулармен хабарласатындардың саны айтарлықтай өскен.
"27 892 интернет-алаяқтықтың 49 фактісі бойынша (0,175%) жәбірленушілер өздерінің тұрғын үй-жайларын үшінші тұлғаларға заңды түрде сатқаннан кейін алаяқтарға ақша қаражатын берген, бұл ретте мүлікті иеліктен айыруға қатысты олардың құқықтары бұзылмаған. Аталған фактілер бойынша 2 іс сотқа жолданды, қалған істер бойынша тергеу жалғасуда", – делінген Бауыржан Әленовтің жауабында.
Сондай-ақ, 60 жастан асқан жәбірленушілердің үлесі 87%-ды құрайды, ал жекелеген қылмыстық істер бойынша келтірілген залал мөлшері 60 млн теңгеге дейін жетеді.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:87
Эта новость заархивирована с источника 15 Января 2026 12:50 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















