Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Зависит не только от возраста . Почему одним учителям разрешают работать на пенсии, а другим нет?

Казахстан с двух крупных побед начал шахматную Олимпиаду 2006

Отырар сазы открыл новый концертный сезон

Точно в цель!

Преград нет . Казахстан свободно может экспортировать продукцию в Китай, но выбор ограничен

Где пройдут дожди с грозами, а где ожидается тёплая погода в ближайшие дни в Казахстане

Депортация и бан на 5 лет: Грузия ужесточила законы для работающих казахстанцев

Как дети создали новую сказку Красного яблока , а инклюзия стала частью праздника

Четырёх частных судоисполнителей Астаны лишили лицензий с начала года

Волокита с кражей ЭЦП продолжается

Ввести мораторий на имиджевые форумы за счёт местных бюджетов призвал депутат Курултая

В США новостной вертолёт разбился во время съёмки. Три человека погибли

Актюбинец инсценировал наезд автомобиля и выманивал деньги у водителей

Размер имеет значение

Страхование жилья станет обязательным: сколько платить и сколько выплатят

Казахстанцы в Южной Корее рассказали Токаеву о своей жизни

Грант на словах

МФО лишили лицензии в Туркестане

Затянул процесс по жилью: суд оштрафовал акима Зерендинского района

Манас Магулов: Дайте альтернативу

Тегін дәрі дәрмек: Кімдер және қайдан ала алады

Тегін дәрі дәрмек: Кімдер және қайдан ала алады

Как передает Qazaq24.com, основываясь на информации сайта Informburo.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі кей азаматтарға тегін берілетін дәрілердің тізбесін бекіткен. Ол кезең-кезеңімен толығып, жаңартылып отырады. Мысалы, 2019 жылмен салыстырғанда тізімдегі ауру түрлері 44-тен 84-ке артты, ал тегін берілетін дәрілер мен медициналық бұйымдардың саны 249-дан 372 позицияға өсті. 2025 жылғы маусым айында министрлік бұйрығымен бұл тізімге онкология және сирек ауруларды емдеуге арналған жаңа препараттар енгізілді. Сонымен кім тегін дәрі ала алады? Informburo.kz түсіндіреді. 

№1. Ересектерге қандай аурудың дәрілері тегін беріледі?

Төмендегі ауру түрлері бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастарға дәрілер тегін немесе жеңілдікпен беріледі. 

Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары: Жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жоғары қан қысымы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жүрек қақпақшаларының зақымдануы сияқты диагноздар. Тыныс алу жолдарының аурулары: Бронхиалды демікпе (астма), өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА), алғашқы өкпе гипертензиясы, өкпенің интерстициальді аурулары. Инфекциялық және паразиттік аурулар: COVID 19, туберкулез, АИТВ инфекциясы Тері және тері асты клетчаткасының аурулары: Буллезді эпидермолиз, күлдіреуік, псориаз Ас қорыту ағзаларының аурулары: Бауыр циррозының сатысын қоса алғанда, созылмалы С вирустық гепатиті, дельта агентімен және дельтасіз В вирустық гепатиті, Крон ауруы, ойық жаралы колит. Қан, қан ұю ағзаларының аурулары және иммундық механизмді тартатын жеке бұзылулар: Жедел лимфобластикалық л лейкоз, созылмалы миелоидты лейкоз, қанның ұю факторларының тұқым қуалайтын тапшылығы, аутоиммунды аурулар және иммун тапшылығы жағдайлары, темір тапшылығы анемиясы Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылуы: Қант диабеті, қанттық емес диабет, гипотиреоз,  гипертиреоз, гипопаратиреоз және тағы басқалары.  Сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін аурулары: Ювенильді артрит, ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі, жүйелік склероз (жүйелік склеродерма), артроздар және тағы басқалары. Нерв жүйесінің аурулары: Церебральді сал ауруы, жайылмалы беріш, эпилепсия, Альцгеймер ауруы, Паркинсон ауруы және тағы басқа. Психикалық бұзылулар мен мінез-құлықтың бұзылуы Онкологиялық аурулар Ағзалар мен тіндерді ауыстырып салудан кейінгі жағдайлар Несеп-жыныс жүйесі ағзаларының аурулары

Ауру мен оған берілетін дәрі-дәрмектің толық тізімі мына жерде

№. Балаларға қандай жағдайда дәрілер тегін беріледі?

1 жасқа дейінгі балаларға: Ерте жасанды немесе араласқан емізу

5 жасқа дейінгі балаларға: мешел ауруын бақылауға арналған дәрі-дәрмектер.

Бронхиалды астма, жоғарғы тыныс жолдарының көптеген жəне орналасу орны анықталмаған жіті инфекциялары, төменгі тыныс жолдарының респираторлық анықталмаған жіті инфекциясы, пневмония; Вазомоторлық және аллергиялық ринит; С вирустық гепатиті, В вирустық гепатиті, АИТВ; Қант диабеті; Цистикалық фиброз; Ювенильді артрит; Эпилепсия; Нейробластома; Инфекциялық эндокардит (жіті/жітілеу); Артериалды гипертензия; Тітіркенген ішек синдромы; Темір тапшылықты анемия; Микоздар, дерматиттер, псориаз; Глаукома.

Балаларға тегін берілетін дәрі-дәрмек тізімі де мына жерде

№3. Бұл дәрілерді қалай алуға болады? Тегін дәрі-дәрмек алу үшін, алдымен, азамат өзі тұратын аумақтағы емханаға тіркелуі қажет. Емхана дәрігері науқасты тексеріп, қажетті талдаулар арқылы нақты диагнозды растайды. Диагноз  министрлік бекіткен льготалық тізімге кірсе, науқас диспансерлік есепке қойылады. Есепке тұрған соң, учаскелік терапевт немесе бейінді маман науқасты бақылауға алып, оның атына тегін дәріге арналған рецепт жазады.ё

№4. Тегін дәріні қайдан алу керек?

Тегін дәрі-дәрмектерді беру екі деңгейде жүзеге асырылады:

стационарлық амбулаториялық.

Стационарлық, яғни ауруханаға жатып емделген жағдайда қажет барлық дәрі-дәрмекті медициналық мекеме өз қоры есебінен тегін береді.  Науқастар ауруханаға түскен сәттен бастап дәріні өзімен алып келуге немесе сатып алуға міндетті емес, қажетті препараттарды аурухананың өзі тағайындап, қамтамасыз етеді. 

Амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделетін науқастар дәріні емхананың дәріханасынан ала алады.  

№5. Тегін дәрілерді қай дәріханадан алады?

Тегін дәрілер, әдетте, науқастың тек өз емханасындағы дәріханада беріледі, басқа емханадан алу көбіне мүмкін емес, себебі әр медициналық ұйым өз пациенттеріне арналған дәрі қорын бөлек ұстайды.

Оны алу үшін, алдымен, учаскелік терапевтен рецепт алу қажет. Кейін өз емханаңызға қарасты дәріханаға барып, сол рецепті көрсетсеңіз, фармацевт сізге қажет дәрілерді тегін береді. 

Ол үшін жеке басты куәландыратын құжатты көрсету қажет.

Рецепттің электронды нұсқасы ақпараттық жүйеде тіркелгенімен, кей жағдайда дәріханаға қағаз рецептпен жүгіну талап етілуі мүмкін. Бұл емхананың ішкі тәртібіне байланысты.

№6. Дәріханада тегін дәрі болмаса не істеу керек?

Егер сіз тіркелген емханадағы дәріханада қажетті тегін дәрі уақытша жоқ болса немесе рецепт бойынша толық көлемде берілмесе, бұл туралы емхананың дәрігеріне немесе әкімшілігіне хабарлап, дәрінің қашан келетінін білуге болады.

Сонымен бірге, "СК-Фармацияның" 1439 байланыс орталығына хабарласып та қай дәрінің қашан жеткізілетіні жөнінде ақпарат алуға болады.

№7. Тегін дәрілер қандай мемлекеттік бағдарламалар арқылы ұсынылады?

Қазақстанда халықты тегін дәрімен қамтамасыз ету екі негізгі мемлекеттік бағдарлама аясында іске асады:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі. 

ТМККК – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қызмет пакеті. Оның шеңберінде әлеуметтік мәні бар, ауыр және өмірге қауіп төндіретін аурулар қамтылады. Мысалы, онкологиялық науқастарға, туберкулезбен, диабетпен, психикалық сырқаттармен ауыратын азаматтарға қажетті дәрілер осы кепілдендірілген көмек есебінен тегін беріледі.

2025 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген жалпы қаржының негізгі бөлігі – 226,6 млрд теңге дәл осы ТМККК пакетіне тиесілі болды. Себебі оның құрамына қымбат тұратын дәрілер кіреді – онкология, сирек кездесетін орфандық аурулардың бір ғана дәрісінің бағасы жүз мыңдаған немесе миллион теңгеге жетуі мүмкін. ТМККК аясында қазіргі кезде шамамен 50 түрлі диагноз (нозология) бойынша 256 дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым тегін қамтамасыз етіледі.

МӘМС қорының қаржысы есебінен салыстырмалы түрде жиі кездесетін, созылмалы бірақ асқынбаған дерттердің дәрі-дәрмегі алынады. Жалпы алғанда ересектерге – 13 түрлі ауру бойынша 54 түрлі дәрілік зат, ал балаларға 21 түрлі диагноз бойынша 62 түрлі дәрі тегін беріледі.

Егер пациент МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болса, онда ол тек ТМККК пакетіне кіретін дәрілерді ғана тегін ала алады, ал сақтандыру арқылы қамтылатын аурулар бойынша жеңілдікке ие бола алмайды. 

2025 жылдың 7 айы ішінде МӘМС жүйесі арқылы 1,26 млн адамға 4,8 миллион рецепт бойынша 18,5 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі берілген.

Для получения более подробной информации и свежих новостей, следите за обновлениями на Qazaq24.com.
seeПросмотров:196
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 22 Октября 2025 12:18
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Зависит не только от возраста . Почему одним учителям разрешают работать на пенсии, а другим нет?

15 Сентября 2026 21:14see626

Казахстан с двух крупных побед начал шахматную Олимпиаду 2006

16 Сентября 2026 20:00see171

Отырар сазы открыл новый концертный сезон

16 Сентября 2026 10:58see170

Точно в цель!

16 Сентября 2026 04:35see163

Преград нет . Казахстан свободно может экспортировать продукцию в Китай, но выбор ограничен

16 Сентября 2026 18:59see162

Где пройдут дожди с грозами, а где ожидается тёплая погода в ближайшие дни в Казахстане

16 Сентября 2026 10:28see160

Депортация и бан на 5 лет: Грузия ужесточила законы для работающих казахстанцев

16 Сентября 2026 20:49see159

Как дети создали новую сказку Красного яблока , а инклюзия стала частью праздника

16 Сентября 2026 14:27see158

Четырёх частных судоисполнителей Астаны лишили лицензий с начала года

16 Сентября 2026 14:28see156

Волокита с кражей ЭЦП продолжается

16 Сентября 2026 05:08see156

Ввести мораторий на имиджевые форумы за счёт местных бюджетов призвал депутат Курултая

16 Сентября 2026 14:27see155

В США новостной вертолёт разбился во время съёмки. Три человека погибли

16 Сентября 2026 10:28see155

Актюбинец инсценировал наезд автомобиля и выманивал деньги у водителей

16 Сентября 2026 15:13see152

Размер имеет значение

16 Сентября 2026 19:33see150

Страхование жилья станет обязательным: сколько платить и сколько выплатят

16 Сентября 2026 10:13see149

Казахстанцы в Южной Корее рассказали Токаеву о своей жизни

16 Сентября 2026 13:43see148

Грант на словах

16 Сентября 2026 15:33see145

МФО лишили лицензии в Туркестане

17 Сентября 2026 04:36see143

Затянул процесс по жилью: суд оштрафовал акима Зерендинского района

16 Сентября 2026 17:23see140

Манас Магулов: Дайте альтернативу

16 Сентября 2026 18:16see135
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня