Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

Жеңіл несиенің де жүгі бар

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда . Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

Шығыс Қазақстанда заңсыз кен өндіріп, 1 миллиард теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

Ұшақ әуежай қызметкерін қағып кетті

Мемлекет басшысы білім саласының бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Су добынан Қазақстан құрамасы Грекияда шеберлігін шыңдауда

Диктант, бақылау, мазмұндама: Оқушыларға түсетін жүктеме артады ма

Қазақстан экономикасы алдағы үш жылда 5% дан жоғары өседі үкімет болжамы

Олжас Бектенов қысқа дайындықтың бұзылуы үшін жазаланатынын ескертті

Ұлттық қордан үш жылда қанша ақша алынады

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

Грузиядан көлік алғысы келген ер адамды ауылдасы алдап кетті

1 энергоблок, 4 қазандық, 1 турбина: Қазақстандағы ЖЭО ларда жоспарлы жөндеу басталды

1 энергоблок, 4 қазандық, 1 турбина: Қазақстандағы ЖЭО ларда жоспарлы жөндеу басталды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Іс-шараға «KEGOC» «QazaqGaz Aimaq», «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго», «ОАЭК» акционерлік қоғамдарының, «Қазақстандық коммуналдық жүйелер», «Еуразиялық топ» ЖШС басшылығы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық департаменттердің және өңірлердегі энергия кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Ағымдағы жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр, тұтынушыларды жылумен жабдықтау тұрақты қамтамасыз етіліп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша электр станцияларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 8%-ға төмендеді, температуралық графиктің сақталмау фактілері барынша азайтылды.

Комитет төрағасы Ержан Ертаев аралық қорытындыларды талдау қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін және жылыту кезеңінің оң динамикасын көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар, жекелеген өңірлерде жедел шешімді талап ететін жүйелі мәселелердің сақталып отырғанына назар аударылды.

— Энергия көздерінде, жылу және электр желілерінде жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірлік штабтар аясындағы жұмысты үйлестіруді күшейту аса маңызды, — деп атап өтті ол.

Фото: Энергетика министрлігі

Кеңес барысында Бірыңғай энергетикалық жүйенің жұмыс істеуі, газбен жабдықтау жағдайы және көмір тасымалы жөніндегі баяндамалар тыңдалды. Жүйелік оператордың бекітілген жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. 

Бүгінгі күні жөндеу науқаны аясында бір энергоблокта, төрт қазандықта және бір турбинада жұмыстар басталды: «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының № 5 энергоблогы, Ақтау қ. МАЭК ЖЭО-2-нің № 7, Петропавл ЖЭО-ның № 6, Жезқазған ЖЭО-ның № 11 және Атырау ЖЭО-ның № 2 қазандықтары, сондай-ақ Степногорск ЖЭО-ның № 4 турбинасы. Атырау облысындағы ТШО кәсіпорнының № 6.6 турбинасына жүргізілген жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Жабдықтардың тозу деңгейі жоғары және тәуекелдері артқан өңірлерге ерекше назар аударылды. Басым міндеттер ретінде энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, жөндеу науқанының жеткілікті қаржыландырылуын қамтамасыз ету, жылу желілерінің сенімділігін арттыру белгіленді.

Фото: Энергетика министрлігі

Сонымен қатар энергия кәсіпорындарының су тасқыны кезеңіне дайындығы қаралды. Көктемгі су тасқыны жағдайында энергия объектілерін қорғау және тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша энергия кәсіпорындарының басшылары мен жергілікті атқарушы органдарға жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету, 2026 жылғы жөндеу науқанын уақтылы әрі сапалы жүргізу, анықталған проблемаларды жою бойынша кешенді шаралар қабылдау және технологиялық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге бақылауды күшейту тапсырылды.

Осыдан бұрын хабарланғандай, Павлодар ЖЭО-1 және Ақсудағы РОК-2 жылу стансасында биыл қыста ақаулар тіркелген. Өткен жылу беру кезеңімен салыстырғанда мұнда технологиялық заң бұзушылықтар саны екі есеге артқан.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 23:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

25 Тамыз 2026 16:42see147

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

25 Тамыз 2026 14:44see128

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

25 Тамыз 2026 11:13see125

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

25 Тамыз 2026 11:01see124

Жеңіл несиенің де жүгі бар

25 Тамыз 2026 06:47see124

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

25 Тамыз 2026 15:22see122

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

25 Тамыз 2026 13:21see122

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

25 Тамыз 2026 16:41see122

Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда . Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

25 Тамыз 2026 23:17see122

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

25 Тамыз 2026 13:05see122

Шығыс Қазақстанда заңсыз кен өндіріп, 1 миллиард теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

25 Тамыз 2026 16:27see120

Ұшақ әуежай қызметкерін қағып кетті

25 Тамыз 2026 20:23see120

Мемлекет басшысы білім саласының бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

26 Тамыз 2026 15:23see120

Су добынан Қазақстан құрамасы Грекияда шеберлігін шыңдауда

26 Тамыз 2026 13:39see119

Диктант, бақылау, мазмұндама: Оқушыларға түсетін жүктеме артады ма

25 Тамыз 2026 18:19see119

Қазақстан экономикасы алдағы үш жылда 5% дан жоғары өседі үкімет болжамы

25 Тамыз 2026 10:27see119

Олжас Бектенов қысқа дайындықтың бұзылуы үшін жазаланатынын ескертті

25 Тамыз 2026 11:49see118

Ұлттық қордан үш жылда қанша ақша алынады

25 Тамыз 2026 12:14see118

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

26 Тамыз 2026 16:46see117

Грузиядан көлік алғысы келген ер адамды ауылдасы алдап кетті

25 Тамыз 2026 08:34see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары