Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

1 қыркүйектен бастап алғашқы әскери дайындық пәні жаңартылған бағдарламамен өтеді

1 қыркүйектен бастап алғашқы әскери дайындық пәні жаңартылған бағдарламамен өтеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәні жаңартылған бағдарлама бойынша оқытылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақ ұлттық спорт университетінде «Алғашқы әскери дайындықтың заманауи моделі: мазмұны, технологиялары және педагогтің кәсіби дамуы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Оған Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен келген әдіскерлер мен АӘД пәнінің оқытушылары қатысты.

Секция барысында қатысушыларға пән мазмұнына енгізілген негізгі өзгерістер, заңнамадағы жаңалықтар және педагогтерді даярлау жүйесіндегі жаңа талаптар таныстырылды. Мұндай жаңашылдықтар әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіруге бағытталған. Олар 2025 жылғы шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге негізделген.

– 1 қыркүйектен бастап пән «Алғашқы әскери дайындық» атауын қайта иеленіп, оқыту форматы түбегейлі өзгереді. Бұл өзгерістер пәннің мазмұнына және педагогтерді даярлау тәсілдеріне де қатысты. Енді оқытушылардың біліктілігін арттыру әскери оқу орындарында ұйымдастырылады. Бұл олардың практикалық даярлығын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, заңнамада педагогтердің әскери өтілі болуы да қарастырылған, – деді Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары, майор Людмила Перякина.

Іс-шара барысында әдіскерлер, PhD докторлары мен профессорлар алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырудың және әскери-патриоттық тәрбиенің заманауи тәсілдерімен бөлісті. Жастарды әскери қызметке даярлау, педагогтердің жаңа кәсіби құзыреттерін қалыптастыру және олардың біліктілігін үздіксіз арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқу үдерісін цифрландыру басты бағыттардың бірі болды. Педагогтерге оқу материалдарын, бағалау құралдары мен ситуациялық тапсырмаларды әзірлеу кезінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану жолдары көрсетілді. «Заманауи АӘД сабағы: оқу міндетінен цифрлық сценарийге дейін» атты практикалық демонстрация барысында қатысушылар тактикалық симуляторлар мен цифрлық білім беру шешімдерін қолдану мүмкіндіктерімен танысты.

Бұдан бөлек, АӘД сабақтарында ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар технологияларын оқыту әдістері, қосымша білім беру жүйесіндегі жастардың әскери қызметке дейінгі даярлығын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, әскери-спорттық және әскери-қолданбалы жарыстарды білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдары да айтылды.

Секция соңында АӘД пәнінің үздік оқытушылары марапатталды. Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев педагогтерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің атынан грамоталар табыс етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Тамыз 2026 11:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары