Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

10 миллионға дейін айыппұл. Қазақстандықтардан Кореяға бірқатар өнімдерді алып келмеу сұралды

10 миллионға дейін айыппұл. Қазақстандықтардан Кореяға бірқатар өнімдерді алып келмеу сұралды

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Оңтүстік Кореяда жазғы туристік маусым кезінде шетелден баратын жолаушылар жүгін тексеру күшейтіледі, деп хабарлайды Tengri Travel.

NewsDaily мәліметінше, 27 шілде мен 8 тамыз аралығында ел әуежайлары мен теңіз порттарында карантиндік бақылаудың арнайы режимі қолданылады. Оның аясында инспекторлар декларацияланбаған жануарлар мен өсімдік тектес өнімдерге ерекше назар аударады. Карантин қызметі мамандары қол жүгі мен багажды тексеруді қатаңдатады.

Бұл шаралар Оңтүстік Кореяға баратын барлық саяхатшыға, соның ішінде Қазақстан азаматтарына да қатысты.

Жүктен не іздейді?

Апаруға тыйым салынған ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдеріне баса назар аударылатыны хабарланды.

Күшейтілген бақылауға мыналар жатады:

жас ет; шұжық өнімдері; жас жемістер; жас көкөністер; тиісті құжаттарсыз апаруға тыйым салынған басқа да ауыл шаруашылығы және жануар тектес өнімдер.

Билік өкілдерінің түсіндіруінше, жаз айларында көптеген адам шетелдік сапардан оралғанда, мұндай өнімдерді заңсыз әкелу қаупі артады.

Неге Оңтүстік Корея бақылауды күшейтіп жатыр?

Корея Республикасының Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және ауылдық аумақтар министрлігі мәліметінше, тыйым салынған өнімдер ел аумағында жоқ қауіпті вирустардың, өсімдік зиянкестерінің және жануарлар инфекцияларының көзіне айналуы мүмкін. Олардың елге енуі ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіруі ықтимал.

Былтырғы статистика бұл мәселе өзекті екенін көрсетіп отыр. Жазғы демалыс маусымында инспекторлар жалпы салмағы 34 тонна болатын өсімдік шаруашылығы өнімдерін заңсыз әкелудің 23 801 жағдайын, сондай-ақ салмағы шамамен 12 тонна болатын жануар тектес өнімдерді әкелудің 12 019 жағдайын анықтап, жойған.

Әуежайларда қызметтік иттер мен жасанды интеллект қолданылады

Daum мәліметінше, күшейтілген бақылау жүргізу үшін карантин қызметі әуежайлар мен теңіз порттарына қосымша күш жұмылдырады. Инспекторлар мен қызметтік иттер былтыр тыйым салынған өнімдер көп анықталған бағыттарда жұмыс істейді.

Сонымен қатар алғаш рет жасанды интеллект негізіндегі багаждың рентгендік суретін автоматты түрде талдау жүйесін ауқымды түрде қолдану жоспарланған.

Ведомствоның түсіндіруінше, бұл технология чемодан ішіндегі жемістерді автоматты түрде тануға қауқарлы және анықтау дәлдігі жоғары, бұл тексерулерді тезірек әрі тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді. Болашақта жүйені жануар тектес өнімдерді де анықтауға үйрету жоспарланған.

Ереже бұзғандарға ірі көлемде айыппұл салынады

Сондай-ақ өнімдерді заңсыз әкелудің алдын алу бойынша ақпараттық науқан жалғасып жатыр. Ол үшін Карантин қызметі Кеден қызметімен, Балық өнімдері сапасын бақылау ұлттық қызметімен өзара іс-қимыл жасап, көпмәдениетті орталықтар мен YouTube сияқты интернет-алаңдар арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Карантин қызметінің басшысы Чхве Чон Рок заманауи технологияларды қолдану демалыс кезеңінде елдің қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

"Біз жазғы демалыс маусымында елге қауіпті өсімдік зиянкестері мен жануарлардың жұқпалы ауруларының енуіне жол бермеу үшін әуежайлар мен теңіз порттарында жасанды интеллекті бар рентген жүйелерін қоса алғанда, озық технологияларды қолдана отырып, карантиндік бақылауды күшейтеміз", - деп атап өтті Чхве Чон Рок.

Сондай-ақ ол саяхатшыларға ереже бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

"Егер шетелден ауыл шаруашылығы немесе мал шаруашылығы өнімдерін заңсыз әкелу дерегі анықталса, құқықбұзушыға 10 миллион вонға дейін (шамамен 3,2 миллион теңге) айыппұл салынуы мүмкін. Саяхатшылардан ерекше мұқият болуды сұраймыз", - деді ведомство басшысы.

Осылайша, Оңтүстік Кореяға баруды жоспарлап отырған немесе ол жаққа шетелдік сапардан оралатын қазақстандықтарға жүктерін алдын ала тексеріп, онда әкелуге тыйым салынған өнімдердің жоқтығына көз жеткізген жөн. Бұл бақылаудан өту кезіндегі кідірісті, өнімдердің тәркіленуін және әкімшілік айыппұлды болдырмауға көмектеседі.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Шілде 2026 19:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары