Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

140 күн демалыс Еңбек министрлігі демалыстың қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін айтты

140 күн демалыс Еңбек министрлігі демалыстың қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін айтты

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жыл сайынғы ақылы демалыс бірнеше айға созылуы мүмкін бе? 140 күн демалыс жинап қалғанын және енді оны пайдалануы тиіс екенін айтқан қызметкердің жазбасы осындай сұрақтың туындауына себеп болды. Tengri Life бұл мәселеге қатысты заңнамада не делінгенін білу үшін Еңбек министрлігіне хабарласты.

Неден басталды?

Әлеуметтік желілерде бірден 140 күнге демалысқа кететінін айтқан автордың жазбасы танымал болды. Сөзін растау үшін автор жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына жазылған өтініштің суретін қоса жариялаған.

Скриншот: Threads

Бұл жазба түрлі компания қызметкерлері арасында қызу пікірталас тудырды. Желі қолданушылары пікірлерде өз оқиғаларын бөлісті: бірі жұмыстан шыққан кезде өтемақы алуды көздеп, пайдаланылмаған демалыс күндерін жылдар бойы жинағанын мойындаса, енді бірі өз компанияларында қызметкерлерді, керісінше, демалуға мәжбүрлеп жіберетінін айтты.

"Қазақстандық компанияларда демалыс күндерін жинау тәжірибесін байқадым. 70–100 күнге дейін жинайтын адамдар бар. Жұмыстан шыққанда ақшалай аламыз дейді. Ешкім денсаулығын, отбасын, тәні мен жанының демалуын ойламайды", - деді тағы бір жазба авторы.

Сондай-ақ ол алдыңғы жұмыс орнынан кетерде небәрі бес-алты күн демалысы қалғанын, себебі басшылық қызметкерлердің толыққанды демалуын қолдағанын айтып берді.

Скриншот: Threads

Кейбір пікір қалдырушылар жұмыс берушілердің өздері қызметкерлердің уақытылы демалуын қадағалайтынын хабарлады.

"Бізді демалысқа "қуып жібереді". Заңнамаға сәйкес жылына кемінде екі апта демалыс алу міндетті. Әрине, бәрі демалысқа түсіністікпен қарайды. Жұмысты қаншалықты жақсы көрсең де, міндетті түрде демалу керек", - деп жазды талқылауға қатысушылардың бірі.

Жазба авторы мұндай тәсілді қолдады.

"Демалысқа "қуғаны" дұрыс. Мен де жұмыста солай істеймін. Демалысты қадағалап, ескертіп отырамын. Қандай сүйікті жұмыс болса да, демалыс қажет екенімен келісемін", - деп атап өтті ол.

Басқа желі қолданушылары бұған қарама-қайшы жағдайға тап болғандарын айтты.

"Бұрын мені демалысқа жібермейтін - жұмыс көп, ешкім үлгермейді деген сияқты ұқсас сылтаулар айтылатын. Қазір жылына төрт рет демалысқа шығуға дайынмын", "Мен әрдайым алдымен демалысты, содан кейін жұмысты жоспарлаймын. Жұмыс істей берсең, денсаулығың сыр береді", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Демалысты келісудегі қиындықтар туралы оқиғалар да кездесті.

"Ал бізде қызметкер демалысқа шыққысы келсе, үнемі наразылық туады. Бас директорымыздың ойынша, демалыс алу үшін бір жыл жұмыс істеу керек. Менің жұмыс істеп жатқаныма бір жыл болды, демалысқа бір апта қалса да, әлі бекітіп бермей жатыр", - деп бөлісті желі қолданушыларының бірі.

Кейбіреулер өз компанияларында, керісінше, демалыс еш қиындықсыз берілетінін айтты.

"Бізде басшылық еңбек заңнамасының нормаларын сақтайды. Демалысқа тиісінше жібереді. Оған қоса көптеген жеңілдік бар", - делінген пікірде.

Министрлік не дейді?

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру тәртібі Еңбек кодексінің 88-бабымен реттелетінін еске салды.

Ведомство жыл сайынғы ақылы демалыс қызметкерге жұмыс істеген жылы үшін берілетінін түсіндірді. Жұмыс жылы толық өтелмесе, егер еңбек немесе ұжымдық шартта не жұмыс берушінің актілерінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, демалыстың ұзақтығы жұмыс істеген уақытқа пропорционалды түрде анықталады.

Сондай-ақ министрлік жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы кем дегенде 24 күнтізбелік күн екенін нақтылады.

Бұл ретте жұмыс беруші еңбек немесе ұжымдық шартта не ұйымның ішкі актілерінде бұдан да ұзақ демалысты қарастыра алады. Мұндай жағдайда қызметкерге ұзақтығы көбірек демалыс беріледі.

Демалыс ұзақтығы белгіленген бе?

Ведомство жыл сайынғы ақылы демалыстың ең ұзақ мерзімі Еңбек кодексінде шектелмегенін атап өтті. Министрліктегілер жалпы ұзақтық қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін заңнама нормаларына, сондай-ақ еңбек немесе ұжымдық шарттың талаптарына байланысты болатынын түсіндірді. Егер қызметкерге қосымша ақылы демалыс тиесілі болса, олар негізгі демалысқа қосылады.

Осылайша, заңнама жыл сайынғы ақылы демалыс күндерінің саны бойынша жоғарғы шекті белгілемейді.

Демалысты бөлуге бола ма?

Министрлік мәліметінше, демалыс толықтай немесе қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша бөліп берілуі мүмкін.

Бұл ретте заңнама бір міндетті шартты белгілейді: демалыс бөліктерінің бірі күнтізбелік 14 күннен кем болмауы тиіс.

Сонымен қатар демалыс ұзақтығы күнтізбелік күндермен есептеледі. Егер демалыс кезеңіне мереке күндері түссе, олар демалыс ұзақтығына қосылмайды.

Пайдаланылмаған демалыс күндері "күйіп кете ме" және демалысқа қашан шығуға болады?

Еңбек кодексінде жыл сайынғы ақылы демалыстың пайдаланылмаған күндері "күйіп кетпейтіні" жазылған. Оларды келесі жұмыс жылына ауыстыруға, келесі демалысқа қосуға немесе қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша бөлек пайдалануға болады.

Бұл ретте заң жұмыс берушіге қызметкерге қатарынан екі жыл бойы демалысты немесе оның бір бөлігін бермеуге тыйым салады. Егер қызметкер жұмыстан шығатын болса, оған пайдаланылмаған барлық демалыс күндері үшін өтемақы төленеді.

Тағы бір маңызды жайт алғашқы демалысқа қатысты. Демалысты бір жыл жұмыс істегеннен кейін ғана алуға болады деген кең таралған пікір Еңбек кодексіне сәйкес келмейді. Егер қызметкер мен жұмыс беруші өзара келіссе, демалысты ертерек те рәсімдеуге болады. Бұл жағдайда, егер еңбек немесе ұжымдық шартта өзгеше көзделмесе, демалыс ұзақтығы нақты жұмыс істеген уақытты ескере отырып айқындалады.

Қазақстанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Бұған дейін Қазақстанда демалыс ақысының мөлшері қызметкердің орташа жалақысы негізінде есептелетінін жазған болатынбыз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ол үшін алдымен орташа күндік (немесе сағаттық) табыс анықталады: есепті кезеңдегі есептелген жалақы сомасы осы кезеңдегі жұмыс күндерінің (немесе сағаттарының) санына бөлінеді.

Демалыс басталғанға дейінгі 12 ай есепті кезең болып саналады. Егер қызметкер жұмыс берушіде бір жылдан аз уақыт жұмыс істесе, есептеу кезінде нақты жұмыс істеген уақыты ескеріледі.

Демалыс күнтізбелік күндермен берілгеніне қарамастан, тек демалыс кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндері (немесе сағаттары) төленеді.

Сондай-ақ министрлік жұмыс беруші демалыс ақысын демалыс басталуынан кемінде үш жұмыс күні бұрын аударуға міндетті екенін ескертті. Егер демалыс бекітілген кестеден тыс берілсе, төлем ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.

Сонымен қатар демалыс ақысын есептеу кезінде кейінгі 12 айдағы орташа табыс ескеріледі. Есепке барлық тұрақты төлем, соның ішінде еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген болса, сыйақылар да кіреді. Бұл ретте еңбекке жарамсыздық кезеңдері мен жалақы сақталмайтын демалыс күндері есептен шығарылады.

Еңбек министрлігі бұл ережелер меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушіге қолданылатынын атап өтті.

2026 жылы еңбек демалысына ең тиімді жаз айы аталды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Тамыз 2026 15:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары