158 млн теңгелік De Beers сырғасы қайтадан аукционға қойылды
7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» (KUVA) қымбат зергерлік бұйымдар мен сағаттарды қайтадан аукционға шығарды.
Сауда 19 мамыр күні Астана уақытымен сағат 10:00-де өтеді. Аукциондағы ең қымбат лоттардың бірі – De Beers брендіне тиесілі гауһар сырға. Оның бастапқы бағасы 158,1 млн теңгені құрайды. Ал аукционға қатысу жарнасы – 23,7 млн теңге.
Ақ алтыннан жасалған әшекейге жалпы салмағы 6,06 карат болатын екі гауһар тас орнатылған. Сырғаның жалпы салмағы – 5,8 грамм. Бұған дейін зергерлік бұйым бірнеше мәрте сатылымға шығарылғанымен, сатып алушы табылмаған.
Саудаға сондай-ақ Van Cleef & Arpels алқасы да қойылды. Оның бастапқы құны – 55 млн теңге. Алқада 16,92 карат гауһар тас бар.
Бұдан бөлек, аукционда 10 қымбат сағат сатылады. Ең қымбат лот – Ulysse Nardin Classic 789-80 сағаты. Оның бағасы 214,4 млн теңгеге бағаланған. Платинадан жасалған бұл модель әлемде небәрі 30 дана шығарылған.
Еске салайық, бұған дейін Кәрім Мәсімовке тиесілі самурай қылышы аукционда 1,5 млн теңгеге сатылған еді. Ал «Байсат» базары төртінші рет өтпей қалып, енді бесінші мәрте саудаға шығарылмақ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:46
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Мамыр 2026 12:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















