Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

19 жастағы Елнар Қазақстанға 10 млрд долларлық жобаны қалай алып келді

19 жастағы Елнар Қазақстанға 10 млрд долларлық жобаны қалай алып келді

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Елнар Салпековтың мектеп бітіргеніне көп болған жоқ. Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі бүгінде әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі — Калифорния университетінің Беркли кампусында білім алып жүр. Оқумен қатар жеке стартапын да дамытып жатыр. Жақында өз командасымен бірге Павлодар облысында заманауи жасанды интеллект деректер орталығын салуға бағытталған құны 10 млрд долларлық жобаны да Қазақстанға алып келді. Sputnik Қазақстан Smartestprep онлайн білім беру платформасы ұсынған ақпарат негізінде жас стартапер туралы қызықты деректерді жариялайды.

"Мүмкін емес нәрсе жоқ"

Елнар мектепте оқып жүргенде мүмкін емес нәрсе жоқ екенін түсінген. Ол үшін тек шын ниетпен еңбек ету керек.

"Ол кезде жасым 12–13-те еді. Досым екеуміз жеміс чипсыларын жасап, мектепте сататынбыз. Артынан бұны бизнеске айналдыруды ойладық. Досым кездейсоқ бір инвестор — мейрамхана иесіне барып, идеямызды айтып көрген. Сонда менің таңғалғаным, кәсіпкер бізді тыңдауға келісті. Біз оған бизнес-жоспарымызды дайындап, жобаны таныстырдық. Сөйтіп, ол бізге 60 мың доллар инвестиция салуға келісті", - деп еске алды Салпеков.

Оның айтуынша, компанияның негізгі жұмысын ересектер жүргізген. Алғашқы бизнесі ұзаққа бармаса да, дәл осы тәжірибе оның өмірге деген көзқарасын түбегейлі өзгертті.

"Мен өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ екенін түсіндім. Содан бері үнемі жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жобаларды іздеумен келемін", — дейді ол.

Берклиге қалай түсті

Елнар Салпеков бірінші болып Халықаралық тарих олимпиадасында (International History Olympiad, IHO) медаль жеңіп алған. Ауыл мектептерінің оқушыларына Назарбаев зияткерлік мектептеріне түсуге көмектесіп, өз командасымен бірге мыңдаған баланың тағылымдамасын ұйымдастырған. Сол кезде АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Лаура Вайгорова бірлесіп құрған Study With Us білім беру бағдарламасына да қатысуға шешім қабылдаған. Соның аясында дарынды мектеп оқушылары шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге тегін дайындалады.

Елнарға Smartest Prep орталығы да көмектескен. Осылайша, SAT бойынша 1500 балл, ал IELTS-тен 8.0 ұпайы бар түлек Калифорния университетінің Беркли кампусына оқуға түскен. Ал оның оқу ақысын Google компаниясының бұрынғы бас директоры Эрик Шмидт негізін қалаған Rise қоры толығымен төлейді.

Жеке жобасы қандай

Елнар оқумен қатар досы Асқар Әлмұхаметовпен бірге Қазақстан университеттеріне түсу үдерісін жеңілдететін Q App стартапын да бастаған. Бүгінде осы онлайн-платформаны Қазақстан мен Өзбекстанның 70-тен астам жоғары оқу орны пайдаланады. Жобаға 200 мың доллардан астам инвестиция тартылған.

"Біз Қазақстан университеттеріне онлайн түрде құжат тапсыруға арналған платформа жасап жатырмыз. Қазір көптеген талапкер кезекте тұрып, құжаттарын қолма-қол тапсырып жатады. Біз осы процесті цифрландырып жатырмыз. Адам бір рет өтінім толтырып, бірден бірнеше университетке құжат жолдай алады", — дейді ол.

Қазақстанға 10 млрд доллар тартылды

Жасанды интеллект саласындағы әлемдегі ең ірі жобалардың бірін Қазақстанға тарту Елнардың өміріндегі ең ауқымды жоба болды. Берклиде оқып жүргенде серіктесі Асқар Әлмұхаметов Firebird компаниясының негізін қалаушы, NVIDIA-ның ресми серіктесі Размик Овакимянмен танысқан. Бұл компания жасанды интеллектке арналған заманауи деректер орталықтарын салады. Орталықтарда ChatGPT секілді жасанды интеллект жүйелерінің сұраныстары өңделеді. Компания осындай алғашқы жобасын Арменияда 4 млрд долларға жүзеге асырған. Ал келесі нысанды Қазақстанда, Өзбекстанда немесе Тунисте салуды жоспарлаған.

"Размик бізге хабарласты. Біз оларды Қазақстанға келуге көндірдік, елдің мүмкіндіктерін көрсеттік, мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруға көмектестік. Нәтижесінде олар басқа нұсқалардан бас тартып, Қазақстанды таңдады. Қазір компания 2027 жылы салынуы жоспарланған жасанды интеллект деректер орталығының құрылысына 10 млрд доллардан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр", — деп атап көрсетті Салпеков.

Пенсильвания университетінің Уортон бизнес мектебінде (UPenn Wharton) білім алып жүрген Жания Кенжеғалиева да елеулі үлесін қосқан. Ол Firebird командасының Қазақстанға сапарына қатысты аналитикалық және таныстырылым материалдарын әзірлеуге, сондай-ақ сапарды ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіруге қатысқан.

Қазақстандағы жоба несімен тиімді

Firebird компаниясы салатын нысан майнингке арналған деректер орталығы емес.

"Мұндай орталықтар жасанды интеллект жүйелерінің сұраныстарын өңдеп, есептеу қуатын бүкіл әлемге сатады. Демек, Қазақстан жоғары технологиялы цифрлық өнімді экспорттай алады. Жоба елге жыл сайын 2 млрд доллардан астам экспорттық табыс әкелуі мүмкін. Бұл Қазақстанның қазіргі ІТ экспортының көлемінен де жоғары. Ең бастысы, елімізде өзіміздің AI-инфрақұрылым қалыптасады. Бұл Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы тәуелсіздігін айтарлықтай күшейтеді", — дейді Елнар.

Салпеков осы ауқымды бастамаларды жүзеге асыру үшін оқуынан академиялық демалыс алған. Артынан Берклиге қайта оралып, білімін аяқтауды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Тамыз 2026 12:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары