Қазақстанға халықаралық пойызбен туристер келді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Қытайдың Сиань қаласынан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға Қытайдың түрлі өңірлерінен 60-қа жуық турист келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Жолаушылар тасымалы" АҚ-сына сілтеме жасап.
Пойыз Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік теміржол қатынасын дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
© Photo : "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясыҚазақстанға халықаралық пойызбен туристер келді

Қазақстанға халықаралық пойызбен туристер келді
© Photo : "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы
"Пойыз Сиань қаласынан 29 маусымда жолға шығып, мемлекеттік шекараны Қорғас станциясы арқылы кесіп өтті. Ал Қазақстан аумағында "Жолаушылар тасымалы" жасақтаған пойыз құрамында жалғастырды. Туристер Алматыда бірнеше күн болып, қаланың негізгі көрікті жерлерін аралайды, экскурсиялық бағдарламаға қатысады",-дейді компания мамандары.
Ал 6 шілдеде туристік пойыз Қорғас станциясы арқылы Қытайға қайтады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:61
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Шілде 2026 14:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















