20 жыл бойы ақша жинау немесе пәтер жалдау: неге Қазақстан жастары баспана сатып алудан бас тартып жатыр?
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бұған дейін өз баспанасына ие болу көпшілік үшін "ұл өсіру" мен "ағаш егумен" тең дәрежедегі басты мақсаттардың бірі болатын. Бірақ бүгінгі жастар үшін "өз үйінің" болуы құндылықтар жүйесінен тыс қалғаны байқалады. Сарапшылар нарықта жалға алушылар буыны қалыптасып жатқанын жиі айтады. Бұл - өз "шаршы метрін" сатып алу үшін ақша жинағаннан көрі, пәтер жалдау әлдеқайда ыңғайлы, оңай әрі тиімді деп есептейтіндер.
Поделиться
Бұған дейін өз баспанасына ие болу көпшілік үшін "ұл өсіру" мен "ағаш егумен" тең дәрежедегі басты мақсаттардың бірі болатын. Бірақ бүгінгі жастар үшін "өз үйінің" болуы құндылықтар жүйесінен тыс қалғаны байқалады. Сарапшылар нарықта жалға алушылар буыны қалыптасып жатқанын жиі айтады. Бұл - өз "шаршы метрін" сатып алу үшін ақша жинағаннан көрі, пәтер жалдау әлдеқайда ыңғайлы, оңай әрі тиімді деп есептейтіндер.
TengriHome сарапшылармен және сол жастармен бірге осы құбылысты зерттеп көрдік. Неліктен бұлай болып жатыр? Олар өз үйін сатып алғысы келмей ме, әлде бұған шамалары жетпей ме? Бұл жағдай жылжымайтын мүлік нарығын қалай өзгертті?
Жалға алушылар буыны: мәселе тек еркіндікте емесЕлордалық жылжымайтын мүлік және ипотека орталығының сарапшысы Садықжан Рахымбердиевтің пікірінше, пәтер жалдаушылар қатары күн санап артып келеді. Ол мұны клиенттердің сұранысына сүйеніп айтып отыр.
"Жастардың бір бөлігі қазір "қандай пәтер сатып алсақ болады?" деген сұрақпен келмейді. Олар: "Қазір үй сатып алудың маңызы бар ма?" деп сұрайды. Бұл мүлдем бөлек сұраныс және басқа психология", - дейді Садықжан Рахымбердиев.
Жоғары санатты риелтор Александр Бикетов те қазіргі жастардың пәтер сатып алудан гөрі жалдауды жиі құп көретінімен келіседі. Мұның бірнеше себебі бар, оның ішінде буын ерекшеліктерін де атап өтуге болады.
"Олардың бірі - Y буыны немесе 1981-1996 жылдары туған миллениалдар. Олар заманауи, мобильді, бірақ бойларында әлі де "жеке баспана болуы тиіс" деген түсінік бар. Ал Z буыны - "нөлдік" жылдары дүниеге келгендер. Олар өз үйім болуы керек деп бас қатырмайды. Олар үшін еркін қозғалыс маңызды", - деп сипаттайды Александр Бикетов өз клиенттерін.
Дегенмен, жалдау туралы сұраныстардың жиілеуіне екінші, неғұрлым маңызды себеп те бар: ол - жалпы жылжымайтын мүлік нарығы мен несиелендірудегі жағдай.
"Мен бұл құбылысты тым әсірелеп, романтикаға теңемес едім. Жалға алушылар буыны - бұл тек еркіндік туралы емес. Бұл - шаршы метр бағасының тым өсіп кетуі, ипотеканың ауырлауы және табыстың оған жете алмауы. Адам "ешқайда байланғым келмейді" деуі мүмкін, бірақ бұл сөздің астарында көбіне қарапайым математика жатады: бастапқы жарна жоқ, табыс расталмайды, демек банк несиені мақұлдамайды", - деп толықтырды Садықжан Рахымбердиев.
Нарық сарапшылары жалпы осындай жағдайды байқап отыр. Енді себептерге тереңірек тоқталайық.
Неліктен пәтер сатып алғаннан гөрі жалдаған тиімдірек? Философиялық тұрғыдан "Өмірдің қызығын кейін емес, қазір көру"Алматылық Марат Алданов - пәтер жалдау тәжірибесі сегіз жылды құрайтын азамат. Қаланың түрлі аудандарында тұрып көрген, қазір ескі орталыққа тұрақтаған. Үш бөлмелі пәтер үшін достарымен бірге 350 мың теңге төлейді. Әрбір жалдаушы үшін бұл салыстырмалы түрде үнемді әрі ыңғайлы.
Мараттың айтуынша, әзірге достарының ешқайсысы жеке баспананың жоқтығына бола уайымдап жүрген жоқ. Өзі де бұл мәселеге бас ауыртпайды, ұйқысы тыныш.
"Әрине, алдағы өмірдің қалай болатынын білмеймін, бірақ негізінен ешқандай жылжымайтын мүліксіз-ақ өмір сүре берер едім. Үйге ақша жинаймын деп көңіл көтеруден, ең бастысы, саяхаттан бас тартуым керек. Пәтер сатып алып, ипотекасын төлеп болған соң емес, нағыз жас кезіңде өмірдің қызығына батқың келеді. Ал кейін отбасы, бала-шаға болады, тағы да бюджетті үнемдеуге тура келеді. Сондықтан 30-дан асқан соң, мүмкін саяхаттау да қызық болмай қалатын кезде емес, жас кезде жарқын сәттерді көбірек бастан өткерген дұрыс", - дейді Марат Алданов.
Тағы бір жалдаушы Сабина Ибрагимова бұл буын арасындағы айырмашылық деп санайды. Оның ата-анасы үшін пәтер алу өмірлік басты мақсат болған.
"Біздің буын тек пәтер алып қана қоймай, жайлы өмір сүру деңгейін сақтау, саяхаттау, даму, басқа да мақсаттарды іске асыру маңызды деп санайды. Сондықтан мен үшін үй сатып алу әлі де маңызды міндет болып қалғанымен, кейде ол ұзақ мерзімді жоспарлардың қатарына ысырылып қалады", - дейді бойжеткен.
Әлеуметтанушы-сарапшы Камила Ковязина жастардың үйреншікті өмірлік бағдарламасы өзгергенін түсіндіреді.
Оның айтуынша, мәселен, біздің ата-аналарымызда немесе қазіргі 40-тан асқан буында өмірдің барлық кезеңдері түсінікті болды: дүниеге келді - білім алды - отбасын құрды - үй салды немесе пәтерге ақша жинады - ұл өсірді - ағаш екті. Яғни, өмірдің мәні орындалды деуге болады. Осы тізбекте "өз үйің" маңызды болып қала берді.
Еркіндік пен мобильділік"Қазір жағдай басқаша. Бүгінгі әлем әлдеқайда алуан түрлі, сонымен бірге өмір жолының траекториясы да сан қырлы болып келеді. Балаға бұрынғыдай бір ғана стандартты емес, көптеген нұсқалар ұсынылады. Сондықтан ол басқаша ойлайды. Неге мен міндетті түрде жоғары білім алуым керек? Неге мен қазір үйленуім немесе тұрмысқа шығуым керек? Бұл қайда және қалай тұруды таңдау еркіндігіне де қатысты", - деп түсіндіреді Камила Ковязина.
Сабина Ибрагимова жалдамалы пәтердің тиімді тұсын атады. Қазір бір жерде 10–15 жыл бойы еңбек ететіндер аз, жұмыс әлдеқайда жиі ауыстырылады. Жаңа жұмыс орны міндетті түрде тұрғылықты жеріңізге жақын болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда жаңа кеңсеге немесе кәсіпорынға жақын жерден пәтер жалдау еш қиындық тудырмайды.
"Жалпы, пәтер сатып алатын болсаң, бірден жақсы ауданнан, орталыққа жақын жерден алғың келеді, бірақ қолжетімді баспана көбіне қаланың шетінде орналасады. Ал мегаполис үшін логистика мәселесі өте өзекті. Кептеліс салдарынан алыс аудандардан күнделікті қатынау - уақытты, күш-жігерді және ақшаны айтарлықтай жоғалту деген сөз", - дейді бойжеткен.
Марат Алданов жеке жылжымайтын мүлік адамды белгілі бір жерге байлап қоятынымен келіседі. Ал адамдар еркіндікті, соның ішінде географиялық еркіндікті қалайды.
"Біз бір орында отырмаймыз. Көбісі басқа қалада немесе басқа елде тұрып, қашықтан жұмыс істеуге болатынын қаперінде ұстайды. Ешқандай шектеу жоқ, әлемнің кез келген нүктесіне барып немесе ұшып барып, сол жерден баспана жалдай аласың", - деп түсіндіреді тұрғын.
Коронавирус пандемиясынан кейін адамдар қашықтан жұмыс істеуге дағдыланды, деп толықтырды Камила Ковязина. Қазақстандық тапсырыс берушінің тапсырмаларын Түркияда тұрып-ақ еш қиындықсыз орындауға болады.
Күтіп ұстау тұрғысынан тиімдірек"Әлем бір-бірімен тығыз байланысты әрі түсінікті бола бастады. Яғни, қазір елдердің мәдени тұрғыдан бір-бірінен қатты ерекшеленетіні туралы сезім жоқ. Адамдар үй тек бір жерде ғана болмауы мүмкін екенін түсіне бастады. Оларға басқа мемлекеттерде тұру да жайлы", - деп түсіндіреді социолог.
Сабина Ибрагимова жалдамалы пәтердің пайдасына тағы бір дәлел келтіреді - оны күтіп ұстау арзанырақ түседі. Өз үйіңде немесе пәтеріңде үнемі жөндеу жүргізіп, кейін бірдеңені жаңартып отыру керек. Ал бұл аз шығын емес. Бөтеннің аумағында тек тазалық сақтау жеткілікті. Тұсқағаз бен ламинатты ауыстыру керек пе деген мәселеге үй иесі бас қатырады.
Консьюмеризм және "дофаминді" пәтерлер: неге тұтынушылық әдетке айналдыЖастар - әсер қуушылар мен эмоция тұтқындары, дейді социолог-аналитик. Олар үшін консьюмеризм өмір салтына айналып жатры.
Анықтама: консьюмеризм - тауарлар мен қызметтерді тұтыну культі. Бұл адамға аса қажет емес заттарды да шектен тыс, үнемі сатып алуға деген ұмтылыс.
Қазір біз тұтыну дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Тіпті смартфонды жыл сайын, ал кейбіреулер автокөлікті де жаңартып отырғысы келеді.
"Бұрын көлікті ондаған жылға сатып алатын, ал қазір ше? Көбіне: бір-екі жыл айдаймын да, Тrade-in арқылы өткізіп, аздап ақша қосып, жаңасын аламын деген оймен сатып алады. Қазір пәтер мәселесі де солай. Егер жалдау арқылы тұрғылықты жерді ай сайын болса да жаңартуға мүмкіндік болса, бір пәтерде тұрып, оған байланудың не қажеті бар? Аудан ұнамаса - көшіп кеттің, жөндеуі ұнамаса немесе жалықтырып жіберсе - әрқашан ашық түсті, заманауи пәтер таңдауға болады. Қазір нарықта ұсыныстар өте көп", - дейді Марат Алданов.
Әлеуметтік желілер мен Pinterest-ті көп қараудың әсерінен көбісі өз өмірін жылтыр журнал форматында елестетеді, деп толықтырды Камила Ковязина. Жылжымайтын мүлік нарығы да бұған бейімделіп келеді. Сұхбат берушінің айтуынша, ерекше әсер іздеушілер үшін тіпті дофаминді интерьері бар пәтерлер ұсынылып жатыр.
Анықтама: дофаминді интерьер - бұл түстер гаммасы немесе декор түріндегі ашық түсті "дақтар" арнайы қолданылған пәтер немесе үй интерьері. Мұндай кеңістікке қарағанда адамда қуаныш сезімі пайда болады.
Жастардың басым бөлігі барынша жеңіл әрі қиындықсыз өмір сүруге бейім, деп қорытындылады Камила Ковязина. Бірақ бұл олардың болашаққа жеңілтек қарауынан емес. Көпшілік үшін ақша жинау және баспана сатып алу мүмкін емес шаруаға айналған.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
"Пәтер сатып алу - бұл жай ғана ниет емес, сонымен қатар қомақты бастапқы капиталдың болуын талап ететін қажеттілік. Тіпті ипотеканың өзіне алғашқы жарна ретінде бірнеше миллион теңге керек, ал қазіргі жағдайда мұндай соманы жинау өте қиын. Көптеген адамның табысының едәуір бөлігі негізгі шығындарға: тамаққа, көлікке, жалдау ақысына, тұрмыстық қажеттіліктерге кетеді. Кейде мәселе баспанаға ақша жинау туралы емес, күнделікті шығындарды жабу туралы болып отыр", - деп Сабина Ибрагимова өз уайымын бөлісті.
Камила Ковязинаның пікірінше, бұл бүкіл әлемде жалға алушылар буынының өз баспанасына ие болмастан, жасы ұлғайып бара жатқанының негізгі себебіне айналуда. Біреулер баспана сатып алу жоспарын ұзақ мерзімге шегереді, ал кейбіреулер мұндай мүмкіндікті мүлдем көрмейді.
Экономика және қаржы тұрғысынан Баспана бағасына жету мүмкін емес, ал табыс бір орнында тұр: неге жылжымайтын мүлік қолжетімсіз бола бастады?Баспана барған сайын қолжетімсіз болып барады, деп сендіреді Камила Ковязина. Оның сөзінше, мұндай жағдай тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге тән. Сарапшы мысал ретінде баспана қолжетімділігі коэффициентін келтіреді.
Анықтама: медиандық табыс пен баспананың медиандық бағасының арақатынасы - бұл баспана қолжетімділігінің коэффициенті. Ол егер отбасы барлық табысын осы мақсатқа жинайтын болса, пәтерге қанша жылда ақша жинай алатынын көрсетеді.
"Бұл коэффициентті көптеген банк пен халықаралық ұйымдар қолданады. Бұрын бұл көрсеткіш үшке тең болатын, яғни барлық ақшаны тек осы мақсатқа жинаған жағдайда, үш жылда баспана алуға мүмкіндік бар еді. Бірақ қазір бұл цифр бүкіл әлемде өсіп жатыр. Мысалы, Еуропада бұл көрсеткіш бес-жетіге дейін көтерілді. Гонконгта - 8–12. Қазақстанда баспанаға 7–8 жылда ақша жинауға болады", - деп мысал келтіреді Камила Ковязина.
Немесе елдегі медианалық жалақыны қарастыруға болады. Сарапшының айтуынша, ол халықтың табысы бойынша шынайырақ көріністі көрсетеді.
Анықтама: медианалық жалақыны есептеу кезінде жұмыс істейтіндердің саны екі тең топқа бөлінеді, мұнда адамдардың бір жартысы осы сомадан аз, ал екінші жартысы көп табыс табады. Басқаша айтқанда, бұл жалақы "төбе" немесе "төменгі" көрсеткіштерді ескермей, орташа адамның қанша табатынын көрсетеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстандағы медианалық жалақы 317 мың теңгені құраған. 2026 жылдың бірінші тоқсанында – 331 527 теңге.
"Айталық, екі адамнан тұратын отбасы 650 мың теңге табады. Олардың шамамен 200 мың теңгесі пәтер жалдауға, тағы табысының 50 пайызына жуығы азық-түлікке жұмсалады. Барлығы шамамен 500 мың теңге. Оларда шамамен 150 мың теңге қалады. Киім-кешек, бензин, дәрі-дәрмек сияқты басқа да шығындар бар. Сонда пәтерге ақша жинау тіпті теориялық тұрғыдан да мүмкін емес болып шығады", - деп есептейді Камила Ковязина.
Садықжан Рахымбердиев адамдар баспана алуды мақсат етіп, кез келген бос қаржыны жинап, белгілі бір уақыт бойы қарапайым өмір сүруге дайын болған жағдайды қарастыруды ұсынады.
"Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Астанада 35 шаршы метрлік пәтер сатып алу шамамен 25,6 миллион теңге болады. Егер Қазақстандағы медианалық жалақының 30 пайызын жинаса - бұл айына шамамен 100 мың теңге. Ипотекасыз және бағаның өсуін ескермегенде, мұндай пәтерге қаражат жинау үшін 21 жылдан астам уақыт қажет. Дәл осы жерде "сатып алғым келмейді" деген сөз "ипотекасыз сатып ала алмаймын" деген әңгімеге ұласады", - деп түсіндіреді Садықжан Рахымбердиев.
Алматыда монолитті үйден бір бөлмелі пәтер шамамен 30 миллион теңге тұрады, деп салыстырады Александр Бикетов. Оның айтуынша, орташа жалақы шамамен 450 мың теңге. Егер қатаң үнемдеу режимінде оның жартысын жинаудың сәті түссе, қалған бөлігі тек негізгі қажеттіліктерді өтеуге жетеді. Сонда қажетті соманы жинау үшін 11 жылдан астам уақыт керек болады.
Бірақ есептеу кем дегенде 200 мың теңгені құрайтын пәтер жалдау ақысын есепке алмай жасалған. Баспана жалдау бұл бюджетке сыймайды. Осынша уақыт бойы қайда тұру керек?
"Сонымен қатар осы уақыт ішінде пәтер бағасы да кем дегенде жылдық инфляция деңгейіне өсетінін ескеру қажет. Ал мәліметтер көрсеткендей, жалақы әрқашан дәл солай өсе бермейді", - деп тұжырымдайды Александр Бикетов.
Бұл жастардың намысына жеке баспананың жоқтығынан да бетер тиеді, дейді Сабина Ибрагимова.
Баспананы ипотекаға алу: тиімді ме әлде кіріптарлық па?"Жылжымайтын мүлік жыл сайын қымбаттап жатыр. Сатып алуды неғұрлым кешіктірсең, бұл мақсат соғұрлым алыстай беретіндей сезім туады. Сондықтан қыркүйек айынан бастап баспанаға арнайы ақша жинауды жүйелі түрде қолға алып, бөлек депозит ашқым келеді", - деп бөлісті кейіпкеріміз жоспарын.
Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарёв те нарықта тұрақты жалға алушылар саны артып жатқанын байқап отыр. Оның пікірінше, мұндай үрдіс "жауапкершілікті алғысы келмейтін" жастардың еркелігі емес, есебі қиыспайтын математикаға қайтарылған ұтымды жауап.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Елена Бахарева
Сарапшы классикалық бастапқы деректерді алуды ұсынады:
Алматы бойынша орташа жалақы - айына шамамен 450–500 мың теңге; қаладағы бір бөлмелі пәтердің құны - 25-тен 35 миллион теңгеге дейін.Мұндай жағдайда ипотеканың әртүрлі форматы аясында жылжымайтын мүлікті қалай сатып алуға болады?
Коммерциялық банктердің нарықтық мөлшерлеме бойынша ипотекасы
Бастапқы жарна - кемінде 20 пайыз, яғни 7–9 миллион теңге. Орташа жалақы мен өмір сүруге арналған стандартты шығындарды ескергенде, бұл соманы пәтер жалдамай, демалмай және форс-мажорсыз 4–6 жыл қатаң үнемдеу арқылы жинауға болады. Бірақ жас маман жалдау ақысын төлейді, сондықтан жинақтау көкжиегі алыстай түседі.
Қазір несие бойынша жылдық мөлшерлеме 18-ден 22 пайызға дейін. 20 жылға алынған 30 миллион теңгелік қарыз бойынша ай сайынғы төлем шамамен 520–560 мың теңгені құрайды, бұл орташа жалақыдан көп. Қаржы сарапшысының айтуынша, мұндай шарттарды тиімді ипотека деп атау қиын.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап коммерциялық банктердегі ипотекалық қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) төмендеп, 20 пайыз деңгейінде тұрақтауы тиіс. Бірақ банктерге маржасы төмен қарыздар беру тиімсіз. Сондықтан олар несие беруді тоқтатуы мүмкін, деп болжайды ол. Нәтижесінде тек "Отбасы банкінің" ипотекасы ғана қалу қаупі бар.
"Отбасы банкінің" жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша ипотекалары
Ең тиімді құрал - бес пайыздан сегіз пайызға дейінгі пайыздық мөлшерлемелер. Бірақ бір шарты бар - алдымен депозитте тұрғын үй құнының 50 пайызын жинау керек, ал бұл жылдап күтуді қажет етеді.
Жастарға арналған жеңілдетілген өңірлік ипотека ("Алматы жастары", "Елорда жастары" және тағы басқалар) - жақсы бағдарлама, бірақ қаржыландыру көлемі аз. Алматылық бағдарламаны мысалға алсақ, оның шарттары төмендегідей:
алғашқы жарна - 10 пайыз; несие бойынша жылдық мөлшерлеме - бес пайыз; қарыздың ең жоғары мөлшері - 20 миллион теңге.Тұрғын үй бағасының өсіп жатқанын ескерсек, мұндай қаржыландыру жеткіліксіз болуы мүмкін.
Сондықтан да, дейді біздің сұхбаттасушыларымыз, қазақстандықтар үшін жалдау тиімдірек.
Пәтер жалдау сатып алғаннан гөрі арзан әрі оңай: себептері мен есебіСадықжан Рахымбердиев тағы бір мысал келтіреді: шартты түрде ауданы 35 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерді алайық. Астанадағы жаңа құрылыстардың орташа бағасымен мұндай нұсқа шамамен 25,6 миллион теңге тұрады.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Ұлттық статистика бюросының деректерін негізге алсақ, оны жалдауға айына шамамен 194 мың теңге қажет болады. Ал егер мұндай тұрғын үйді коммерциялық ипотекаға алсаңыз, ай сайынғы төлем шамамен 300 мың теңге және одан да көп болады.
Уақытша баспана: жалға алушылар нарықты қалай өзгертті және алда не болады? Нені және қалай жалдайды: трендтер"Сондықтан жастар жалдамалы пәтерде қалады. Бұл формат мінсіз болғандықтан емес, сатып алудың "кіру" шарты тым ауыр болғандықтан. Меншік құқығы тым қымбатқа түскендіктен, жалдау түріндегі еркіндік танымал бола бастады", - дейді спикер.
Жалға алушылар арасында қазір қандай жылжымайтын мүлік трендте екенін талдамас бұрын, жалдау формасын анықтап алу керек, дейді Александр Бикетов. Оның айтуынша, қазір "коливинг" нұсқасы өте танымал. Бұл екі-үш жастың бір тұрғын үйді жалдап, ай сайынғы ақыны бәріне бөліп төлеуі.
"Мен баспананы құрбыммен бірге жалдаймын, дәлірек айтсам, оның Алматының қолайлы Алмалы ауданындағы пәтерінде тұрамын. Оған төлейтін жалдау ақысы нарықтық құнынан айтарлықтай төмен. Менің таныстарымның арасында да көбі осындай форматты таңдайды. Бірлесіп жалдау жақсы ауданда тұруға және сонымен бірге табыстың тым көп бөлігін баспанаға жұмсамауға мүмкіндік береді", - деп түсіндіреді Сабина Ибрагимова.
Ал егер мұндай адамдарды нақты не қызықтыратынын талдасақ, Алматыдағы ескі "панельді" үйлердегі пәтерлерді жалдауға сұраныс пен баға төмендеп жатыр, деп атап өтті Александр Бикетов. Бұл көбінесе жастардың жаңа тұрғын үй кешендерінде тұруды жөн көретіндігіне байланысты.
"Жастар шаршы метрді емес, дайын өмірді таңдайды. Шағын пәтер, жаңа жөндеу, жиһаз, техника, интернет, жанында аялдама, жұмыс, оқу орны, СОО, кофехана, спорт залы болуы маңызды. Ескі жөндеу мен "шкафты өздеріңіз сатып алыңыздар" деген талаптар қазір өтпейді", - деп толықтырды Садықжан Рахымбердиев.
Астанада жалға алушылар және сәйкесінше кейіннен жалға беру үшін пәтер сатып алатын инвесторлар сұранысты жинақы форматтарға қарай бұрады: студиялар, бір бөлмелі пәтерлер, еуро-екі бөлмелі пәтерлер, дайын жөндеуі бар пәтерлер. Мұны көрген құрылыс салушылар өтімділігі жоғары кішігірім аудандарды жобалайды - оларды кейіннен сату оңайырақ. Сонымен қатар сегментте жалдамалы жылжымайтын мүліктің салыстырмалы түрде жаңа түрі - апартаменттер немесе апарт-отельдер пайда болды.
Анықтама: Апартаменттер - бұл қонақүй мен пәтердің гибриді. Көбінесе олар студия-пәтер секілді көрінеді, яғни бір бөлмеде кір жуғыш машинасы бар шағын асүй, ұйықтайтын орын және теледидар аймағы орналасады. Жуынатын бөлме мен душ бөлек болады. Кейде құрылыс салушы мұндай нысандар үшін тұтас бір тұрғын үй кешенін салады. Сондай-ақ олар қонақүй кешендерінде де орналасады.
Қазақстандағы тұрғын үйді жалдау нарығын не күтіп тұр?"Негізінде бұл - қонақүй сервисі бар шағын пәтерлер: тазалау, химиялық тазалау, спорт залынан бастап, таңғы/түскі аспен қамтамасыз етуге дейін. Жұмыс істеуіне, қызмет көрсетуіне басқарушы компания бақылау жасайды. Мұндай апартаменттерді жалдау бағасы орналасқан жеріне және ғимараттың жаңа болуына байланысты әртүрлі. Мысалы, Астанада Ботаникалық бульвардағы осындай отельдегі пәтер айына 120 мың теңгеден басталады", - дейді Садықжан Рахымбердиев.
Астаналық сарапшының пікірінше, сұраныстың артуына байланысты жалдау нарығы кәсібилене түседі: шарттар жиі қолданылып, жөндеу, тазалау және пәтерді өткізу мәселелерімен "бас ауыртпау" үшін сервистік компаниялар тартылатын болады.
Жастардың өз жылжымайтын мүлкі болуы үшін нені өзгерту керек?"Шағын пәтерлерге сұраныс арта береді. Оларды кейіннен жалға беру үшін сатып алғысы келетіндер көбейеді. Жылжымайтын мүлікке инвестиция салғысы келетіндер баспананы тек "балаларына" ғана емес, сонымен қатар жалдау активі ретінде де сатып алатын болады. Сондықтан жинақы форматтар өтімді болып қала береді", - деп болжайды Садықжан Рахымбердиев.
Садықжан Рахымбердиев жастарға қаржылық тәртіпті дамыту қажет деп есептейді. Оның айтуынша, олар тұтынушылық несиелерді азырақ алып, егер бар болса, оларды уақытында төлеп, несие тарихын жақсартуы керек. Сондай-ақ жинақтаудың жеке стратегиясын әзірлеген жөн.
Сондай-ақ қаржылық қолжетімділік аса қажет: бұл – қолайлы пайыздар, қолжетімді ипотекалық бағдарламалар, кірістің әртүрлі түрлерін есепке алу мүмкіндігі мен шамаға лайықты бастапқы жарна.
"Иә, жастар "басымда баспанам болса болды" деген ниетпен шаршы метрлер сатып алғысы келмейді. Олар қалыпты өмір сүргісі келеді: меншік – тар қапас емес, актив болуы тиіс. Ипотекалық төлем жалдау ақысымен теңесіп, ал пәтер өмір сүру сапасына кесірін тигізбесе, жалға алушы "еркіндіктің аты – еркіндік, бірақ өз үйің – бәрібір негізгі тірек" екенін тез түсінеді", - деп есептейді сарапшы.
Александр Бикетов жеңілдетілген бағдарламалар жастар арасындағы үй иелерінің санын арттыратынын, бірақ бұл еркіндік пен заманауи көшпелі өмір салтына қатысты жаһандық трендті өзгертпейтінін болжайды.
"Меніңше, дәл осындай жеңілдетілген бағдарламаларды арнайы ойлап табудың қажеті жоқ. Одан да жұмыс орындарының саны мен сапасын арттырған абзал. Ал жоғары жалақы қалғанын өзі-ақ реттейді", - деп сенімді қаржы сарапшысы Андрей Чеботарёв.
Қысқа мерзімді кезеңде жалға алу оңайырақ және көбіне арзанырақ түседі, деп түйіндеді Садықжан Рахимбердиев. Бірақ ұзақ мерзімді перспективаны алсақ, өз баспанаңды сатып алу - тиімдірек нұсқа. Себебі адам актив қалыптастырады. Жалға алушы ай сайын ақша төлейді, бірақ соңында мүліксіз қалады. Ал меншік иесі ипотека аясында болса да, банкке ақша төлейді, бірақ уақыт өте келе жеке "шаршы метрлеріне" ие болып қалады.
Алайда егер қазақстандықтардың табысы баспана құнына ілесе алмаса, жалға алушылар буыны әлеуметтік мәселеге айналуы мүмкін, деп санайды сарапшы. Себебі 40–45 жасқа дейін меншікті баспанасы болмау - активсіз, кепілсіз, қаржылық қауіпсіздік қорынсыз және көбіне балаларға қалатын мұрасыз қалу деген сөз.
Тағы оқыңыз:
Ипотека 1 шілдеден бастап арзандайды: сарапшы үй нарығында не өзгеретінін түсіндірді
Алматыда 5 пайызбен ипотека іске қосылады: қарызды кімдер ала алады?
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Маусым 2026 09:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















