Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо Қайраттан кетті

Көкшетаудағы жол апаты: куәлігі жоқ кісіге көлік берген ер адам да жауапқа тартылады

Қатар Премьер министрі Иранға үндеу жасады

BINOM мектебінің жаттықтырушысы олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

Астанадағы LRT желісінде 19 пойыз жүреді

Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар

eGov пен e Otinish қазақстандықтарға тіпті теңгерім нөлге тең болғанда да қолжетімді болады

Катар мен Түркия Ормуз бұғазына қатысты Иранға үндеу жасады

Атырауда масаға қарсы дезинсекция дронмен жүргізілуде

Алматыда интернет дүкен арқылы есірткі тарату арнасы тоқтатылды

Тиімді басқару мен көшбасшылықты дамыту: AMANAT партиясының оқу семинары Сыр елінде жалғасты

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

Атыраудағы жұмбақ өлім: марқұмдардың қызына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Шанхайдағы Гран при турниріне қатысады

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

Қазақстандықтар тойға бармақ болған, бірақ мереке орнына мәселеге тап болды

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

2025 жылы БАҚ та қандай тақырыптар жиі талқыланды?

2025 жылы БАҚ та қандай тақырыптар жиі талқыланды?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

2025 жыл Қазақстан үшін қоғамдық пікірдің, мәдени серпілістің және саяси-әлеуметтік талқылаулардың тоғысқан кезеңі болды. Жыл бойы ел назарында тарихи мерейтойлар, әлемдік деңгейдегі концерттер, спорттағы жетістіктер мен даулы істер, сондай-ақ халықты алаңдатқан әлеуметтік және заңнамалық бастамалар тұрды. Күнтізбе ауысар тұста биыл БАҚ пен әлеуметтік желіде талқы таразысына түсіп, елді елеңдеткен маңызды оқиғаларды еске түсіреміз, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ЖИ

Жыл арқауы – Абай тойы

Биыл қазақтың бас ақыны, ұлтымыздың санасын жаңа арнаға бұрып, жазба әдебиеттің негізін қалаған Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы ел және халықаралық деңгейде тойланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзінде «Ұлы Абай­дың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өту» туралы бастама көтерген болатын. Ұлы ақынның дүбірлі тойы жыл бойы жалғасып, Семейде онкүндік аясында қорытындыланды. 

Әлемдік жұлдыздар – қазақ сахнасында

Халқымыз қашанда өнерде шекара жоғын елеп-екшеген. Әнді сүйген қазақ халқының алдында америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес Up All Night әлемдік туры аясында «Астана Арена» мен Алматының орталық стадионында жеке концерт берді. Жаһан жұртын 40 жыл бойы өнерімен тамсандарған Джей Лоның еліміздегі концертін тамашалауға 29 елден турист келді.

«Қайрат» «Реалды» жеңе ала ма? 

Алдыңғы толқынның әдемі естеліктерінің қылын шерткен Backstreet Boys-тың Астанадағы концерті де көпшілік көңілінен шықты. Аталған аңыз топтың концерті де еліміздің туризм саласына серпіліс берді. Ұйымдастырушылар бұл концертке 12 мың турист арнайы келгенін мәлімдеді. 

Спорттағы серпіліс 

Миллиондардың сүйікті спорты футбол саласында да ел үшін жағымды жаңалық болды. Алматылық «Қайрат» клубы фк «Астанадан» кейін араға 10 жыл салып, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Отандастарымыз беделді лигада «Реал Мадрид», «Интер», «Олимпиакос» сынды әлемнің алпауыт командаларына қарсы ойын көрсетті. 

Корольдік клуб «Реал Мадридтің» Алматыға келуі де айтулы оқиға болды. Әлемдік футбол жұлдыздары топтасқан құрама негізгі құрамда Алматыға аяқ басты. Сол күндері Алматы аспаны ерекше атмосфераға бөленді. Ойында «Қайрат» азулы командаға қарсы есе жібергенмен, отандық футболшылардың есімі халықаралық сарапшылардың тізіміне ілікті. 

Атышулы сот оқиғалары

Қазақ қоғамы 16 жаста кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полат ісіне қатысты сот процесін назардан тыс қалдырмады. Талғардағы оқиға сот үкімі шыққанша халық аузында болып, соттың әділ шешім шығаруына септесті. 

Халықтан жылу жинап, қомақты қаржыны қалтасына басқан Перизат Қайраттың ісі де БАҚ-та жиі талқыланды. Ол мүгедектігі бар балаларға көмек көрсету, Таяу Шығыста зардап шеккендер және Қазақстандағы су тасқынынан жапа шеккендерге көмек көрсету желеуімен жиған қаржыны қолды еткен. Сот оны 10 жыл бас бостандығынан айырды. 

Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады

Қайырымдылық қаржысын жымқырып, халық сенімін аяққа таптаған Ілияс Сариев ісі де жылдың басты тақырыбы болды. Ол сотта кінәсін мойындады. Сот шешімі бойынша, Ілияс Сариев 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Алайда Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау заңы қолданылып, жазасы 1 жылға қысқарды.

Биыл елдегі тіс емдеу орталықтарында балалар өлімі сынды қайғылы оқиғалар тіркелді. Қоғамды алаңдатқан осы бағыттағы мәселелер де БАҚ бақылауында болды. Соның бірі Астанадағы стомотологияда 4 жастағы қыздың жан тапсыруы. Құзырлы орган бұл істі де екжей-тегжей қарап, кінәлілерге Сот айыпталушы анестезиолог-дәрігер Аида Жұмағалиеваны кәсіби міндетін дұрыс атқармағаны және абайсызда адам өліміне себепкер болғаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 2 жылға бас бостандығынан айыру және 3 жыл бойы медицина саласында жұмыс істеуге тыйым салу жазасы тағайындалды. Алайда Конституцияның 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылыққа ілініп, дәрігер негізгі жазадан босатылды.

Стоматологиядағы қайғылы жағдайдың нәтижесі белгілі болды: Министрлік «Севораннан» бас тарта ма?

Саяси-экономикалық жаңалықтар

Биыл еліміздің саяси-құқықтық жүйесіне өзгеріс енгізуге қатысты да біршама ұсыныс пен бастама көтерілді. Солардың ең өзектісінің бірі – бір палаталы парламент құру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйектегі Жолдауында Сенатты таратып, бір палаталы парламент құруды ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл мәселені асығыс жүзеге асыруға болмайды. Реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында және қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет. 

2025 жылы Мәжіліс маңызды заңдарды қарап, Сенатқа жолдады. Олардың талқылану, қабылдану барысы, қоғамдық пікір БАҚ-тың негізгі тақырыптарына айналды. 

Жаңа салық кодексі және салыққа қатысты заңдар

Осы жылдың 30 сәуірінде Мәжіліс жаңа салық кодексінің жобасын екінші оқылымда қабылдап, Сенатқа жолдады. Бұл құжат салық салуды құрылымдық қайта реттеуді көздейді.  ҚҚС мөлшерінің 16 % деңгейінде бекітілуі, әлеуметтік маңызды тауарлар мен медициналық қызметтерге жеңілдіктер, салықтық жеңілдік режимдері мен прогрессивті табыс салығы енгізу сияқты маңызды өзгерістер қарастырылды.

1 қаңтардан бастап салық реформасы күшіне енеді. Базардағы баға шарықтауы ықтимал

Қыркүйек–қазан айында Мәжіліс Жасанды интеллект туралы заңды қабылдады.
Осы заң жасанды интеллектінің қолданылуын заңды түрде айқындап, мына мәселелердің шешім табуына ықпалдасады: 
адам құқықтары мен қауіпсіздік мәселесі;
жеке деректерді қорғау талаптары күшейтіледі;
эмоцияны талдайтын жүйелерге тыйым салынады;
deepfake-ақпаратқа міндетті белгілеу талап етіледі;
тәуекел деңгейіне қарай технологияларды реттеу енгізіледі.

Маусым айында Мәжіліс Президент тапсырмасы негізінде Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық туралы заңды қабылдады. Бұл заң бойынша жеңіл және орташа ауыр қылмыстар жасаған адамдарға рақымшылық жарияланып, жаза қысқартылады, түбегейлі алынды. Ауыр қылмыстар бойынша жеңілдетілген тәртіп қарастырылды. Бұл заң әлеуметтік ықпал тудырып, мыңдаған сотталған адамның жағдайына әсер етті, соның ішінде 338 адам жазадан босатылды.

Қараша айында Мәжіліс ЛГБТ «пропагандасына» қатысты түзетуді қабылдады. 

Халықтың әлеуметтік, саяси өміріне ықпал ететін заң жобаларының талқылану, қабылдану барысы БАҚ беттерінде үзліссіз жарияланып отырды.

Мобильді аударымдар мәселесі

1 қаңтардан бастап банк шоттары мен мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа ережелері іске қосылады. Егер жеке тұлғаның шотына үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі адамнан ақша түссе және бұл сома 12 ең төменгі жалақыдан (2026 жылы 1,02 млн теңгеден) асса, бұл кәсіпкерлік қызметтің белгісі ретінде қарастырылады. Бұл мәселеге қатысты жаңалықты халық біраз уақытқа дейін түсінбей сарсаңға түсті. БАҚ-тағы хабарламалар, көлемді сұхбаттар, арнайы материалдар түсінбеушілік түйінін тарқатуға сеп болды.

Соңғы жаңалықтар

14 мыңнан астам этникалық қазақ елге оралды

Қоғам • Бүгін, 18:35

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Президент • Бүгін, 18:10

2025 жылы БАҚ-та қандай тақырыптар жиі талқыланды?

Қоғам • Бүгін, 17:53

2025 жылы Қазақстанда қандай даулы мәлімдемелер болды?

Қоғам • Бүгін, 17:40

Тараз горнизонында бес егіз жұп қызмет етеді

Аймақтар • Бүгін, 17:32

Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?

Қоғам • Бүгін, 17:23

240 мыңнан астам ұстаз ЖИ бойынша білім алды

Білім • Бүгін, 17:11

Қытайда теңіз бетіне салынған күн электр станциясы пайдалануға берілді

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 17:03

Қазақстан теміржол паркі жаңарады: 2026 жылы 91 жаңа вагон қолданысқа беріледі

Оқиға • Бүгін, 16:55

Ақтоғай ауданында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді

Аймақтар • Бүгін, 16:43

Қысқы Олимпиадада Қазақстанның туын кімдер ұстап шығады?

Спорт • Бүгін, 16:25

Биыл Президент тапсырмасымен 141 мектеп ашылды

Білім • Бүгін, 16:16

Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды

Мәдениет • Бүгін, 16:00

Ғалымжан Кенжебек «Елімай» клубындағы мансабын аяқтады

Футбол • Бүгін, 15:55

Автокөліктерді қай өңір көбірек өндірді?

Экономика • Бүгін, 15:33

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Желтоқсан 2025 18:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо Қайраттан кетті

12 Мамыр 2026 22:12see116

Көкшетаудағы жол апаты: куәлігі жоқ кісіге көлік берген ер адам да жауапқа тартылады

13 Мамыр 2026 00:23see115

Қатар Премьер министрі Иранға үндеу жасады

13 Мамыр 2026 11:18see114

BINOM мектебінің жаттықтырушысы олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

13 Мамыр 2026 12:17see113

Астанадағы LRT желісінде 19 пойыз жүреді

13 Мамыр 2026 00:23see111

Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар

13 Мамыр 2026 15:05see111

eGov пен e Otinish қазақстандықтарға тіпті теңгерім нөлге тең болғанда да қолжетімді болады

13 Мамыр 2026 14:25see111

Катар мен Түркия Ормуз бұғазына қатысты Иранға үндеу жасады

13 Мамыр 2026 11:14see111

Атырауда масаға қарсы дезинсекция дронмен жүргізілуде

13 Мамыр 2026 11:55see110

Алматыда интернет дүкен арқылы есірткі тарату арнасы тоқтатылды

13 Мамыр 2026 11:21see109

Тиімді басқару мен көшбасшылықты дамыту: AMANAT партиясының оқу семинары Сыр елінде жалғасты

13 Мамыр 2026 22:27see108

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

14 Мамыр 2026 11:18see107

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

14 Мамыр 2026 11:18see106

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

14 Мамыр 2026 15:10see105

Атыраудағы жұмбақ өлім: марқұмдардың қызына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

13 Мамыр 2026 11:33see104

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

14 Мамыр 2026 13:48see104

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Шанхайдағы Гран при турниріне қатысады

12 Мамыр 2026 20:01see104

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

14 Мамыр 2026 15:29see104

Қазақстандықтар тойға бармақ болған, бірақ мереке орнына мәселеге тап болды

12 Мамыр 2026 18:46see103

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

14 Мамыр 2026 12:48see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары