Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

2027 жылы айыппұл мен салық көлемі қаншалықты өсуі мүмкін

2027 жылы айыппұл мен салық көлемі қаншалықты өсуі мүмкін

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қаржы министрлігі алдағы үш жылдық бюджеттің жобасын жариялады. Соның аясында 2027 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіштің мөлшері көтеріледі деген жоспар бар. Ал АЕК өссе, айыппұлдар мен салықтардың сомасы артады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

АЕК қаншаға өседі

Бүгінде айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 4 325 теңгені құрайды. Ал келесі жылы оны 4 693 теңгеге дейін көтеру жоспарланған. Республикалық бюджеттің жобасы әлі де талқыланады. Сондықтан алдағы АЕК-тің мөлшері өзгеруі мүмкін.

Дегенмен Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш жыл сайын өсіп отырады. Мәселен, 2023 жылы - 3 450 теңге, 2024 жылы - 3 692 теңге, 2025 жылы - 3 932 теңге, ал 2026 жылы 4 325 теңгеге дейін көтерілген. Осылайша, келесі жылы АЕК-тің көлемі тағы 8 процентке өссе, айыппұлдар мен салықтардың көлемі де тура солай көтеріледі.

Жылдамдық үшін айыппұл

Бүгінде көлік жүргізушілері жылдамдықты асырғаны үшін айыппұлды жиі төлейді. Келесі жылы оның көлемі тағы өсуі мүмкін:

тиісті жылдамдықты сағатына 10–20 шақырымға асырғаны үшін 5 АЕК (2026 жылда 21 625 теңге болса, 2027 жылы - 23 465 теңге);

сағатына 20–40 шақырымға асырғаны үшін 10 АЕК (биыл 43 250 теңге, келесі жылы 46 930 теңге);

сағатына 40 шақырымға асырғаны үшін 20 АЕК (86 500 теңгеден 93 860 теңгеге дейін);

бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда 30 АЕК (2026 жылда 129 750 теңге болса, 2027 жылы - 140 790 теңге).

Белдік пен телефон

Жол ережесіне сәйкес, жолаушыларды тасымалдау, қауіпсіздік белдігін тақпау, сондай-ақ, рөлде ұялы телефонды пайдалану сияқты әрекеттер үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Биыл осы айыппұлдың көлемі 21 625 теңге болса, келесі жылы 23 465 теңгеге дейін өседі.

Бағдаршамның қызыл түсі

Бүгінде бағдаршамның қызыл түсіне қарамай, жолды кесіп өткен көлік жүргізушілері 10 АЕК (2026 жылы 43 250 теңге, ал 2027 жылы 46 930 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.

Дәл осы жол ережесін бір жылдың ішінде екінші рет бұзғаны үшін айыппұлдың көлемі 15 АЕК-ті құрайды:

2026 жылы - 64 875 теңге;

2027 году – 70 395 теңге.

Куәліксіз көлік жүргізу

Көлікті куәліксіз жүргізгені үшін де 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

2026 жылы - 21 625 теңге;

2027 жылы - 23 465 теңге.

Полицияға бағынбау

Полицияның заңды талабына бағынбаған көлік жүргізушілеріне 40 АЕК (2026 жылы – 173 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Келесі оның көлемі 187 720 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Бір жылдың ішінде тағы тура сондай жағдай болса, көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылады. Оған қоса, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Ал куәліксіз көлік жүргізгендерге 60 АЕК (2026 жылы – 259 500 теңге, 2027 жылы – 281 580 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Жол белгілеріне қарамау

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін 3 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

2026 жылы - 12 975 теңге;

2027 жылы - 14 079 теңге.

Жаяу жүргіншілер жолына шығу

Бүгінде көлікпен жаяу жүргіншілер жолына шыққаны үшін 15 АЕК (64 875 теңге) көлемінде айыппұл салынады. 2027 жылы оның көлемі 70 395 теңгеге дейін өседі.

Тұрақ талаптары бұзу

Көлік құралдарын тоқтату және тоқтап тұру қағидаларын бұзғаны үшін бірнеше айыппұл бар:

көлікті рұқсат етілмеген жерде кою – 5 АЕК (2026 жылы– 21 625 теңге, 2027 жылы - 23 465 теңге);

тротуарға шығып кету – 10 АЕК (43 250 теңгеден 46 930 теңгеге дейін);

тұрақ ақысын төлеуден жалтару – 3 АЕК (биыл 12 975 теңге болса, келесі жылы - 14 079 теңге).

Жаяу жүргіншілердің айыппұлы да өседі

Бүгінде жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер 2 АЕК (8 650 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Келесі жылы оның көлемі 9 386 теңгеге дейін өседі. Ал бір жылдың ішінде тағы қайталанса, айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады:

2026 жылы – 43 250 теңге;

2027 жылы – 46 930 теңге.

Көлікті тіркеу ақысы көтеріледі

Қазіргі кезде көлікті алғашқы тіркеу ақысы 0,25 АЕК-ті (1 081 теңге) құрайды. Келесі жылы оның көлемі 1 173 теңгеге дейін көтеріледі.

Ал көліктің шығарылғанына үш жылдан асып кетсе, 500 АЕК (2026 жылы – 2 162 500 теңге, 2027 жылы - 2 346 500 теңге) болады.

Утилизациялық алым

Қазақстанда утилизациялық алым да айлық есептік көрсеткішпен саналады. Базалық мөлшерлеме – 50 АЕК. Осылайша, биыл оның көлемі 216 250 теңге болса, келесі жылы 234 650 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.

Айта кетері, әрбір көліктің утилизациялық алымы қозғалтқыштың көлеміне қарай есептеледі.

Көлік салығы қалай өзгереді

Қазақстанда көлік салығы да қозғалтқыштың көлеміне қарай төленеді:

1 100 текше сантиметрге дейін 1 АЕК (биыл 4 325 теңге, келесі жылы 4 693 теңге);

1 100 - 1 500 текше сантиметр – 2026 жылы 8 650 теңге, 2027 жылы 9 386 теңге;

1 500 - 2 000 текше сантиметр – 2026 жылы 12 975, 2027 жылы - 14 079 теңге;

2 000 - 2 500 текше сантиметр – 2026 жылы 25 950 теңге, 2027 жылы - 28 158 теңге;

2 500 - 3 000 текше сантиметр – 2026 жылы 38 925 теңге, 2027 жылы - 42 237 теңге;

3 000 - 4 000 текше сантиметр – 2026 жылы 64 875 теңге, 2027 жылы - 70 395 теңге;

4 000 текше сантиметрден жоғары – 2026 жылы 506 025 теңге, 2027 жылы 549 081 теңге.

Көлікті сақтандыру құны өседі

Қазіргі кезде көлікті сақтандыру полисінің бағасы 1,9 АЕК-тен (8 217,5 теңгеден) басталады. Келесі жылы бұл сома 8 917 теңгеге дейін өседі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қыркүйек 2026 19:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see145

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see144

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see142

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see138

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see131

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see129

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see128

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see127

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

17 Қазан 2026 14:38see125

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see120

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see119

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see118

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see118

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

17 Қазан 2026 13:44see116

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see115

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see108

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see108

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

17 Қазан 2026 16:15see108

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see107

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары