Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әділет партиясы: Қазақстанның ең басты байлығы еңбек адамы

Әділет партиясы: Қазақстанның ең басты байлығы еңбек адамы

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Басқосуда өнеркәсіпті экологияға зиян келтірмей дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпорындарды жаңғырту және инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері талқыланды.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ ұжымымен кездесуде кәсіпорын заңгері Нұржан Әуесов жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесін көтерді. Ал Құрылтай депутаттығына кандидат Ерлан Саиров партияның сайлауалды бағдарламасында ел бойынша 1 миллион сапалы жұмыс орнын құру көзделгенін айтты. Оның ішінде Ақтөбе облысында бірқатар ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, оның айтуынша, отандық өнеркәсіп пен өңдеу өндірісін дамытуға ерекше назар аударылады.

Бұдан бөлек, мұнай компаниясының қызметкерлері экология, жол инфрақұрылымын дамыту және өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне қызығушылық танытты. Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Унзила Шапақ, Ренат Бектұров, Қарлығаш Жаманқұлова және Ербол Данағұлов бағдарламаның «Қуатты өңірлер – қуатты ел» бағытын таныстырды. Онда бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтылу көлемін 25 шаршы метрден 30 шаршы метрге дейін ұлғайту, ипотекалық тұрғын үй рәсімдеу тәртібін жеңілдету, 2029 жылға дейін республикалық маңызы бар 10 мың шақырым жолға орташа жөндеу жүргізу, сондай-ақ 2030 жылға дейін 86 мың шақырым инженерлік желіні салу және жаңғырту көзделген.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қызметкері Абай Сақтағанов ұсынылған бастамалардың өңір үшін өзекті екенін атап өтті.

«Қуантатыны – «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы ақтөбеліктердің сұранысына нақты жауап береді. Бүгінде кәсіпорындарға тең жағдай жасап, отандық өндірісті қолдап, өңдеу өнеркәсібін дамыту және еңбек адамын қорғау аса маңызды», - деді ол.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының еңбек ұжымымен кездесуде әлеуметтік саясатты жетілдіруге бағытталған бастамалар таныстырылды. Атап айтқанда, партия әлеуметтік төлемдердің басым бөлігін проактивті форматқа көшіруді, әлеуметтік қолдаудың бірыңғай цифрлық платформасын құруды, мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік ваучерлер жүйесін кеңейтуді және қарттарға көрсетілетін көмектің заманауи түрлерін дамытуды ұсынады.

Кәсіпорынның жас маманы Жәнібек Төлепов партияның сайлауалды бағдарламасымен танысып шыққанын және жастар саясатын дамытуға қатысты ұстанымын қолдайтынын айтты.

«Мен зауытқа жас маман болып келдім. Алғашқы күннен бастап жанымда тәжірибелі тәлімгер болды. Оның қолдауының арқасында мамандығыма тез бейімделіп, өз жұмысыма сенімді болдым. Бүгінде біздің кәсіпорында жастарға ерекше көңіл бөлінеді. Осындай жағдай еліміздегі барлық кәсіпорында болуы керек деп есептеймін. Сондықтан жастардың мүмкіндігін кеңейтуге және еңбек адамын қолдауға бағытталған «Әділет» партиясының бастамаларын қолдаймын», - деді ол.

Кездесулердің қорытындысын шығарған «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай өнеркәсіпті дамыту мен еңбек адамын қолдау партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, партия Қазақстан Президентінің бағытын және Мемлекет басшысы жүргізіп отырған жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, отандық өндірісті дамытуға және еңбек адамы үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған реформаларды толықтай қолдайды.

«Біз өнеркәсіпті тек экономикалық өсімнің негізі ретінде ғана емес, сапалы жұмыс орындарының қайнар көзі ретінде де қарастырамыз. Сондықтан партия бағдарламасында тау-кен металлургия кешенін ұзақ мерзімді дамыту, кәсіпорындарды жаңғырту, энергия тиімді технологияларды енгізу және қосылған құны жоғары өнім өндірісін ұлғайту көзделген. Сонымен қатар кадр даярлауды да маңызды міндеттердің бірі санаймыз. Біз дуальды білім беру жүйесін кеңейтуді, кәсіпорындардың колледждермен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығын нығайтуды, өндірістік тәжірибені күшейтуді және мамандарды қайта даярлау бағдарламаларын қолдауды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз – жастар оқуын аяқтағаннан кейін бірден еңбек нарығында сұранысқа ие болуы», - деді Айбек Дәдебай.

Жалпы партия 2031 жылға қарай өндірісте тәжірибеден өтіп, білім алатын студенттердің үлесін 45 пайызға дейін арттыруды көздейді. Сондай-ақ заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған салалық құзырет орталықтарын құру, техникалық жоғары оқу орындарының мамандануын өңірлер экономикасының сұранысына бейімдеу және академиялық үздік орталықтарын дамыту жоспарланып отыр. Одан бөлек жобалық оқытуға, өндірістік тағылымдамаларға және өндірістегі нақты міндеттерді шешуге ерекше басымдық беріледі.

«Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабының Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары жалғасады.

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 18:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары