Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Әділет партиясының республикалық форумы елдің түкпір түкпірінен келген қолдаушылардың басын қосты

Әділет партиясының республикалық форумы елдің түкпір түкпірінен келген қолдаушылардың басын қосты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Науқанның қорытынды кезеңінде Астанада «Әділет» партиясы қолдаушыларының республикалық форумы өтті. Жиынға еліміздің өңірлерінен делегаттар, белсенділер және түрлі сала өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Әділет» партиясының төрағасы қолдаушыларға арнаған сөзінде партияның саяси бағыты жаңа Конституцияның қағидаттары мен Мемлекет басшысының стратегиялық бағытына негізделетінін жеткізді.

«Біздің міндетіміз – Мемлекет Басшысының стратегиялық бағытын берік қолдап, оны жүйелі жүзеге асыруға нақты үлес қосу. Бүгінде «Әділеттің» төңірегіне еліміздің әр өңірінен, түрлі сала мен буын өкілдері топтасып, партия қатары күн санап артып келеді. Партиялық тізімнің өзінде жиырмадан астам саланың білікті мамандары бар. Әрқайсысының кәсіби тәжірибесі, қалыптасқан көзқарасы, ел дамуына қосар үлесі бар. Осындай білімді де білікті азаматтардың ортақ мақсатқа жұмылуы – партиямыздың басты артықшылықтарының бірі. Ал баршамызды біріктіретін басты құндылық – Әділет. Әділет, Отаншылдық, Жауапкершілік, Еңбекқорлық және Прогресс – біздің берік ұстанымымыз әрі саясатымыздың өзегі», - деді Айбек Дәдебай.

Үгіт-насихат науқаны барысында республикалық сайлауалды штаб еліміздің барлық 20 өңірін аралады. Кандидаттар қала мен ауыл тұрғындарымен, кәсіпорын жұмысшыларымен, дәрігерлермен, педагогтермен, аграршылармен, кәсіпкерлермен, жастармен және басқа да сала өкілдерімен кездесті.

Партия төрағасының айтуынша, тұрғындармен тікелей диалог әр өңірдің ерекшелігін көруге және еліміздің барлық өңірінде басқосулар барысында айтылған ортақ мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. Олардың қатарында лайықты еңбекақы мен еңбек қауіпсіздігі, бизнес үшін түсінікті әрі тұрақты жағдай, сапалы білім мен медицинаға тең қолжетімділік, жастардың өз мүмкіндігін толық пайдалану және азаматтардың өтініштерін уақтылы шешу мәселелері бар.

«Азаматтарды не толғандыратынын, олардың ертеңнен не күтетінін естіп-білдік. Әр өңірдің, әрбір ауыл мен қаланың өзіне тән түйткілдеріне тереңірек қанықтық. Тұрғындардың талап-тілегі әртүрлі болғанымен, елдің ертеңіне деген арман-аңсары ортақ екеніне көз жеткіздік. Бұл талаптардың түпкі мәні бір – әділдікке деген сұраныс. Әділ еңбек. Тең мүмкіндік. Ортақ ереже. Нақты шешім. Сондықтан халықтан түскен әрбір ұсыныс пен талап-тілек партиямыздың нақты жұмысына негіз болады», - деп атап өтті партия төрағасы.

Форум барысында кандидаттар мен партия өкілдері «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша да сөз сөйледі.

Дихан Қамзабекұлы мәдениет пен қоғамдық құндылықтар мәселесіне тоқталды. Ол «Адал азамат» тұжырымдамасында қамтылған әділдік, адалдық, еңбекқорлық, отаншылдық және жасампаздық қағидаттары қоғамдық мәдениеттің негізін қалыптастыруы тиіс екенін айтты.

Лаура Қарабасова партияның білім беру саласындағы ұсыныстарын таныстырды. Олардың қатарында инженерлік және техникалық бағыттарды дамыту, тірек мектептер базасында математиканы тереңдетіп оқытатын 200 STEM-сынып ашу, ауыл мектептерін қолдау және оқушылардың жасанды интеллектпен жұмыс істеуіне де қажетті іргелі білімін, логикалық және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру бар.

Өнеркәсіпті дамыту және еңбек адамының құқықтарын қорғау мәселелері туралы Вадим Басин айтты. Ол кәсіпорындарды одан әрі жаңғырту, өндірістік қауіпсіздікті арттыру, терең өңдеуді дамыту және дайын өнім шығарудың маңызын тарқатты. Сондай-ақ зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктеріне ерекше тоқталды.

Белла Газдиева «Заң және тәртіп» қағидатын сөз етіп, оны мемлекеттік институттардың сапасы мен азаматтардың сенімімен байланыстырды.

«Адамдардың сенімі әділ шешімдерден, кәсібиліктен, ашықтықтан және нәтиже үшін жауапкершіліктен қалыптасады. Науқан барысында мен «Әділеттің» әртүрлі адамдардан құралған үлкен командасын көрдім. Бұл мемлекеттік қызметте, өндірісте, бизнесте, білім беру және қоғамдық салаларда тәжірибесі бар мамандар. Дәл осы тәжірибелердің алуандығы командамыздың мықты тұстарының біріне айналды», - деді Белла Газдиева.

Кирилл Осин өңір үшін өзекті су тапшылығы, шөлейттену және Каспий теңізінің жағдайы мәселелерін көтерді. Партияның ұсыныстарының қатарында экологиялық талаптарды күшейту, су ресурстары мен қалдықтарды есепке алуды цифрландыру, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы негізінде экологиялық мәдениетті одан әрі дамыту бар.

Айсұлу Сүлейменова партияның инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі ұсыныстары туралы айтты. Бағдарлама қоғамдық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруды, оңалту қызметтерін дамытуды, «бір терезе» жүйесін енгізуді және спортпен айналысу мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Ол сондай-ақ азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға және жасанды интеллектіні пайдалану арқылы жасалатын цифрлық алаяқтықтың жаңа түрлеріне қарсы іс-қимылға назар аударды.

«Әділет» партиясының төрағасы қолдаушыларға арнаған сөзінде кандидаттарға, республикалық, өңірлік және аумақтық штабтардың қызметкерлеріне, сенімді өкілдерге, мобильді үгіт топтарына, волонтерлер мен белсенділерге науқан барысындағы еңбегі үшін алғыс білдірді.

«Осы науқанда біз жаңа дәуірдің, жаңа буынның партиясы екенімізді дәлелдедік. Елдің саяси өмірінде өз орны бар әлеуетті күш екенімізді көрсеттік. Біздің кәсіби командамыз, қуатты өңірлік желіміз және айқын саяси ұстанымымыз бар. Ең бастысы – халықтың сенімі мен қолдауы бар. Олай болса, Құрылтай сайлауына белсене қатысып, өз таңдауымызды жасайық! 23 тамызда сайлау учаскелеріне келіп, нөмірі бірінші – «Әділет» партиясына дауыс беріңіздер! Әділет үшін! Елдің болашағы үшін! Ортақ мақсат жолында бірге болайық! Жеңіске бірге жетейік! Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!», - деп қорытындылады Айбек Дәдебай.

Үгіт-насихат науқаны басталғалы партия 6 миллионнан астам адамның қатысуымен 21 мыңнан астам іс-шара өткізді. «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені 99 елді мекенге барып, 14 мыңға жуық тұрғынмен кездесті. «ӘDILET EVENT» ашық алаңдары мен дрондар шоуына шамамен 320 мың адам қатысты. «Есіктен есікке» акциясы 2 миллионнан астам адамды қамтыса, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 121 мыңнан астам азамат қатысты.

Үгіт топтары қалаларда, аудан орталықтары мен шалғай ауылдарда жұмыс істеп, аулаларда, кәсіпорындарда, базарлар мен вокзалдарда кездесу өткізді. Жалпы ел бойынша партияның 247 сайлауалды штабы және шамамен 30 мың сенімді өкілі жұмыс істеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Тамыз 2026 23:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары