Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Әділет : Тұрғындар отандық өнім үлесін арттыру, жолаушылар тасымалы, инфрақұрылымды жақсарту үшін ұсыныс айтты

Әділет : Тұрғындар отандық өнім үлесін арттыру, жолаушылар тасымалы, инфрақұрылымды жақсарту үшін ұсыныс айтты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Білім саласы: бүгінгі мәселе – ертеңгі мүмкіндік. Білім берусаласындағы мәселелер білім саласының мамандарымен кездесуде талқыланды.

Арал аудандық мәдениет үйінде «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткерлер Нұркен Бақытбекұлы мен Мағжан Ералиев білім саласының өкілдерімен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жүздесуде білім сапасын арттырумен қатар, жастарды еңбек нарығына қажетті мамандықтарға бағыттау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Қазір жас маман үшін диплом алу жеткіліксіз. Еңбек нарығы өзгеріп жатқан кезде қандай мамандықтарға сұраныс барын алдын ала білу, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру маңызды. Осы мәселеге тоқталған Нұркен Бақытбекұлы кәсіби бағдар беру жүйесін күшейтудің қажеттігін айтты.

«Жас маманның болашағы оның дұрыс таңдауынан басталады. Сондықтан мектептен бастап оқушыға еңбек нарығындағы сұранысты түсіндіріп, нақты кәсіп таңдауға бағыттау қажет. «Әділет» партиясының бағдарламасында бұл бағытқа ерекше мән берілген. Біз колледждердегі дуалды оқытудың үлесін 45 пайызға дейін жеткізуді ұсынамыз. Бұл студенттің білім алып қана қоймай, өндірісте тәжірибе жинауына жол ашады», – деді Нұркен Бақытбекұлы.

Оның айтуынша, білім мен өндірістің байланысын күшейту жастардың оқу аяқталғаннан кейін жұмыс іздеу кезеңін қысқартып, еңбек нарығына дайын маман болып шығуына мүмкіндік береді.

Кездесуде білім беру инфрақұрылымын жаңарту мәселесі де қозғалды. Атап айтқанда, өңірлердегі оқушы орындарының тапшылығын азайту, ауылдық жерлердегі білім сапасын арттыру және заманауи бағыттарға басымдық беру қажеттігі айтылды. Партия бағдарламасында 2031 жылға дейін 300 мың жаңа оқушы орнын салу, сондай-ақ ауылдық тірек мектептер желісін дамыту көзделген.

Білім берудің мазмұны ғана емес, оның технологиялық мүмкіндігі де заман талабына сай болуы тиіс. Осы ретте Мағжан Ералиев IT және STEM бағыттарын дамытудың маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінгі бала ертеңгі еңбек нарығына дайын болуы үшін оның цифрлық дағдысы мықты болуы керек. Сондықтан біз өңірлерде жаратылыстану, инженерлік және IT бағыттарын дамытуға арналған STEM-сыныптарды көбейтуді қолдаймыз. Сонымен қатар жастардың IT саласына келуіне мүмкіндік беретін инфрақұрылымды дамыту қажет. Бағдарламада Astana Hub және өңірлік IT-хабтар желісін дамыту, стартаптарды қолдау тетіктерін кеңейту ұсынылған», – деді Мағжан Ералиев.

Бұл бастамалардың барлығы «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасындағы адам капиталына инвестиция бағытымен сабақтас. Партия білім сапасын арттыруды, еңбек нарығына қажетті кадр даярлауды, цифрлық дағдыларды дамытуды және жастардың тұрақты жұмысқа орналасуына жағдай жасауды негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындаған. Бағдарламаға сәйкес, жыл сайын кемінде 40 мың жасты жұмыспен қамту, тәлімгерлік жүйесін енгізу, жастарға қайтарымсыз гранттар мен білім беру несиелерін ұсыну, стартаптарды қолдау көзделген.

Кездесуде сала қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, қаржылық сауаттылықты арттыру, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану және жастарға жаңа кәсіптерді меңгеруге мүмкіндік беру жөнінде ұсынысын білдірді.

Жиын соңында сала мамандары кандидаттарға сауалдарын қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Кездесуде айтылған ұсыныстар мен бастамалар назарға алынды.

Ақтөбеде жұмысшыларды қолдау мәселелері талқыланды

Отандық өндірісті дамыту және ірі жобалардағы қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің үлесін арттыру – «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы маңызды бағыттардың бірі. Құрылтай депутаттығына кандидат Мейрамбай Кемалов пен өңірлік штаб өкілдері Ақтөбе рельс- арқалық зауыты жұмысшыларымен өткен үгіт-насихат кездесуінде партияның осы және өзге де басымдықтарын таныстырды. Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты.

Ақтөбе рельс-арқалығы зауыты – ұзындығы 120 метрлік рельстерді шығаратын ТМД-дағы жалғыз кәсіпорын. Зауыттың бас директоры Евгений Нестеренконың айтуынша, арнайы технологиямен дайындалатын бұл рельстердің басты тапсырыс берушісі —  «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы. Өнім негізінен ішкі нарыққа арналған.  

Кәсіпорындарды қолдау шаралары туралы айтқан Мейрамбай Кемалов партияның сайлауалды бағдарламасындағы көлік инфрақұрылымын және транзит әлеуетін дамыту бағытына тоқталды. Бағдарламада ТрансҚазақстан теміржол дәлізі құрылысын аяқтау, жаңа теміржол желілерін салу қарастырылған. Сондай-ақ жүктемесі көп учаскелердің өткізу қабілетін арттырып, бекеттерді жаңартып, жаңғырту жұмысын жалғастыру көзделген. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, осындай ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылса, бұл рельс-арқалық зауытының өндірістік қуатын арттыруға, өнімге деген сұранысты көбейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Партия ұсынған бастамалардың бірі – отандық өндірушілермен арадағы ұзақ мерзімді жеткізу шарттары мен оффтейк-келісімшарттар қолданысын кеңейту. Бұл кәсіпорындарға өндіріс көлемін алдын ала жоспарлауға, қаржы тартуға және өндіріс қуатын арттыруға инвестиция салуға мүмкіндік береді.

Бүгінде зауытта 850-ге жуық адам еңбек етеді. Сондықтан сайлауалды бағдарламадағы лайықты еңбек жағдайы мен жалақы мәселесі де зауыт жұмысшыларының қызығушылығын тудырды. Штаб өкілі Сергей Вишняк бағдарламада айтылған жоғары жалақы төленетін жұмыс орындары санын арттыру, еңбекақы, еңбек шарты және әлеуметтік аударымдар, еңбек қауіпсіздігі туралы айтты. 

Штаб өкілдері «Әділет» партиясының ерекшелігі – тек бір саламен шектелмей, экономика, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, еңбек, тұрғын үй және басқа да маңызды бағыттарды қамтитын кешенді бағдарлама ұсынатынын атап өтіп, «Әділет» – қоғамның әртүрлі топтарының мүддесін ескеруге бағытталған партия екенін айтты. 

Жеке қабылдау: тұрғындардың өтініштері назарға алынды

«Әділет» партиясының Қостанай облыстық филиалында сайлауалды науқан аясында тұрғындармен тікелей байланыс орнату жұмыстары жалғасуда. Облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде Құрылтай депутаттығына кандидаттармен азаматтардың жеті кездесуі өтіп, оның қорытындысы бойынша 23 аманат тіркелді.

Жалпы, Қостанай облысы бойынша кандидаттарға бүгінде 300-ден астам аманат келіп түсті. Тұрғындардың ұсыныстары инфрақұрылымның жай-күйі, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі, елді мекендерді дамыту және азаматтардың жекелеген санаттарын қолдау сияқты маңызды мәселелерді қамтиды.

Екатерина Смышляеваға қабылдауға келген тұрғындар Қостанай ауданының Киевский кентіндегі мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсарту, сондай-ақ Майкөл ауылындағы мәдениет үйін қалпына келтіру мәселелерін көтерді.

Наталья Рамазановаға азаматтар мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары арасында тірек-қимыл аппараты бұзылыстары мен жалпақтабандылықтың алдын алу, оның ішінде дене шынықтыру сабақтарына тиісті жаттығуларды енгізу мәселесі талқыланды.

Шота Оспанов көпбалалы және жас отбасылардың тұрғын үйге қолжетімділігіне қатысты өтініштерді қарады. Тұрғындар баспана мәселесін шешу кезінде кездесетін қиындықтарды айтып, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстарын білдірді. 

Тұрғындармен тікелей жүздесу жалпы мәселелерді талқылаумен шектелмей, нақты өмірлік жағдайларды жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді. 

Тұрғындардан келіп түскен аманаттарды жинақтау және оларды одан әрі пысықтау жұмыстары жалғасуда. Ұсыныстар кандидаттар мен «Әділет» партиясының сайлауалды штабының алдағы жұмысында ескерілетін болады.

Ақтау тұрғындары инфрақұрылымды жақсартуды сұрады 

Ақтауда «Әділет» партиясының облыстық және қалалық сайлауалды штаб мүшелері үгіт-насихат жұмыстары аясында «Caspiy Towers» тұрғын үй кешенінде кездесу өткізді. Кездесуде тұрғындарды толғандырған негізгі мәселелер – коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, абаттандыру, энергетиканы дамыту, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру және балалар қауіпсіздігі талқыланды. 

Штаб мүшелері алдымен 2026-2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, ел болашағы үшін жасалатын жоспарларын тілге тиек етті. 

Құрылтай депутаттығына үміткер Кирилл Осин партияның сайлауалды бағдарламасында әрбір қазақстандықтың баспанамен қамтамасыз етілуін орта есеппен 30 шаршы метрге ұлғайту көзделгенін айтты. 

«Азаматтардың жайлы әрі қолжетімді баспанаға ие болуына жағдай жасау – партияның басты бағыттарының бірі. Сонымен қатар үлескерлік құрылыстағы проблемалы нысандарды аяқтау, апатты үйлерде тұрып жатқан азаматтарды қауіпсіз баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән береміз. Ипотеканың қолжетімділігін арттыру да маңызды. Себебі баспана бағасы мен несие шарттары көп отбасы үшін үлкен қаржылық жүктеме болып отыр. Біздің мақсатымыз – тұрғын үй мәселесін кейінге қалдырмай, нақты шешімдер арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру», - деді Кирилл Осин.

Жиында Ақтау тұрғындары коммуналдық инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, шағынаудандардағы ішкі жолдардың сапасын жақсарту, аулаларды абаттандыру және балаларға арналған ойын алаңдарының қауіпсіздігі жайлы айтты. Сонымен қатар сумен және жылумен тұрақты қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалмауы керек екенін атап өтті. Тұрғындардың айтуынша, бұл мәселелер күнделікті өмір сапасына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты олар сайлауалды штаб мүшелері мен кандидаттарға инфрақұрылымды жаңғырту, аулаларды ретке келтіру және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру бағытында ұсыныстарын жеткізді.

Ақтау қалалық сайлауалды штабының төрағасы Абзал Марат «Әділет» партиясы әрбір өңірдің инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріп отырғанын түсіндірді. Оның айтуынша, сайлауалды бағдарлама аясында  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың 86 мың шақырым инженерлік желісі жаңғыртылып, жаңадан салынады. Республикалық маңызы бар 10 мың шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіліп, жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайы 86 %-дан  95%-ға жететінін атап өтті.  

Бұдан бөлек штаб мүшесі Қайырғали Қалмұқанов қауіпсіз қоғам құруға бағытталған шараларға тоқталды. Оның айтуынша, балалардың қауіпсіздігі мен болашағы – басты орында. Сондықтан «Әділет» партиясы аула, көше және мектепке барар жол қауіпсіз болатынына, учаскелік пунктер көбейіп, қоғамдық кеңістіктерге жарық беріліп, абаттандырылатынына басымдық береді. 

Кездесу соңында тұрғындар «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы бағыттарды қолдайтынын және халықтың сапалы өмір сүруіне мүмкіндік беретін нақты мақсаттарға сенім білдіретінін айтты.

Ауылда интернет сапасы мен қоғамдық көлік мәселесі көтерілді

Жамбыл облысының Жасөркен ауылының тұрғындары «Әділет» партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабының мүшелерімен кездесуде ауылдағы интернет сапасын жақсарту және қоғамдық көлік қатынасын жиілету жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Облыстық сайлауалды штаб мүшелері ауылға арнайы барып, тұрғындармен ашық форматта кездесті. Басқосу барысында ауыл халқы күнделікті өмірге, балалардың білім алуына және аудан орталығымен қатынасқа тікелей әсер ететін мәселелерді көтерді.

Тұрғындардың айтуынша, Жасөркендегі интернет желісінің сапасы төмен. Бұл әсіресе мектеп оқушылары үшін өзекті мәселе болып отыр. Интернеттің баяулығы қажетті ақпаратты іздеу, онлайн сабақтарға қатысу, оқу материалдарын жүктеу және білім беру платформаларын пайдалану кезінде қиындық туғызады.

Ауыл тұрғындары цифрлық технологиялар білім беру процесінің ажырамас бөлігіне айналған қазіргі жағдайда интернет сапасы оқушылардың білім алу мүмкіндігіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Бүгінде интернет – оқушы үшін қосымша мүмкіндік емес, білім алудың қажетті құралы. Сабаққа дайындалу, қажетті ақпаратты іздеу, онлайн платформаларды пайдалану кезінде интернеттің баяулығы үлкен қиындық туғызады. Ауыл баласының да қаладағы оқушымен бірдей білім алуға мүмкіндігі болуы керек. Сондықтан сапалы интернет – ауылдың бүгінгі басты қажеттіліктерінің бірі», – деді Жасөркен ауылының тұрғыны Перизат Ташметова. 

Кездесуде көтерілген тағы бір өзекті мәселе – қоғамдық көлік қатынасы. Қазіргі уақытта Жасөркен ауылына автобус шамамен 2–3 сағатта бір рет қатынайды. Тұрғындардың айтуынша, мұндай қозғалыс аралығы мектеп оқушыларына, студенттерге, жұмыс істейтін азаматтарға және қарт адамдарға қолайсыздық туғызады.

Ауыл тұрғындары қоғамдық көлік қозғалысының аралығын қысқартып, автобустардың кемінде сағатына бір рет қатынауын ұйымдастыруды ұсынды. Олардың пікірінше, бұл тұрғындардың аудан орталығына қатынауын жеңілдетіп, оқушылардың мектепке уақытылы баруына, жұмыс істейтін азаматтардың күнделікті шаруаларын ыңғайлы атқаруына мүмкіндік береді.

«Қоғамдық көлік – ауыл тұрғындары үшін күнделікті қажеттілік. Қазір автобус 2–3 сағатта бір рет қатынайды. Әсіресе оқушылар мен жұмыс істейтін тұрғындарға бұл қиын. Егер автобус сағатына бір рет жүрсе, ауыл мен аудан орталығы арасындағы қатынас әлдеқайда жеңілдер еді», – деді ауыл тұрғыны Әсел Сейдуалиева.

Тұрғындардың сауалдарына жауап берген облыстық сайлауалды штаб мүшелері ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын дамыту, цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Партияның сайлауалды бағдарламасында ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға, өңірлер арасындағы даму алшақтығын азайтуға, цифрлық технологиялардың қолжетімділігін кеңейтуге және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған нақты міндеттер көзделген.

Кездесу барысында Жасөркен тұрғындары көтерген мәселелер мен ұсыныстар облыстық сайлауалды штаб тарапынан жинақталды. Партия өкілдері оларды тиісті бағыттар бойынша зерделеп, алдағы өңірлік жұмыс барысында ескеретінін жеткізді.

Жасөркен ауылындағы кездесу «Әділет» партиясының Жамбыл облысындағы сайлауалды жұмысының негізгі қағидаларының бірі – ауыл тұрғындарының нақты сұранысын өздерінен тікелей тыңдау және сол ұсыныстарды партияның алдағы жұмысына енгізу екенін көрсетті.

«Әділет» партиясының Жамбыл облысындағы сайлауалды кездесулері жалғасып жатыр. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:55
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Тамыз 2026 11:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see121

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see121

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see120

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see119

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see118

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see117

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see114

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see114

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

11 Тамыз 2026 15:50see113

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see113

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see113

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see113

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

11 Тамыз 2026 14:27see110

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see110

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары