Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бүгін Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Премьер-министрдің орынбасары жазғы науқанға дайындық барысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, медициналық көмек және каникул кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша қатысушылардың ақпаратын тыңдады.

Аида Балаева балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру басым міндеттердің бірі екенін атап өтіп, бұл бағыт барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктерінің үйлесімді жұмысын талап ететінін айтты.

Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл демалыс іс-шараларымен 3,2 млн баланы қамту жоспарланып отыр. Бұл – елдегі оқушылардың жалпы санының 86,2%-ы. Жазғы кезеңде балалардың демалысы жыл бойы жұмыс істейтін 20 орталықта, 179 маусымдық орталықта, сондай-ақ мектептер мен мектептен тыс ұйымдар жанындағы 10 894 орталықта ұйымдастырылады. Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі білім беру-сауықтыру орталықтарын лицензиялау тәртібін жаңартты. Лицензиялар меншік нысанына қарамастан, ұйымдарға «Электрондық үкімет» порталы арқылы 5 жыл мерзімге беріледі. Осы жылдың 1 мамырына дейін барлық қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды аяқтау жоспарланып отыр.

Жазғы каникулда балалар қалай демалады?

Балалардың жазғы кезеңдегі мазмұнды әрі пайдалы бос уақытын ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Оқушылардың 97%-ын пайдалы қызмет түрлерімен қамту көзделіп отыр. Осы мақсатта шығармашылық, спорттық, туристік, зияткерлік және еңбек бағыттары бойынша бағдарламалар жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 2026 жылғы жазғы сауықтыру маусымына дайындық аясында балалар демалысының санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру жұмыстары қолға алынған. Лагерьлер жұмысына рұқсат берудегі негізгі фактор олардың дайындық сапасы болатыны атап өтілді.

Сонымен қатар ведомство алғаш рет лагерьлердегі медициналық қызметті лицензиялау, сондай-ақ жазғы сауықтыру лагерьлерінің дәрігерлері мен мейіргерлеріне арналған балаларды медициналық қамтамасыз ету және сауықтыруды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп, жаңа Тамақтану стандартының талаптарына сәйкес балалар сауықтыру ұйымдарына арналған перспективалық мәзір нұсқалары әзірленіп жатыр. Бұл жұмысты осы жылдың 10 мамырына дейін аяқтау жоспарланған. Премьер-министрдің орынбасары жазғы демалыс қауіпсіз, сапалы, танымдық әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен бірге жазғы демалысты оқу процесінің жалғасына айналдырмау маңызды. Барлық тәрбие, экологиялық, мәдени және білім беру іс-шаралары балаларға қызықты, ойын түрінде әрі түсінікті форматта өткізілуі қажет.

Аида Балаева: Кітап оқуға қызығушылық тұрақты түрде артып келеді

Аида Балаева өңірлік штабтардың республикалық штабпен тығыз өзара іс-қимыл жасауы қажет екенін айтып, ең негізгі басымдық балалардың қауіпсіздігі екенін атап өтті. Бұл ретте үйлестіру жұмыстары мемлекеттік лагерьлерді де, жеке меншік балалар лагерьлерін де қамтуға тиіс. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, балалар сауықтыру лагерьлері қызметкерлерінің сапалық құрамына тексеру жүргізеді.

Жиынды қорытындылай келе, Аида Балаева жазғы демалыс бағдарламаларының мазмұнын сауықтыру, спорттық, мәдени, экологиялық және танымдық іс-шараларға басымдық бере отырып толықтыруды, балалар қатысатын көшпелі іс-шаралардың қауіпсіздік шараларын күшейтуді, тамақтану сапасына, ауыз суға және лагерьлердің санитариялық жағдайына ерекше бақылау орнатуды, мектеп жанындағы лагерьлердің дайындығына талдау жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жоюды тапсырды. Бұдан бөлек Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жасыл сабақтар» экологиялық жобасының элементтерін жазғы бағдарламаларға енгізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Бүгін, 15:59

Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады

Білім • Бүгін, 15:45

Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды

Парламент • Бүгін, 15:30

LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?

Елорда • Бүгін, 15:29

Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды

Спорт • Бүгін, 15:15

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Үкімет • Бүгін, 14:58

Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады

Білім • Бүгін, 14:47

«Болашақ» бағдарламасы: Депутат бюджет қаржысын негізсіз жұмсағандардың есімдерін жариялауды талап етті

Оқиға • Бүгін, 14:36

Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды

Оқиға • Бүгін, 14:13

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды

Ауа райы • Бүгін, 13:51

Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды

Оқиға • Бүгін, 13:40

Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

Үкімет • Бүгін, 13:30

Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған

Қылмыс • Бүгін, 13:20

«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12

«Атын атауға болмайтын адам»: Заңгер Мұхтар Шахановтың атына тіл тигізген ер адамды сотқа бермек

Қоғам • Бүгін, 13:03

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Сәуір 2026 16:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see116

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see115

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары