Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мемлекет басшысы таяуда «Türkistan» газетіне берген сұхбатында білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесін реформалау туралы атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді.

Айтуынша, бұл ретте ең алдымен, жекеменшік мектептерді, балабақшаларды, даму орталықтарын және медициналық емханаларды «жан басына сәйкес қаржыландыру» мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

Осыған байланысты Үкімет жекеменшік ұйымдарға берілетін мемлекеттік тапсырыс тетіктеріне жан-жақты талдау жүргізіп, бірқатар көкейкесті мәселелерді анықтады. Атап айтқанда, жүйелерді ауқымды цифрландыру барысында салада бұрын байқалмаған заңбұзушылықтар мен олқылықтарды анық көрсетті. Бұл өз кезегінде аталған салалардағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сай келмейді. Кейінгі 8 жылда жекеменшік мектептердің саны жеті есе артты. Бүгінде олар 785-ке жетті. Соған сәйкес бюджетке түсетін салмақ та күрт көбейді. Шығындар 2020 жылы 13 миллиард болса, 2025 жылы 242 миллиардқа дейін өсті, - деп атап өтті вице-премьер.

Сонымен қатар Аида Балаева 2020 жыл мен 2025 жылдар аралығындағы инвестициялық шығын 111  миллиард теңгені құрағанын алға тартты. Бұл қаражатқа шамамен 35 жаңа мектеп салуға болады. 

Соған қарамастан басты мақсат – орын тапшылығы мәселесін әлі де жоя алмадық. 2025 жылы бұл жетіспеушілік 251 мың орынға жетті. Бұл – облыстағы тұтас бір қаланың халқымен бірдей көрсеткіш. Жекеменшік мектептердің көбеюі білім сапасының төмендеуіне алып келді. Көптеген білім ошақтары нақты өңірлік қажеттілікті ескермей, ретсіз ашылды. Мәселен, олардың 80  пайызға жуығы жалға алынған ғимараттарда жұмыс істейді. Ал директорлардың біліктілігі мәселесі де сын көтермейді. Мектеп ғимараттары бизнес меншігінде қалып отыр. 20  жылдан кейін олардың түпкі мақсаты өзгеріп кетуі мүмкін. Бұл жүйеге деген сенімді азайтып, бюджет қаражатының тиімділігіне күмән тудырады, - дейді Аида Ғалымқызы.

Ведомство басшысы сондықтан қазір жағдайды түбегейлі өзгерту бойынша жүйелі жұмыс басталғанына тоқталды. 

Жаңа қаржыландыру тетігі пилоттық режимде іске қосылды. Мектептер толық цифрландырылып, бюджетке сәйкес реттелді. Бірақ бұл – биылғы оқу жылының соңына дейінгі уақытша шара. Негізгі міндет – жүйені толық қайта қарау. Ең алдымен, мемлекеттік тапсырыс нақты өңірлік қажеттілікке сай болуға тиіс. Жаңа мектептерге мемлекеттік тапсырыс беруге мораторий енгізу ұсынылып отыр. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде тек инвестициялық шығындарды өтеу тетігін қалдыру көзделуде. Сондай-ақ білім беру саласындағы бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында, ірі мегаполистерді қоспағанда, студенттік жатақханаларды қаржыландыру уақытша тоқтату мәселесі қарастырылуда. Бұл ретте барлық құқықтық және әлеуметтік тәуекелдер ескеріледі. Бағдарламаны кезең-кезеңмен тоқтату немесе шарттарын қайта қарау нұсқалары қаралуда. Дәл осындай мәселелер медицина саласында да байқалады. Үкімет азаматтардың өтініштерін ескере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылатын жекеменшік медициналық ұйымдардың қызметіне талдау жүргізуде, - деді вице-премьер.

Айта кетерлігі, елімізде 20 миллионнан астам адам 698  бастапқы медициналық көмек ұйымына тіркелген. Соның 336-сы, яғни шамамен 48 пайызы – жекеменшік. Оларға тіркелген халық саны 5 миллион 600 мың адам. Бұл – ел халқының шамамен 28 пайызы.

2020 жылдан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін жекеменшік емханалардың саны 215-тен 336 ұйымға дейін өсті, ал тіркелген халық 3 миллионнан 5 миллион 600 мыңға дейін артты. Бүгінде алғашқы медициналық көмек ұйымдары республикалық бюджет есебінен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында, жан басына сәйкес қаржыландырылады. Ал 2027 жылдың 1  қаңтарынан бастап бұл қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаражаты есебінен жүзеге асады. Алайда жеке емханалардың саны көбейіп, оларға тіркелген халық екі есеге жуық артқанымен, бұл медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарта қойған жоқ. Бүгінде қосарланған қаржыландыру фактілері бар. Кей қызметтер міндетті және ерікті сақтандыру арқылы қатар төленуде. Кейде көрсетілмеген қызмет үшін ақы алынған жағдайлар кездеседі, - дейді Аида Ғалымқызы.

Мәлімдеуінше, тіпті лицензиясыз, тиісті жабдықсыз жұмыс істеген ұйымдар да бар.

Бұл мәселелерді тек жүйелі өзгерістер мен толық цифрландыру арқылы шешуге болады. Денсаулық сақтау министрлігі халықтың нақты қажеттіліктеріне, демографиялық және көші-қон деректеріне сүйене отырып, медициналық көмекті жоспарлауға көшуде. Белсенді емес пациенттерді қаржыландыру жүйесінен шығару жоспарлануда. Тіркелу талаптары күшейтіліп, шағын емханалар біріктіріледі. Ал қаржыландыру көлемі ең тиімді мемлекеттік және сенімді жеке емханаларға бағытталады. Қосарланған төлем мен жалған есепті болдырмау үшін бірыңғай цифрлық бақылау енгізіледі. Барлық жүйелер біріктіріледі. Пациент көрсетілген қызметті мобильді қосымша арқылы өзі растайды. Бұл азаматтардың құқығын қорғайды. Сонымен бірге сапаны бақылау күшейе түседі. Тәуекелге бағдарланған қадағалау жүйесі енгізіліп, лицензиялау талаптары қатаңдайды, - деді министр. 

Сондай-ақ сапаны бағалайтын бірыңғай мемлекеттік жүйе жасалып, Ұлттық сапа институтын ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар жеке медициналық ұйымдардың қызметі кешенді түрде тексеріледі. Ұсынылып отырған барлық шаралар жан басына сәйкес қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталып отыр. Біздің мақсатымыз – қаржыландыру жүйесін әділ, ашық және тиімді ету. Ең бастысы – бюджеттен бөлінетін қаражат халықтың игілігіне, білім мен денсаулық сапасын жақсартуға жұмыс істеуге тиіс, - деді Аида Балаева.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 17:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see133

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see122

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары