Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Астана қаласындағы №99 орта мектепте заманауи технологиялармен жабдықталған, оқу процесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған инновациялық білім беру кеңістігі ашылды. TopIQ Smart Class пилоттық жобасы қала әкімдігінің бастамасымен енгізіліп отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ашық сабақ барысында жаңа жүйенің мүмкіндіктерімен танысты. Сабақта инновациялық сыныптың негізгі функциялары мен білім беру процесіндегі практикалық әлеуеті көрсетілді.

TopIQ Smart Class – өзара байланыста жұмыс істейтін смарт үстел, смарт парталар мен смарт тақтадан тұратын біртұтас цифрлық экожүйе. Жүйеде оқу процесін автоматтандыруға және оны әр оқушының білім деңгейі мен жеке ерекшелігіне қарай бейімдеуге мүмкіндік беретін жасанды интеллект технологиялары да қолданылады. Мұның бәрі тиімді, интерактивті әрі дербес білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады

Аида Балаева білім беру процесіне инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселесіне жан-жақты әрі байыппен қарау қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, ең алдымен мұндай шешімдердің балалардың білім сапасына әсері ескерілуі тиіс.

«Мұндай ойын және цифрлық форматтардың оқу процесіне қалай ықпал ететінін нақты түсіну маңызды. Дәстүрлі оқыту жүйесі де өз мәнін сақтауы керек. Пәндерді оқытуда сараланған тәсіл қолданылып, әр баланың жеке ерекшелігі ескерілуі қажет. Ұстаздың басты міндеті – тек білім беру ғана емес, сонымен қатар тұлға қалыптастыру, жауапты әрі лайықты азамат тәрбиелеу. Осыған байланысты мұндай технологиялардың артықшылықтары мен ықтимал тәуекелдеріне кешенді талдау жүргізу маңызды», деді Үкімет басшысының орынбасары.

Инновациялық сынып 25 смарт партамен жабдықталған. Әр парта оқушыға жеке цифрлық жұмыс кеңістігін ұсынады. Оқушылар осы құрылғылар арқылы электронды оқулықтармен жұмыс істеп, тапсырмалар орындайды, музыкалық аспаптарды меңгереді, сондай-ақ 3D сурет салу және модельдеу дағдыларын дамытады.

Жасанды интеллект жүйесі оқушылардың үлгерімін талдап, олардың дайындық деңгейіне қарай тапсырмаларды автоматты түрде бейімдейді. Ал, педагог смарт үстел арқылы әр оқушының жұмысын нақты уақыт режимінде бақылап, оқу қарқынын реттей алады және қажет кезде қолдау көрсетеді. Сонымен қатар AI негізіндегі аналитикалық деректер әр баланың оқу динамикасын объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды

Смарт тақта сабақтарды толық интерактивті форматта өткізуге жол ашады. Оның көмегімен оқу материалдарын цифрлық форматта сақтап, қайта пайдалануға, сондай-ақ ойын және жарыс элементтері бар сабақтар ұйымдастыруға болады.

Жоба заманауи интерактивті білім беру ортасын қалыптастыруға, білім сапасын арттыруға және жаңа буынның цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған.

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты

Технология • Бүгін, 21:59

Президент бірқатар заңға қол қойды

Президент • Бүгін, 21:19

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты

Президент • Бүгін, 20:48

Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 20:29

Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген

Оқиға • Бүгін, 19:56

Туған жер құрметінен қанаттанып…

Әдебиет • Бүгін, 19:26

Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды

Технология • Бүгін, 18:53

Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 18:23

1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?

Ипотека • Бүгін, 18:05

Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады

Футбол • Бүгін, 17:48

Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды

Көрме • Бүгін, 17:27

Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Оқиға • Бүгін, 17:25

«Тоттенхэмнің» бұрынғы директоры Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды

Футбол • Бүгін, 17:20

Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты

Экспорт • Бүгін, 17:11

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты

Оқиға • Бүгін, 16:58

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Сәуір 2026 22:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see146

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see119

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see113

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары