Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Аида Балаева 18 дарынды өнерпазды марапаттады

Аида Балаева 18 дарынды өнерпазды марапаттады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан Республикасы күніне орай «Астана Опера» театрында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева беделді халықаралық байқаулардың жүлдегерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Кездесуге келген жас өнерпаздардың қатарында Италиядағы La Scala театры академиясының студенті, Портофино қаласында өткен XI халықаралық «CLIP 2025» опера байқауының Гран-при иегері – Әйгерім Алтынбек, Дубайда өткен «Sanremo Best Song – 2025» халықаралық орындаушылар байқауының жеңімпазы – Ержан Максим, Қазанда өткен XXI халықаралық  «Новая волна – 2025» жас орындаушылар байқауының жеңімпазы – Александр Лим, Мәскеуде өткен халықаралық  «Интервидение – 2025» музыкалық байқауының қатысушысы – Ернар Садырбаев (Amre), Витебскіде өткен XXXIV халықаралық  «Витебск 2025» байқауының Гран-при иегері Алмагүл Батталиева, сондай-ақ Ставропольде өткен «Soldier’s Envelope – 2025» халықаралық фестиваль-байқауының жеңімпазы, «El Voice» тобы мен Италиядағы «Open Italy – 2023» байқауында үздік деп танылған домбырашылар дуэті «Temirlan & Yernat» және басқа да дарынды жастар болды. 

Аида Балаева оларға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан алғыс хат табыстады. 

Министрдің айтуынша, жас таланттардың жетістіктері Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға және ел мәдениетін танытуға зор үлес қосады. 

«Бүгін мереке қарсаңында, біз ел мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген жастармен кездесіп отырмыз. Сіздердің халықаралық деңгейдегі жетістіктеріңіз — еліміздің абыройы мен беделі. Әр өнерпаздың еңбегі мен дарынын жоғары бағалаймын. Ел мен жерге, өз ісіне деген сүйіспеншілік осындай жеңіске жетеледі. Сіздерді тәрбиелеген ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңызға алғыс білдіремін. Өйткені олардың сіздерді өнерге баулып, таңдауларыңызды қолдауда еңбегі зор», — деді Аида Балаева.

Отырыс барысында жастар өз әсерін бөлісіп, жетістіктері мен жоспарлары туралы сөз етті. Сонымен қатар  мәдениет саласын дамыту және жас таланттарды мемлекеттік қолдау бағыты бойынша да өз ұсыныстарын жеткізді. Соңғы жылдары отандық орындаушылар, әртістер мен музыканттар халықаралық беделді байқауларда жоғары кәсіби деңгей көрсетіп, ел абыройын асқақтатып жүр. Республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанған оқушылар мен студенттер саны (мәдениет саласындағы оқу орындары тәрбиелеген) 14,9 % артты. Тек 2025 жылдың өзінде шығармашылық жоғары оқу орындары мен колледждердің 1511 студенті лауреат және дипломант атанған. 

Бұл жетістік – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген мәдениет саласындағы білім беруді дамыту және жастардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру бойынша жасалған жүйелі шаралардың жемісті нәтижесі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 18:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары