Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Полиция Шымкентте қаза тапқан студент қыздың отбасы жариялаған деректерге жауап берді

Шымкенттегі 21 жастағы қыздың жантүршігерлік өлімі: ІІМ мәлімдеме жасады: 16 қаңтар 2026, 15:17 жаңалықтар

Қазақстан биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде ерлер эстафетасында бақ сынайды

Дін және цифрландыру: Қазақстанда Imam AI іске қосылады

Токиода электр қуатының өшуінен 673 мың пойыз жолаушысы зардап шекті

Әуе компаниясының бұрынғы басшысының жұбайы Air Astana төңірегіндегі жанжалға пікір білдірді

Заң алдында бәрі тең

Жаңа технологиялар болашақтың кепілі

Алматылық неше спортшы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алды

ЖИ және заң: Жұртшылық жаңа талапты біле ме?

Ақтөбеде еріктілер ыстық шай таратты

Алматының ғылыми өндірістік қуаты зор

Есірткі қылмысын еңсеретін жоспар

Лукашенко Қазақстан Президентін Беларусь шенеуніктеріне үлгі етті

Көкшетауда аязды күні жолда қалып кеткен Тәжікстан азаматтары құтқарылды

Иранның әуе кеңістігі ұшақтар үшін қайта ашылды

Бес минуттың әсері

Жер қойнауын пайдаланушылар жұмсалған шығындардың 1 пайызын ғылымды қаржыландыруға бюджетке аударатын болады

Сергей Пономарев Президентке ҚХА ны дамытудың биылғы жоспарын таныстырды

Онлайн алаяқтықпен күрес: 6 мыңнан аса іс ашылды

Айдын ортасында пайда болған арал: Каспий теңізінің екіге бөлінуінің бастапқы нышаны ма?

Айдын ортасында пайда болған арал: Каспий теңізінің екіге бөлінуінің бастапқы нышаны ма?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мемлекет басшысы Каспий теңізін қорғау туралы ұдайы айтып келеді. Биылғы Жолдауында: «Каспий теңізінің тартылып бара жатқаны жұртты алаңдатып отыр. Тиісті шара қолданбасақ, бұл аса үлкен экологиялық апатқа айналуы мүмкін. Каспий теңізі – бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысы бар мәселе. Сондықтан жұмылып әрекет ету қажет», деді Президент.

Бес елге ортақ Каспий теңізінің суы жағалаудан қашықтап барады. Осыған орай экологтер, басқа да мамандар дабыл қаға бастады. «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 15 жылдан бері ғарыш­тан мониторинг жүргізіліп келеді. Сол мониторингтің қорытын­ды­сына қарағанда, Каспий теңізі­нің қазақстандық секторындағы акваториясы 7,1%-ға қысқарғаны байқалыпты. Кей тұста теңіз табаны көрініп жатыр.

«Каспий теңізінің отандық сек­торының су беті ауданы 2008 жылы 113 866,67 шаршы шақырымды құрады. 2023 жылғы көрсеткіш – 105 745,23 шаршы шақырым. 15 жыл ішінде әртүрлі уақытта түсірілген ғарыштық суреттердің талдауы су беті ауданының азайғанын анықтады», деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі мамандарының мәліметіне сүйенсек, теңіз деңгейінің төмендеуі өткен ғасырдың 30-жылдарынан бері байқалып келеді. Мәселен, 1977 жылға қарай теңіз деңгейі 3 метрге төмендеп, –26-дан –29 метрге дейін жеткен. Кейін қайта көтерілген су деңгейі 1995 жылы
3 метрге жоғарылап, –26,62 метрді құраған. Осы аралықта су деңгейінің көтерілуі жылына шамамен 14 см, кей жылдары –36 см болған.

«2005 жылдан бері циклдік төмендеу кезеңі қайтадан басталды. Каспийде желдің әсерінен мезгілсіз ауытқу болып тұрады. Мәселен, Каспийдің солтүстік бөлігіндегі «Жанбай» теңіз гидропосты аумағында осындай маусымдық көрініс, әсіресе, көктем мен күзде анық байқалып отыр. Бұған себеп – солтүстік-шығыс пен оңтүстік-шығыстан соғатын жел. Жазда, жел екпіні қатты емес кезде мұндай жайт кездеспейді. Теңіз деңгейінің көтерілуі желдің жылдамдығы 10–15 м/с, ұзақтығы 10–12 сағаттан 1-2 күнге ұласса ғана байқалады. Жел секундына 15–25 метрге жеткенде теңіз деңгейінің биіктігі 1,5–2 метр немесе одан жоғары болады», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Теңіз деңгейіне алаңдаушылық білдіріп жүрген сарапшылардың дерегін­ше, кейінгі кезде Каспий теңізі деңгейінің ауытқуына әсер ететін бірнеше себеп бар. Біріншіден, климаттың антропогендік өзгеруі тікелей ықпал етеді. Соның бірі – 2006–2020 жылдар аралығында теңіз акваториясына жауын-шашынның аз мөлшерде түсуі. Бұған керісінше булану үдерісінің қарқыны артқан. Екіншіден, теңізге құятын өзендер бассейнінде су мөлшері азайған. Соның салдарынан Еділ өзені бассейнінен теңізге келетін ағын мөлшері төмендеген. Мұндай көрініс Жайық өзенінде де байқалды.

«Save the Caspian Sea» қозғалысының негізін қалаушы Вадим Нидің айтуын­ша, Каспий теңізі ондаған жыл бойы өнер­кәсіптік қалдықтармен ластанып келеді. Кемелер құрамында мұнай бар улы қалдықтарды суға төгеді. Бұл теңіз жағалауының экожүйесін бұзады. Теңізде мекен ететін тіршілік иелерін мекенінен айырады. Еділ бойындағы бөгеттер мен суды тиімсіз пайдалану теңізге құятын ағынды азайтып, айдын­ның тартылуына, экожүйенің жойы­луына соқтырады. Адамның теріс әреке­тінен туындаған бұл дағдарыс орасан салдарға әкеліп, миллион­даған тұрғын­ның тағдырына теріс әсер етуі мүмкін.

«Каспийге қатысты көптеген жоба мен бағдарлама, екі конвенция қабылданды. Алайда біз іске кіріскен тоғыз айда теңізді құтқаруға қажетті ең негізгі қадамдар жасалмады. Өзіміз дайындаған құжатта 10 қадамды ұсындық. Бұл – мемлекеттер, ұйымдар мен табиғат жанашырларының күшін біріктіруге мүмкіндік беретін жол картасы», дейді В.Ни.

Оның дерегіне қарағанда, теңізді құтқару бағытында маңызды қадам жасайтын қарар қабылданған. Онда, біріншіден, Каспий маңы мем­лекеттерінің экологиялық саясатын үйлестіру қажеттігі айтылған. Екіншіден, ғылыми зерттеулер мен деректер алмасуды кеңейту керек. Үшіншіден, теңіздің экожүйесін қалпына келтіру жобаларына инвестиция тартудың маңызы зор. Төртіншіден, өнеркәсіптік қалдықтар мен төгінділерге тосқауыл қоюға бақылау күшейтілуге тиіс. Бесін­шіден, биоалуантүрлілікті, сирек түрлерді қорғау шараларын іске асыруды кешіктірмеу қам­тылған.

«Save the Caspian Sea» қозғалысы жария еткен дерекке сәйкес теңіз түбі жыл сайын 70 сантиметрге тайызданып барады. Теңіздің еліміздегі жағалау сызығы қазірдің өзінде 20 шақырымға шегінгені анықталып отыр. Бұл – алаңдатарлық жайт.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Дәулет Есмағамбетовтің пікірінше, кейінгі жылдары теңіз деңгейінің төмендеуі қалыпты үрдіске айналып барады. Былтыр Каспий теңізінің отандық секторындағы деңгей 2023 жылмен салыстырғанда 26 сантиметр­ге төмендеген. Сөйтіп, Балтық жүйесі бойын­ша 29,12 белгісіне жетті.

«Біздің синоптиктердің дерегіне сүйенсек, Каспий климаты тез жылынып келеді. Ауа райының мұндай құбылысы судың қарқынды булануына әкеледі. Теңізді толтыратын өзендердің ағысын реттеу үлкен рөл атқарады. Ғалымдарымыздың болжамынша, 2050 жылға қарай су деңгейі тағы 3–5 метрге төмендейді», дейді Д.Есмағамбетов.

Бір елдің ғана емес, жағалаудағы бес мемлекеттің табиғат жанашырларын тағы бір маңызды мәселе алаңдатады. Бұл – теңіз кемелері мен мұнай өндірісінен қалған мұнайлы дақ. «Прозрачный мир на Каспий» жобасының үйлестірушісі Андрей Балагуровтың айтуынша, мұндай дақты Sentinel спутнигі арқылы ғарыштан бақылап, анықтауға болатын технология бар.

«Биылғы тамызда теңіздің Қазақстан мен Әзербайжандағы бөлігінде 82 шаршы шақырым көлемінде ірі ластану дерегі анықталды. Мұнай дақтарының шағы­лыстыратын беткі қабаты бұлт көлеңкесі емес. Бұл – әрі қарай зерттеуді қажет ететін дәлелденген фактілер. Алайда теңіз акваториясының ластануын тіркеумен ғана шектелмеу қажет. Ғарыштан бақылау кезінде анықталған 90 мың дақтың тек 0,5%-ына қатысты кінәлілер нақты жазаға тартылған», дейді А.Балагуров.

Ресейдегі Астрахан мемлекеттік қо­рығының хабарлауынша, Каспий теңізінің деңгейі 1978 жылғы белгіден төмендеуі жалғасып отыр. Су деңгейінің тұрақты шамасы жоқ. Теңіз деңгейі циклдік түрде бірде көтеріліп, кей жылдары төмендейді.

«Каспий теңізі төмендеуінің соңғы кезеңі өткен ғасырдың екінші жартысында, нақтысында 1978 жылы ең төменгі деңгейі тіркелді. 1979 жылдан кейін теңіз қайтадан көтеріле бастады. Мамандардың болжамына сәйкес алдағы жылдары су деңгейі одан әрі төмендейді», деп ақпарат таратты аталған қорық.

Ресей балық шаруашылығы және океанография ғылыми зерттеу институты Волга-Каспий филиалы басшысының орынбасары Сергей Шипулиннің дерегіне сүйенсек, Каспий теңізінде ылғалдың булануына температураның көтерілуінен бөлек, жел бағыты да әсер етеді. Егер шығыстан, Орта Азияның шөлдерінен жел соқса, ауа райы жылынады. Бұл теңіз суын жылытып, белсенді булануға ұласады. Солтүстіктен немесе солтүстік-батыстан жел соғатын болса, онда булану азаяды.

«Теңіздің тартылуына байланыс­ты түрлі болжам айтылады. Теңіз суының толығуы мен азаюына байланысты теңгерім бар. Судың 80%-ы өзендерден құйылады. Оның 80%-ы – Еділ өзенінің ағыны. Өзендер суының кейінгі 10–12 жылдағы көлемiн, Каспий деңгейiнiң ауытқуын салыстыратын болсақ, онда теңiз деңгейi мен Едiлдің суы арасындағы тiкелей байланыс анықталады. Бірақ Еділден Каспийге су көп мөлшерде ағып келсе де, теңіздің таяздануы жалғасып жатыр. Осыған ұқсас үдеріс Каспийге құятын басқа өзендерге қатысты да байқалады. Кейінгі 30 жылда теңіздің солтүстік бөлігіндегі акваториясы қысқарып, құрғақ алаңға айналды. Мұның бәрі су айдынының сол секторындағы фаунаға қауіп төндіреді»,  дейді С.Шипулин.

Биылғы мамырда Ресей ғылым акаде­миясының П.Ширшов атындағы мұхиттану институтының ғалымдары арнайы экспедициясы кезінде Солтүстік Каспийде жаңа аралдың пайда болғанын хабарлады. Айдын ортасындағы тақыр жер Малый Жемчужный аралынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан.

«Каспий теңізінде жаңа арал табылды. Бұл – Каспий теңізінің тайыздануының тағы бір дәлелі. 2024 жылдың қараша­сында түсірілген спутниктік суреттерде «Средняя Жемчужная» жағалауының құрғағаны байқалды. Бұл теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты пайда болған жаңа жер екенін растау енді ғана мүмкін болды», делінген ақпаратта.

Экспедиция мүшелері әуе кемесі­мен аралға жақындаған. Алайда су­дың тайыздығы мен ауа райының құ­бы­луына байланысты қона алмаған. Квадро­коптермен түсірілген фотосуреттерден аралдың сұлбасы анық көрінеді.

«Ғалымдар биогидрохимия, гидро­био­логия, теңіздегі құбылу динамикасына қосымша зерттеулер жүргізу мақсатында арал маңындағы солтүстік тайыз суда шамамен 0,4 м тереңдікте арнайы станса құрды. Қазір арал судан сәл ғана жоғары көтеріліп тұр. Бірақ теңіз суының ең төменгі деңгейінде айтарлықтай байқалады. Беткейі құм­ды жо­талары бар тегіс, ылғалды әрі жа­­зық. Жақын арада ғалымдар жаңа арал­дың бастапқы сипаттамасын аяқ­­тап, оның географиялық атауына қа­тыс­ты ұсыныстарын орта­ға сала­ды», деп нақ­тылады ресейлік ғалым­дар.

Көрші ел ғалымдарының пікірінше, Каспий теңізінің деңгейі төмендей берсе, арал аумағы кеңеюі мүмкін. Сөйтіп, сирек кездесетін құстар мен Каспий итбалығының жаңа мекеніне айналатынына болжам жасалып отыр.

Г.Әлиев атындағы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының География институты зерттеушілері де теңіз деңгейінің құбылуына алаңдаушылық білдіріп отыр. Алайда олардың пікіріне зер салсақ, Каспийдегі ахуал – деңгейдің қысқамерзімді ауытқуы емес, терең тектоникалық құбылыстарға негізделген тұрақты үдеріс.

Әзербайжан ғалымдары болашақта Каспий теңізі екі оқшау су жүйесіне бөлінуі мүмкін екеніне болжам жасап отыр. Оған қазір теңізде болып жатқан таяздану әсер етеді. Бұл үрдіс ұзақ жыл жалғасар болса, оқшау су айдынының солтүстік бөлігі Дербенді, оңтүстігі Лянкяран ойпатында орналасады. Бірақ бұл біраз жылға созылары даусыз.

Ғылыми қызметкер Мирнух Исмаи­ловтің айтуынша, Каспий теңізі белсенді тектоникалық аймақта орналасқан. Кавказда тау пайда болу үдерісі әлі аяқталған жоқ. Ал теңіздегі су деңгейі­нің тұрақты төмендегені байқалады. География институтының тағы бір сарапшысы Эльнура Джафарова теңіздегі су деңгейі жағалау жиегінен 30 шақырымға дейін шегінуі мүмкін екенін алға тартады.

Шынымен Каспий теңізі екіге бөліне ме? Атыраулық табиғат жанашыры Артур Шахназарян мұндай жайтты жоққа шығармайды. Ол былтыр дәл осы мәселеге орай зерттеулерге сәйкес алаңдаушылығын білдірген еді.

«Кезінде Арал қандай теңіз еді? Енді оны дәл бұрынғы қалпына келтіру мүмкін емес. Ал Каспий теңізі екіге бөлінуі мүмкін бе? Қазіргі ахуалды ескерсек, бәрі мүмкін. Мұны ғалымдар да жоққа шығармайды. Тіпті арнайы зерттеу қорытындысына байланысты болжам да бар. Бұл болжам расқа айналар болса, су айдыны Солтүстік Каспий теңізі, Орта және Оңтүстік Каспий теңізі болып  аталуы мүмкін. Екі теңіз арасындағы бөліну сызығы Каспий ойпаты деп аталатын Еділ өзенінің Астрахан ауданындағы сағасынан Атырау облысының Прорва кен орны орналасқан жағалау аумағына дейін су астындағы дөңес тізбегімен өтеді. Бізге теңіздің екіге бөлінгені қажет пе? Әрине, қажет емес. Өйткені бірегей су айдынын жоғалтатын болсақ, экологиялық ахуал бұзылады Сол себептен, бізді бес елге ортақ теңіздің тағдыры алаңдатуға тиіс», дейді А.Шах­назарян.

Теңіздің тағдыры қыл үстінде тұр демесек те, бүгінгі ахуал алаңдататыны дау­сыз. Су айдынының солтүстік бөлігінде пайда болған арал теңізді экологиялық апатқа соқтырар нышанның алғашқы белгісі ме? Қалай дегенде де, Каспий маңындағы бес ел теңізді экологиялық апатқа ұрындырмауға байланысты әзірге ортақ байлам жасаған жоқ.  

Атырау облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 07:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Полиция Шымкентте қаза тапқан студент қыздың отбасы жариялаған деректерге жауап берді

16 Қаңтар 2026 00:38see112

Шымкенттегі 21 жастағы қыздың жантүршігерлік өлімі: ІІМ мәлімдеме жасады: 16 қаңтар 2026, 15:17 жаңалықтар

16 Қаңтар 2026 15:25see109

Қазақстан биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде ерлер эстафетасында бақ сынайды

15 Қаңтар 2026 18:26see108

Дін және цифрландыру: Қазақстанда Imam AI іске қосылады

15 Қаңтар 2026 20:18see108

Токиода электр қуатының өшуінен 673 мың пойыз жолаушысы зардап шекті

16 Қаңтар 2026 23:01see108

Әуе компаниясының бұрынғы басшысының жұбайы Air Astana төңірегіндегі жанжалға пікір білдірді

16 Қаңтар 2026 19:33see107

Заң алдында бәрі тең

16 Қаңтар 2026 20:30see106

Жаңа технологиялар болашақтың кепілі

15 Қаңтар 2026 19:53see106

Алматылық неше спортшы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алды

16 Қаңтар 2026 00:36see106

ЖИ және заң: Жұртшылық жаңа талапты біле ме?

15 Қаңтар 2026 16:27see106

Ақтөбеде еріктілер ыстық шай таратты

16 Қаңтар 2026 21:13see105

Алматының ғылыми өндірістік қуаты зор

16 Қаңтар 2026 07:52see104

Есірткі қылмысын еңсеретін жоспар

16 Қаңтар 2026 07:52see103

Лукашенко Қазақстан Президентін Беларусь шенеуніктеріне үлгі етті

16 Қаңтар 2026 15:19see103

Көкшетауда аязды күні жолда қалып кеткен Тәжікстан азаматтары құтқарылды

17 Қаңтар 2026 11:06see103

Иранның әуе кеңістігі ұшақтар үшін қайта ашылды

15 Қаңтар 2026 18:33see102

Бес минуттың әсері

17 Қаңтар 2026 09:36see102

Жер қойнауын пайдаланушылар жұмсалған шығындардың 1 пайызын ғылымды қаржыландыруға бюджетке аударатын болады

15 Қаңтар 2026 15:09see101

Сергей Пономарев Президентке ҚХА ны дамытудың биылғы жоспарын таныстырды

15 Қаңтар 2026 15:51see101

Онлайн алаяқтықпен күрес: 6 мыңнан аса іс ашылды

16 Қаңтар 2026 16:20see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары