Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Хаби Алонсо тактикасына болжам: Дастан Сәтпаев Челсиде қай позицияда ойнауы мүмкін?

Хаби Алонсо тактикасына болжам: Дастан Сәтпаев Челсиде қай позицияда ойнауы мүмкін?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Qazsport телеарнасының комментаторы Ернұр Дүйсенғазының айтуынша, Сәтпаев үшін шешуші кезең маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны болмақ. Барлық ойыншылардың басын қосатын жиында бапкер әр футболшының деңгейін бағалайды.

«Егер Дастан өзінің дарыны мен мүмкіндігін көрсете алса, негізгі құрамнан орын алуы да ғажап емес. Өйткені соңғы маусымда «Челсидің» шабуыл шебіндегі ойыншылардың барлығы бірдей тұрақты ойын көрсете алған жоқ», дейді ол.

Сарапшының пікірінше, Дастанның басты артықшылықтарының бірі − оның бірнеше шабуыл позициясында ойнай алуы. Сондықтан бапкер оны тек орталық шабуылшы ретінде ғана емес, қапталдағы шабуылшы немесе еркін шабуылшы рөлінде де пайдалана алады. Дегенмен, «Челси» секілді алпауыт клубта бәсекелестік өте жоғары. Ернұр Дүйсенғазының айтуынша, негізгі құрамға бірден өте алмаған жағдайда Сәтпаев клубтың серіктес командасы саналатын Францияның «Страсбур» клубына жіберілуі мүмкін. Бұл оның ойын тәжірибесін арттырып, кейін негізгі құрамға оралуына мүмкіндік береді.

Дастан Сәтпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды

Футбол жанкүйерлерінің пікірінше де Хаби Алонсоның ойын философиясы Сәтпаевқа қолайлы болуы ықтимал. Испаниялық маман жас ойыншылармен жұмыс істеуде жақсы нәтижелер көрсетіп келеді және шабуылдағы жылдам, техникалық футболшыларға сенім артады. Дастанның жылдамдығы, техникасы және шабуылдағы белсенділігі оның бірнеше позицияда ойнауына мүмкіндік береді.

Ал спорт журналисі Халым Күзеухан жас футболшының бірден негізгі құрамнан орын алуы екіталай екенін айтады. Оның пікірінше, «Челси» әлемнің түкпір-түкпірінен талантты ойыншыларды жинайтын клуб болғандықтан, әр орын үшін күрес өте жоғары деңгейде жүреді.

«Мұндай клубтарда жастарға мүмкіндік беріледі. Бірақ олардың әрқайсысы алдымен өз деңгейін дәлелдеуі керек. Сондықтан Сәтпаев үшін ең маңыздысы − тұрақты даму мен ойын тәжірибесін жинақтау», дейді ол.

Ал «Aladop.kz» спорттық порталының тілшісі Өнер Айболаттың пікірінше, Дастан Сәтпаев соңғы бірнеше жылда өзін дәлелдеп келе жатқан талантты футболшылардың бірі. Алайда ол да Еуропаның алпауыт клубында негізгі құрамға бірден ену оңай емес екенін атап өтті. Шындыққа тура қарасақ, 18 жастағы қазақ футболшысының бірден ағылшын Премьер-лигасында ойнап кетуі өте қиын. «Челсидегі» бәсекелестік деңгейі жоғары. Сондықтан алғашқы кезеңде оны жастар құрамасында немесе серіктес клубтардың бірінде сынап көруі мүмкін. Бұл қалыпты тәжірибе. Ең бастысы − ойын тәжірибесін жоғалтпай, даму жолын жалғастыру. Сонда ғана болашақта негізгі құрамға жол ашылады.

Дастан Сәтпаевтың командасы: Хаби Алонсо «Челсидің» бас бапкері атанды

«Шын мәнінде, бүгінгі футболда жас ойыншының бірден Премьер-лига деңгейінде жарқырап кетуі сирек кездеседі. Сондықтан Сәтпаев үшін ең тиімді жол − клуб жүйесінде қалып, тәжірибе жинау. Егер ол өз мүмкіндігін дұрыс пайдаланып, физикалық әрі тактикалық тұрғыдан өссе, болашақта негізгі құрамға жол ашылуы әбден мүмкін», дейді Өнер Айболат.

Қорытындылай айтқанда, Дастан Сәтпаевтың «Челси» жүйесіне қосылуы оның мансабындағы ғана емес, қазақ футболы үшін де маңызды белес. Алайда үлкен клубтың табалдырығын аттау мен сол клубта тұрақты ойнаудың арасы жер мен көктей. Сондықтан бүгіннен бастап оны Премьер-лиганың жұлдызына айналдырып жіберу де, керісінше мүмкіндігін жоққа шығару да асығыстық болар еді. Қазір Дастанға ең қажет нәрсе − тұрақты даму, еңбек және шыдам. Егер ол жоғары деңгейдегі бәсекеге төтеп беріп, өз мүмкіндігін дәлелдей алса, «Челсидің» негізгі құрамына жол табуы әбден мүмкін. Ал бұл тек бір футболшының жетістігі емес, отандық футболдың жаңа белеске көтерілгенін көрсететін маңызды оқиға болмақ.

«Челси» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевтың голына тәнті болды

Жанасыл ЗАЙТИМХАН, 

ЕҰУ студенті

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 12:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see133

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see122

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары