Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Айқап алғашқы пікір алаңы

Айқап алғашқы пікір алаңы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Журнал халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп қана қоймай, түрлі көзқарас тоғысқан алаңға айналды. Басылымда жиі талқыланған өзекті тақырыптың бірі – жер мәселесі. Қазақ жеріне қоныс аударушылардың келуі, жердің тарылуы, отырықшылыққа көшу мәселесі жиі жазылды. «Айқаптың» шығарушысы Мұхамеджан Сералин журналдың 1911 жылғы №2 санында халық қолға алуға тиіс екі мәселенің бірі ретінде жерді атап, оқырман­дар­ды осы тақырыпта ой бөлісуге шақырды.

«...Біз өзіміздің пайдалы деп түсінген сөздерімізді ортаға әуелі салайық. Мақұл болса қабылданар, болмаса қалар. Біз бастап бұл кеңесті қозғаған соң, әркім де өз білгенін айтар. Сөйтіп, ортадан салыстырылып, көпке ұнағандай бір сөз шығар», деп жазды ол.

Оған алғашқылардың бірі болып үн қатқан А.Б. есімді оқырман еді. Ол «Тағы да жер жайынан» мақаласында былай деп жазады: «Айқап» басқарушы мырза өз-өзін жұрт алдына салды, мақұлдағандар нешік мақұлдап, мақұлдамағандар не жөнменен мақұл­дамайды, ашып айтуға тиіс. Қазір де аяулы жерді алып қалудың айласы жалғыз-ақ, сол жақсы жерге қала салу. Бұл қала салу деген сөз – қазақтың бәріне айтқан емес, егін салып күн көрерлік жері бар қазақтарға айтыл­ған сөз. Мұны мақұлдамайтұғын адам аз шығар».

Алайда Шахмардан Әлжанов есімді оқырман А.Б-ның пікірін қолдамады. Ол мақа­ла­­сында: «...Һәр жерде қала саламыз деген ауыздарында бар көрінеді, меніңше бұлар­дікі – асығыстық. Көппен көрген ұлы той. Он бес десиатинадан жер алып, қала салған­менен жұрттан асып кетпейді», деген қарсы пікір айтты.

Жер жайында пікірталасқа Міржақып Дулатұлы да қосылды. Ол «Государственный Дума және қазақ» мақаласында: «...Біздің қазақ халқының оңып тұрған бір ісі жоқ, солардың ішінде бірінші орын алып тұрғаны – жер мәселесі. Аз да болса Думада депутаттарымыз болса, сөздері ығтибарға алынбаса да, қазақ жері өз мүлкі екендігін, селдей ағып келе жатқан хахолдар жерді тарылтып, жұртты пақырлыққа айналтуын, хүкіметтің де бұл харекеті бізге әділсіздігін Дума мінберінен сөйлеп, отшетында жазылып қалар еді», деген өкінішін білдірді.

Осы секілді «Айқапта» көп талқыланған тағы бір тақырып оқу-ағарту мәселесі еді. Журнал бетінде бұған қатысты қазақ балаларының білім алуы, жаңа мектептер ашу, мұғалім даярлау секілді мәселелер жиі жазылды. Ұлт зиялылары мақалалары арқы­лы халықтың болашағы білімде екенін насихаттап, осы бағыттағы өз ой-пікірін ортаға салды. Міржақып жоғарыдағы мақаласында оқу жайында: «...Халықта оқымаған адам қалмағаны жақсы, бірақ қазіргі сөзімізше, сол оқудың тәртібі хақында жаңа низам бо­йынша әлгі жас балалар рус кітаптарыменен русша оқып кетсе, тез уақытта тілін ұмытып, дінінен де айырылып қалу қаупі бар», деп баланы жас­тайынан орысша оқытудың кері әсері болатынын жеткізсе, «Ғалия» медресесінің шәкірті Әбуһурайра Жүсіпұлы, Абай айтқандай, «Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті» екенін алға тартып, орыс ғылымы мен өнерін игерудің маңызды екенін айтты. «...Русша оқудан адам бұзылып кетеді деп үркуге һеш орын жоқ, ғылым дегенің жақсы етіп тәрбиелеуден басқа зарары бар деп ойлауға болмайды. Ең әуелі балаларға жақсы етіп өз дінін таныстыруға керек, сонан соң русша оқуға беруден қашпасқа керек»,  деді ол.

Оқу туралы ой қосқан оқырманның бірі – Ғайса Тоқтарбеков. Ол былай деп жазды: «Бай болайық, кедей болайық, ғылым, һөнер іздейік. Байлар «маған һөнер, ғылым керек емес» демеңіз. Мал көп деп қайғысыз болу қата. Шүнки малдың тез таусылып бітуі оңай, һөнер, ғылым таусылып бітпейді, бұ да һәр кімге белгілі».

Ал Хабиболла Лекеров болса, дамыған елдерді үлгі етіп, солардың ізімен жүруге үндеді. «...Біздер бұл күнге шейін жалғыз-ақ дін ғылымын оқытамыз. Заманымызға қарай дүниа ғылымын да оқып білуге керек. Дүниа ғылымында дүниа пайдамыз үшін қанша пайдасы болса, дүниамызды сақтау үшін де сонша пайдасы болар еді» деді ол. Зейнелғабиден Әміреұлы да осы пікірді қуаттады. Ол: «...Ілгері басқан жастарды кері қайтқан кәрі­ле­ріміз қайтармай, үлкен, кіші, жас, кәрі демейінше, замана халқының тұрмысына қарай тон пішіп, һөнерлі халықтың үлгісінен өрнек алып, дүниеде замандастарымызға күлкі, мұнан да жаман қор болмауымызға шын ықыласымызбенен ыжтаһат етпек һәр қайсымызға міндетті», деп жазды.

«Айқаптың» ашық алаңында оқу тақы­ры­­бын қазақтың қыздары да көтерді. Сақыпжамал Тілеубайқызы қазақ әкелеріне қара­та жазған мақаласында қыздардың да білім алуға хақы бар екенін алға тартты.
«...Ер балаларыңызды оқытасыз да, қыз бала­ла­рыңызды оқытпайсыз. Қыздарымыз оқыса бұзылады дейсіз де, біздерді оқудан мақрұм қалдырасыз. Бұрынғы әйелдердің бұзыл­ған­дары оқығаннан бұзылған ба екен, мұны ақылыңызға салып неге қарамайсыз? Адамды оқу бұза ма екен? Біле білсеңіздер, ең әуелі жақсылап қыз баланы оқытуға тиіс», деді ол.

Міне, осы секілді түрлі тақырыпты жан-жақты талқылаған мақалалар «Айқаптың» ел алдындағы беделін биіктетті. Сол арқылы журнал бір ғана көзқарасқа байланбай, пікір алуандығына жол ашты. Оқырмандардың бірі отырықшылықты қолдаса, екіншісі көшпелі өмір салтын ұстанғанды қалады. Сол секілді бірі жаңашылдықты жақтаса, басқасы дәстүрді сақтауды дұрыс көрді. Осындай түрлі пікірдің бір арнада тоғысып, журнал бетінде үздіксіз жариялануы ұлттың болашаққа ұмтылыс жасауына ықпал етті.

Журнал оқырмандарының ой-пікірін бүкпесіз жеткізгені сонша, тіпті басқармаға сын-ескертпесін, ұсыныстарын жолдап отырды. Мәселен, Азамат Алашұлы «Айқап» авторларының жер мен оқу тақырыбынан ары аса алмағанын айтып, сын садағына алды. Ол мақаласында: «Жарты жылдың ішінде осы журналға сөз жазушылар – ме­д­ре­седегі шәкірттер менен русша бір аз оқып, нан тауып жеуге ғана жетіскен бірлі-жарымды жігіттер. Жазған сөздері де бір-екі мәселе: жер һәм оқу хақында. Мұнан басқаларының бәрі де журналдың шығуына «Құтты болсын! Қайырлы болсын! Ғұмырлы болсынның» айналасында. Қуанып болмаған жұрт әлі көп көрінеді. Журналдың асыл мақсаты қазақ халқының халын, жайын, ақылын, мұқтажын бір жерге жиып, танысу еді ғой. Осы мақсатқа жетпек түгіл жақындай ма?» деген өткір пікірін білдірді. Журнал бетінде әлі қазақ пайдаланатын һәм пайдаланған сөз жазылмағанын ашық айтты. Троицкідегі «Расулия» медресесінде оқып жүрген Ғайса Тоқтарбеков журнал тізгінін ұстаған Мұхамеджан Сералинді батыл болуға шақырды. Осы және басқа да мақалалар редакцияның биік мәдениетін, сөз бостандығына деген құрметін және оқырман пікіріне шынайы құлақ асқанын аңғартады.

«Айқап» журналын көпшілікке қызықты ете түскен жайттың бірі – қарапайым оқырман­дар­дың хаттары. Қазақ топырағының түкпір-түкпірінен жолданған хаттарда негізінен жер дауы, мектеп жайы, тұрмыс мәселелері, сондай-ақ жергілікті хабарлар жазылды. Хат иелері өз өңіріндегі жағдайды баян­дап қана қоймай, мәселенің алдын алудың жолдарын да көрсете білді. Сонымен қатар хаттарда өңірлердегі мектептердің аздығы, мұғалім тапшылығы, балаларды оқыту, қалың мал, жесір дауы, руаралық тартыс, әділетсіздік секілді мәселелер де көтерілді. Сондай-ақ хат­тардан сол кездегі елдегі нақты ахуалды, қазақ даласының тұрмысын, халықтың ой-арманы мен қоғамдық көңіл күйін аңғаруға болады. Осылайша, «Айқап» журналы жүз жыл бұрынғы қазақ қоғамының тыныс-тіршілігін дәл бейнелеп, өз заманының үні, қазақтың алғашқы қоғамдық пікір мінбері һәм қоғамдық бақылаудың пәрменді құралы болды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Маусым 2026 09:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары