Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Әкесі қуғындалған, өзі балалар үйінде өскен: Қазақ операсының жұлдызы Роза Жаманованың белгісіз тағдыры

Әкесі қуғындалған, өзі балалар үйінде өскен: Қазақ операсының жұлдызы Роза Жаманованың белгісіз тағдыры

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақтың ән өнері дәстүрлі орындаушылықтан бастау алып, ХХ ғасырда кәсіби музыкалық театрмен жаңа арнада дамыды. 1930-жылдардан бастап ұлттық опера қалыптасып, халық әндері мен дәстүрлі музыкалық мұра сахналық жанрдың мүмкіндіктерімен ұштаса бастады. «Қыз Жібек», «Абай», «Біржан – Сара» секілді опералардың дүниеге келуімен бірге кәсіби вокалдық орындаушылық мектебі де қалыптасты. Күләш Байсейітова бастаған осы мектептің кейінгі буынында қазақ және әлемдік опера репертуарын қатар алып жүрген әншілердің бірі – Роза Жаманова болды.

Балалар үйінен Алматыға дейін. Роза Жаманова 1928 жылы 16 сәуірде Ақтөбеде дүниеге келген. Оның балалық шағы туралы деректерде ата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленгені көрсетіледі. Жаманованың өзі бір сұхбатында әкесінің Орал өңірінен, анасының Тайпақтан болғанын айтып, «Балалар үйінде өстім» деп еске алған. Туысы Жантемір Тасқалиевтің естелігі бойынша, әкесі Үмбет Жаманов кеңестік қуғын-сүргінге ұшырап, айдалып кеткеннен кейін қайтыс болған. Роза балалар үйіне, оның Болат есімді бауыры басқа балалар үйіне жіберілген. Уақыт өте музыкалық білім ала бастайды. Алғашында гобой аспабын меңгерген, кейін вокалға ден қойған. Орал музыкалық училищесінде оның дауыс мүмкіндігін сольфеджио пәнінің оқытушысы А. Муравьева байқап, кейін Н. Дмитриева-Лещенко мен Б. Горскийден вокалдық дайындықтан өткен. 

Роза Жаманова Оралдағы музыкалық училищеден кейін Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда жеке ән салу мамандығы бойынша білім алды. Оның вокалдағы негізгі ұстазы профессор Александр Курганов болған. Р. Жаманова консерваторияда Ахмет Жұбановтың дәрістеріне де қатысқан. Кейін ол Жұбанов туралы естелігінде өзін «Ахмет ағаның студенті» деп атап, оның дәрістерін ерекше ықыласпен тыңдағандарын айтқан. Консерваторияны 1950 жылдар ортасында тәмамдап, үлкен сахнаға жолы ашылады.

Дирижер Исидор Зактың кеңесімен Роза Жаманова әуелі Алматы опера және балет театрының дайындық тобына қабылданып, кейін солистік құрамға өткен. Үлкен сахнада алғашқы партиялары деп «Ер Тарғын» операсындағы Ақжүніс және Ақжелең партиялары айтылады. 

Жалпы айтқанда әнші репертуарының бір бөлігі қазақ операларындағы жетекші әйел партияларынан тұрды. Ол Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде» Жібекті, Мұқан Төлебаевтың «Біржан–Сарасында» Сараны, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абайында» Ажарды орындады. Сондай-ақ «Жалбырдағы» Қадиша, «Амангелдідегі» Бану, Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлуындағы» Қамар мен «Алпамысындағы» Гүлбаршын сияқты партиялар оның репертуарында болған.

Әрине, ол қазақ операларымен шектелмеді. Жаманова Джузеппе Вердидің «Аидасында» Аида, «Бал-маскарадта» Амелия, «Дон Карлоста» Елизавета, «Трубадурда» Леонора партияларын орындаған. Джакомо Пуччинидің «Чио-Чио-сан» операсында Мадам Баттерфляйды сомдады. Және де Петр Чайковскийдің «Евгений Онегиніндегі» Татьяна мен «Иолантадағы» Иолантаны да орындағанын жазады.

Оның орындаушылық тәсілі туралы замандасы Базарғали Жаманбаев нақты сипаттама қалдырған. Ол Жаманованың әр қойылымға алдын ала дайындалып, партияға музыкалық және драмалық тұрғыдан терең кірісетінін жазады. Жаманбаев әншімен 1966 жылдан бастап шамамен отыз жыл бірге жұмыс істеген. Сондықтан бұл баға кейінгі жалпы сипаттамадан гөрі әріптесінің тікелей бақылауына негізделген.

Роза Жаманова өнернамасында 1958 жылғы Мәскеудегі қазақ мәдениетінің онкүндігі ерекше аталады. Ол  Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсындағы Ажар партиясын орындаған екен. Ол осы сапарды өзінің шығармашылық жолындағы маңызды кезең ретінде еске алып, сол буындағы әншілер мен музыканттардың қалыптасуында Ахмет Жұбановтың еңбегін ерекше атаған.

Бибігүл Төлегенованың естеліктерінде Роза Жаманова студенттік кезеңнен бастап кездеседі. Бибігүл Ахметқызы консерваторияны аяқтайтын жылы Ленинградтағы байқауға Роза Үмбетқызымен бірге барғанын айтады. Оның естелігінде екі жас әншінің концерттік аяқкиім іздеп, суық күні дүкен аралағаны, содан кейін Ленинград консерваториясының үлкен залына асығып жеткені баяндалады. Кейін екеуі қазақ операсының басты партияларының бірі – Жібек бейнесі арқылы да байланысты болды. Б. Төлегенованың естелігінде Күләш Байсейітовадан кейін Жібек партиясын Роза Жаманованың да орындағаны айтады. 

Роза Жаманова сахнадағы жұмысымен қатар Құрманғазы атындағы консерваторияда педагогикалық қызмет атқарды. Өмірбаяндық деректерде оның 1977 жылдан консерваторияда сабақ бергені, 1987 жылы профессор болғаны көрсетіледі. Сонымен бірге ол Қазақстандағы музыкалық жоғары оқу орындарына арналған жеке ән салу бағдарламасын әзірлеуге қатысқан. Кейін вокал факультетінде кеңесші ретінде жұмыс істеді. Оның қоғамдық қызметінің ең ұзақ бағыттарының бірі Қазақ театр қоғамымен байланысты. Өнер иесі 1962–1979 жылдары Қазақ театр қоғамының төрайымы болғаны көрсетілген. 1968 жылдан Халықаралық театр институтының мүшесі болды. Осылайша, оның кәсіби қызметі тек опера сахнасымен шектелмей, вокал мамандарын даярлау және театр саласының қоғамдық ұйымдарына қатысу бағыттарын да қамтыды.

Роза Жаманова 1957 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, ал 1959 жылы КСРО халық әртісі атанды. 1972 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Әр жылдары Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен, тәуелсіздік кезеңінде «Парасат» орденімен марапатталды. Сондай-ақ «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері болды. Роза Жаманова 2013 жылғы 27 желтоқсанда Алматыда 85 жасында қайтыс болды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Тамыз 2026 16:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары