Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Әкімдік пәтерімен көрші болу петропавлдықтардың өмірін сынаққа айналдырды

Әкімдік пәтерімен көрші болу петропавлдықтардың өмірін сынаққа айналдырды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Петропавл қаласында төрт пәтерлі барақ тұрғындары қалалық әкімдік балансындағы бос пәтердің кесірінен өз үйлерінің үйіндісі астында қалудан қорқады. Ғимарат қирап, іргесі сөгіліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Петропавл қаласында төрт пәтерлі барақ тұрғындары қалалық әкімдік балансындағы бос пәтердің кесірінен өз үйлерінің үйіндісі астында қалудан қорқады. Ғимарат қирап, іргесі сөгіліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Петропавлдың Жұмысшы кентіндегі Мичурин көшесі, 22-мекенжайында орналасқан барақ осыдан 70 жылға жуық уақыт бұрын - 1957 жылы салынған. Шағын үйде бар болғаны төрт пәтер бар: екеуі ғимараттың бір жағына шықса, қалған екеуінің екінші жағынан жеке кіретін есігі бар.

Барақтағы үш пәтерде адам тұрады, ал төртіншісі көп жылдан бері бос тұр. Үй тұрғындарының айтуынша, бұл қараусыз қалған пәтер мемлекетке тиесілі, яғни қалалық әкімдіктің есебінде тұр.


Павел мен Ольга Ишутиндердің пәтері дәл осы бос тұрған пәтермен көршілес, олардың кіреберісі мен дәлізі ортақ.

"Бұл көршілестіктен әбден зәрезап болдық. Бастапқыда бұл пәтер үйі өртеніп кеткен, баспанаға мұқтаж жандарға берілген болатын. Пәтерде бір кейуана тұрды, бірақ ол қайтыс болған соң онда ешкім тұрмады. Тұрғын үй әкімдіктің теңгерімінде, барлық коммуналдық түбіртектер әкімдіктің атына келеді", - дейді тұрғын редакциямызға жіберген видеода.

Бейнежазбадағы көрініс адам шошырлық. Пәтердің орнында қазір тек қирандылар жатыр.

Tengrinews.kz тілшісі осы "бейберекет пәтерді" өз көзімен көру үшін Ишутиндер отбасына барып қайтты.

"Бейберекет пәтер"

Ольга Ишутина бұл пәтерді 13 жыл бұрын сатып алғанын еске алады. Ол кезде үйдің жағдайы жақсы болатын. Екінші пәтерде қария тұрған, ол үйі өртеніп кеткен соң әкімдіктің осы баспананы бергенін айтқан екен.

"Надя әжей өз пәтерін жақсы күтіп ұстайтын, сылап-сипап, жөндеп отыратын, бәрі тап-таза әрі берік болатын. Жыл сайын көктемде және жазда нөсер жаңбырдан кейін жер асты сулары көтеріле бастап, Надя әжейдің пәтерін су басатын. Соған қарамастан ол тәртіпті сақтайтын. Ал бұдан он жылдай бұрын Надя әжей қайтыс болған соң, бәрі қирай бастады", - деп Ольга Ишутина мұңды тарихты баяндап берді.

Оның айтуынша, кейуанамен бірге қызы тұрған, бірақ анасы қайтыс болған соң оған мұнда тұруға рұқсат берілмеген - ешқандай негіз жоқ деп, ол пәтер жалдап кеткен.

"Ол жерге қоныстанатын ешкім табылмағаны ма, қаламызда үйге мұқтаж жандар қаншама. Біз жаңа көршілер келеді деп күттік, бірақ ақыры ешкім көшіп келмеді. Пәтер бос тұрды, тек әкімдіктің атына түбіртектер үнемі келіп тұратын. Пәтерде ешкім тұрмайтынын қаңғыбастар тез біліп алып, сонда келе бастады. Біз оларды, әрине, қуып жүрдік, бірақ онда тәулік бойы күзет қоя алмайсың ғой. Олар бәрібір сонда мезгіл-мезгіл қонып жүрді, пеш жағып жылыну үшін еденді біртіндеп бұзып алды. Ал қазір қаңғыбастардың өздері де ол жерге кіруге қорқады, үйінді астында қалуымыз мүмкін деп түсінеді", - дейді Ольга.

Ол бізге өзіндік "экскурсия" жасап, үйіне шақырады.

"Міне, пәтерлеріміздің арасындағы дәлізді көріп тұрсыз ба? Өзімізге аздап болса да жайлылық жасау үшін, әрі төбе мен қабырғаларға тірек болып, шыдамдырақ тұрсын деп дәлізге шкафтар қойып тастадық. Жаңбыр жауғанда шатырдан су сорғалайды, шелектерді қойып қоямыз, электр сымдары тұйықталып қалмаса екен деп қорқамыз", - дейді үнемі ылғалдан белі ауырып, бізді беліне шәлі байлап қарсы алған үй иесі.

Айта кетерлігі, үйдің жалпы мүшкіл халіне қарамастан, Ишутиндер өз пәтерлерінде мүмкіндігінше тазалық пен жайлылық орната білген.

Ишутиндердің пәтеріне кірдік, күннің ыстықтығына қарамастан, ішінде ылғал бар, қабырғаларда көгеру мен зең пайда болған. Ольга зеңге қарсы белгілі құралдардың бәрін қолданып көргенін, бірақ ешқайсысы көмектеспегенін айтады. Қабырғаның ар жағында - жаңбыр, жел, қар мен аязға ашық-шашық қалған бос пәтер, сондықтан пешті қанша жақсаң да, пайдасы шамалы.

"Пешті жыл сайын жөндейміз, тым болмаса оттығын жасату үшін 75 мың теңге беремін, бірақ ылғалдың кесірінен ол үгітіліп жатыр - кірпіштері түсіп қалады, - деп үй иесі бұзылып жатқан пешті көрсетті. - Осылайша даланы жылытып отырмыз, өйткені өз жағымыздан қолдан келгенше жылыладық, бірақ нәтиже жоқ. Пеш жанып тұрғанда жаны жылы, сөнсе бірден суып кетеді. Бір қыста отынды есептемегенде 12-15 тонна көмір жағамыз. Ал бір тонна көмір 22,5 мың теңге тұрады, биыл 30 мың теңгеге дейін барады дейді... Қалай күн көруге болады?"

Ольга бөлмедегі қабырғаны тек гипсокартон мен ДВП парағы ұстап тұрғанын көрсетеді - бұл қабырға көрші пәтермен ортақ, ал ол жақта негізгі арқалық құлап кеткен. Ишутиндер тағы бірнеше нөсер болса, шатырдың мүлдем опырылып түсуінен қауіптенеді.

"Егер оны мықтап бекіте бастасақ, үй бұған шыдамай, картондай құлап қалуы мүмкін. Сондықтан бұл қабырғаға артық салмақ түсірмеуге, тиіспеуге тырысамыз", - дейді Ольга Ишутина.

Тұрғындардың өз үйлерін күтіп ұстауға тырысатыны көрініп-ақ тұр, бірақ одан келіп-кетер пайда аз. Барақ әр минут сайын сықырлап, шытынап, үгітіліп, қирап жатыр. Соған қарамастан, үй әлі күнге дейін апатты деп танылмаған.

Тұрғындар үйді апатты деп тану үшін әкімдікке жүгінген, бірақ оларға бағалаушыны өз қаражаттарына жалдау керек деген жауап қайтарылған.

"Негізгі мәселе әкімдіктің пәтерінде болып тұрса, біз неге оны өз қалтамыздан төлеуіміз керек?! Әкімдіктен комиссия жіберсін. Мұнда үйдің апатты жағдайда екені маман емес адамға да көрініп тұр. Егер анау бос тұрған пәтердің бәрі қирап жатса, бізге бірдеңе істеп, жөндеу жүргізудің еш мәні жоқ", - деді Ольга.

Ольганың айтуынша, түнде бос пәтердегі пеш құлаған кезде, үй қирап жатыр екен деп барлық тұрғын далаға атып шыққан. Айта кетейік, қалған екі пәтер иесінің балалары бар, олардың қауіпсіздігі үй тұрғындарын қатты алаңдатады.

Сол түнгі оқиғадан кейін үйдің қабырғаларында терең жарықтар пайда болған. Солардың бірін көрсеткен Ольга қабырғаны ұстап еді, ол үгітіліп түсе қалды...

"Міне, көріп тұрсыздар ма – желден құлаған орындық қабырғаның тұтас бір бөлігін ала кетті... Біздің "мықты" қабырғаларымыз осындай", - деп ащы мысқылмен бөлісті үй иесі.

Айтпақшы, үйдің бау-бақша егуге болатын жер телімі де бар. Иесіз қалған пәтерге тиесілі аула да қараусыз қалып, бұта-бұтақ пен қоқысқа толған.

"Біз тығырыққа тірелгендейміз – жөндеу жүргізу мағынасыз, ал үйді апатты деп танымайды... Мен әкімдіктің кесірінен қирап жатқан осы апатты үйдің орнына жайлы пәтер берсін деп сұрап отырған жоқпын. Кем дегенде жатақханадан бір бөлме берсінші. Түнде ұйықтаудан қорқамыз, үйінді астында қаламыз ба деп әрбір дыбыстан оянып кетеміз. Бізге пәтер жалдауға кеңес береді. Бірақ өз баспанамыз бола тұра, неге біз ұшан-теңіз ақшаға пәтер жалдауымыз керек? Мемлекеттік мүлікке де, өзге адамдарға да немқұрайлы қарайтын әкімдіктің кесірінен неге біз зардап шегуіміз керек?!" – деп аң-таң Ольга Ишутина.

Сонда бұл кімнің үйі?

Tengrinews.kz Петропавл қаласы әкімінің баспасөз қызметіне пікір алу үшін хабарласып, екі түрлі жауап алды.

"Иә, бұл пәтер расында да бұрын коммуналдық меншікте болған. Ол үйі өртеніп кеткен зейнеткерге берілген болатын. Әйел қайтыс болғаннан кейін, осыдан алты жыл бұрын қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімі бұл пәтерді теңгерімнен (баланстан) шығарып тастаған. Қазір бұл тұрғын үй әкімдікке тиесілі емес, ол – иесіз мүлік. Үйдегі қалған пәтерлердің иелері өз меншігін өздері күтіп ұстап, жөндеуі тиіс", - деп жауап берді алдымен Петропавл әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Жұманов.

Бұрын әкімдікке тиесілі болған пәтердің қазіргі сиқы осындай

Мәселенің мән-жайын білу үшін біз жергілікті заңгер Павел Афанасьевке жүгіндік. Оның сөзінше, заң бойынша мұндай нысандар анықталып, кейіннен коммуналдық меншікке өткізілуі тиіс.

"Заң бойынша кез келген мүлік, соның ішінде тұрғын үй де иесіз күйде болмауы керек. Қала әкімдігінің міндеті – дәл осындай иесіз үйлерді анықтау, есепке қою, сот арқылы коммуналдық меншікке рәсімдеу, тиісті қалыпқа келтіріп, кезекте тұрғандарға беру", - деп түсіндірді Павел Афанасьев.

Заңгердің айтуынша, қарапайым тілмен айтқанда, кез келген "иесіз" үй ақыр соңында мемлекет меншігіне өтуі тиіс, керісінше емес.

Біз қалалық әкімдікке қайта хабарластық, содан кейін Мичурин көшесі, 22 мекенжайындағы №2 пәтердің әлі де қала әкімдігінің теңгерімінде екені туралы жауап алдық.

"Жағдайды анықтадық. Әдетте бізде тұрғын үйлер ТҮКШ бөлімінің теңгерімінде болады, ал бұл жағдайда ол қала әкімі аппаратының теңгерімінде болып шықты. Жақын арада әкімдік тұрғын үйдің нақты жағдайын бағалау үшін техникалық тексеру ұйымдастырады. Тексеру нәтижелері бойынша алдағы шаралар қарастырылып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданады", - деді баспасөз хатшысы Тимур Жұманов.

Фото Tengrinews.kz

Биыл қаңтарда біз Қазақстанда ескі және апатты тұрғын үйлерді реновациялау ережелерін өзгерту жоспарланып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Республикада 59 мыңнан астам тұрғын үй бар. Оның 1037-сі апатты деп танылса, тағы 2663 үй ескірген үйлер санатына жатады.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенұлы реновация әкімдіктердің құзырында және бюджет қаражаты мен жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылатынын мәлімдеген. Процесті жеделдету және азаматтар мен құрылыс салушылар үшін тәуекелдерді азайту мақсатында жаңа Құрылыс кодексі аясында реновацияның бірыңғай механизмі енгізіліп жатыр.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Маусым 2026 10:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары