Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Алаштанушы ғалым алпысқа толды

Алаштанушы ғалым алпысқа толды

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР

Алаштанушы ғалымның 60 жыл­дығына орай ұйымдастырылған іс-шараның алғашқы бөлімінде мерей­той иесіне жолданған құттықтау хат­тары оқыл­ды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын Прези­дент баспасөз хатшысының орынбасары Қамбар Ахмет оқып берді.

«Отандастарымыз өзіңізді көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, жоғары оқу жүйесінің ұйымдастырушысы, медиа саласындағы білікті сарапшы ретінде жақсы біледі. Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтынан басталған еңбек жолыңыз жемісті болды. Жоғарыоқу орындарында ұстаздық қызмет атқарып, біліммен ғылым саласын дамытуға, кәсіби мамандардаярлауға қосқан үлесіңіз өте мол. Алаш қайраткерлерінің өмірі мен мұраларын зерттеп, кейінгі ұрпаққа қажет құнды еңбектер жаздыңыз. Саяси-әкімшілік және қоғамдық істерге белсендіатсалысып, маңызды міндеттерді орындап жүрсіз. Ұтымды ұсыныстарыңыз бен бастамаларыңызқолдау тауып келеді. Алдағы уақытта қазақ басылымдарының беделін арттыруға, отандық баспасөздің рөлін күшейтуге, халық пен билік арасындағы алтын көпірді нығайта түсуге күш-қайратыңызды арнай бересіз деп сенемін» делінген құттықтау хатта.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың мерейтой иесіне арнаған құттықтау хатын сенатор, журналист Бибігүл Жексенбай оқыды.

Құттықтауда: «Сіз Алаш арыстарының өнегеліөмірі мен бай мұрасын дәріптеуде озық үлгі көрсетіп, халқымыздың тарихи жадын жаңғыртуға үлкен үлес қостыңыз. Ұлт шежіресінің тағдырлы кезеңдерін кеңірек зерттеп, осы жолда табандылығыңызбен танылдыңыз. Төл әдебиетіміздің тағы­лым­дық және дүниетанымдық қуатын көрсететін іргелі еңбектер жазып, отандық гуманитарлық ғылымның ілгерілеуіне де үлкен үлес қостыңыз. Ұзақ жыл Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық университетінің проректоры бола жүріп, елімізде жоғары білім беру жүйесін ілгерілету ісінде де айқын қолтаңбаңызды қалдырдыңыз», делінген.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы құттықтауында Дихан Қамзабекұлының бірнеше республикалық басылымның басын қосқан «Қазақ газеттері» серіктес­тігінің бас директоры ретінде ұлттық баспасөздің дамуына еселі еңбексіңіріп келе жатқанын алға тартып: «Қандай қызметте болсаңыз да қоғамда жасампаз құндылықтарды орнықтыруды, елдік сананы бекемдеуді және ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыруды мақсат тұтып, абырой биігінен көріне білдіңіз. Сіздің өмір жолыңыз бен еңбегіңіз отаншылдық пен зиялылықтың және адалдық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі саналады. Әрдайым осылай мәртебеңіз жоғары, мерейіңіз үстем болсын!» деген тілегін жеткізді.

Жиында Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың да құттықтау хатына кезек берілді.

«Мерейлi белеске қомақты рухани қазынамен, аласармас абыроймен жетiп отырсыз. Сіздікөпшілік көрнектi әдебиеттанушы ғалым, қоғам қайраткері, Алаш арыстарының мұрасын зерттеушi, қарымды қаламгер ретінде кеңінен танып біліп, құрмет тұтады. Осы жемiсті жылдар ішiнде іргелі ғылыми-зерттеу институттарында, білiм ордаларында, беделдi басылымдарда талмай қызмет атқарып, ұлт руханиятының өркендеуіне, қазақ әдебиеттану ғылымының дамуына сіңірген еңбегіңіз зор. Ондаған монография мен оқу құралы, бес жүзге жуық ғылыми мақала мен теле-радио материалы сіздің атсалысуыңызбен жарық көрген Алаш қайраткерлерінің академиялық мұрасы – соның нәтижесі», делінген құттықтау хатты Мәжіліс депутаты, айтыс ақыны Аманжол Әлтай оқып берді.

Сонымен қатар жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевтың, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлының, Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Жәнібекұлының, Қырғыз еліндегі халықаралық Ш.Айтматов академиясының президенті Абдылдажан Ақматалиевтің құттықтау хаттары оқылды. Сондай-ақ жиында Қазақстан Халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент әкімшілігі хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Л.Н.Гумилев атындағы EҰУ ректоры, академик Ерлан Сыдықов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҰҒА академигі Зиябек Қабылдинов мерейтой иесін құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Жиынның екінші бөлімінде Дихан Қамзабекұлының «Байып» және «Елшіл жол» кітаптарының тұсауы кесіліп, көпшілікке таныстырылды. Зиялы қауым өкілдері атынан Сауытбек Абдрахманов, Жарылқап Бейсенбайұлы, Серік Негимов сөз алып, мерейтой иесінің еңбектеріне тереңірек тоқталды. Сауытбек Абдрахманов ғалымның Алашқа шын берілгенін алға тартты.

«Дихан Алашты жан-тәнімен жақсы көреді. Сол себепті ол жас кезінен бастап Алаш қайраткерлерін зерттеуге ден қойды. Алаш ардақтыларының өмірі мен қызметін арқау еткен көптеген кітаптарын жарыққа шығарды. Ұлттық кітапханадан мәлімет алдырсам, онда Диханның 17 кітабы бар екен. Бүгін міне, сол кітаптар «Байып» және «Елшіл жол» деген тағы екі кітаппен толығып отыр. Екі кітапты да қарап шығып, пікірімді жаздым. Оны алдағы уақытта баспасөз бетінен оқырсыздар. Айтайын дегенім, Дихан Қамзабекұлы публицистиканың ерекше бір сипатын жасады. Оның мақалалары журналистиканың параметрлеріне толық жауап береді. Сонымен қатар мақалаларында ғалымның мықты анализі бар», деді Сауытбек Абдрахманов.

Жарылқап Бейсенбайұлы сөзінде Дихан Қамзабекұлының «Ана тілі» газетіндегі журналистік қызметіне тоқталды.

«Ол уақытта «Ана тілі» газетінде Алаш қайраткерлері жайлыкөп жазылды. Себебі Алаш зиялыларының ақталуы сол уақыттағы үлкен оқиға еді. Осылайша ғылымға келген жас әдебиетшілер Алаш азамат­тарын зерттеуге ден қоя бастады. Сондай зерттеушілер қатарында Дихан да болды. Ол аспирант бола жүріп, жарты жалақымен газетте жұмыс істеді. Алаштың қайраткерлерінің тілін меңгеріп, жазумашығы қалыптасты. Сүйекті мақалаларымен оқырманға танылып, газеттің оқылымды болуына ықпалын тигізді. Осылайша ғылым мен журналистиканың арасын байланыстырып, жаңа бағыт тапты. Бүгінде елге белгілі қаламгерге, ғалымға айналды» деді ол.

Басқосу соңында Дихан Қамзабекұлы қорытынды сөз сөйлеп, мерейтойлық жиын қатысушыларына ризашылығын білдірді. Жиын соңында қатысушылар Ғылыми кітапханаға қойылған алаштанушы ғалым еңбектерінің көрмесімен танысты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 22:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары