Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Алатау қаласының статусы, бір палаталы Парламент, саяси партиялардың дамуы: депутаттар жаңа Конституцияның жобасын түсіндірді

Алатау қаласының статусы, бір палаталы Парламент, саяси партиялардың дамуы: депутаттар жаңа Конституцияның жобасын түсіндірді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Альберт Рау мен Нұртай Сабильянов, одан бөлек Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жаңа Конституция жобасындағы негізгі жаңалықтар мен елдің саяси дамуына әсерін түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Альберт Рау жаңа Конституциядағы «жедел дамитын қала» тұжырымдамасы мен Алатау қаласының ерекше статусын нақтылады.

— Алатау тек жаңа қала емес, бұл инвестициялар мен технологиялар орталығы болады. Онда ерекше валюталық жүйе, жаңа технологиялар, қаржы қызметтері, криптовалюта, автономды көліктерге арналған арнайы ережелер қарастырылған. Экологиялық талаптар да ұлттық стандарттардан төмен болмайды, қоқыс тек бөлшектеп жиналады,-деді ол.

Оның айтуынша, жаңа қала Астанадағы тәжірибені қайталамай, инвестициялар мен технологиялар орталығы ретінде дамиды. Қала әкімшілігі мен Жоғарғы кеңес халықаралық стандарттар мен үздік практикаларға сүйене отырып жұмыс істейді.

— Қала әкімшілігі мен Жоғарғы кеңес премьер-министрдің басшылығымен халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істейтін болады. Қаланың ішкі ережелері халықаралық стандарттар мен үздік практикаларға сай жасалады, — дейді Мәжіліс депутаты Альберт Рау.

Нұртай Сабильянов бір палаталы Парламентке көшу депутаттардың жауапкершілігін арттыратынын және заң шығару сапасын жақсартатынын атап өтті.

– Болашақ Құрылтай – Қазақстандағы заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғарғы мемлекеттік орган. Құрылтайда заң жобасы талқыланады, үш оқылымда қабылдануы мүмкін. Заң сапасына ешқандай кері әсерін тигізбейді. Керісінше, заңның бір жерден қабылдануы уақытын жылдамдатады және депутаттардың жауапкершілігін арттырады. Заңның сапасын да жақсартады, - дейді депутат Н. Сабильянов.

Құрылтайда 145 депутаттың болуы әр өңірдің, соның ішінде шалғай ауылдардың да мүддесін ескере отырып, заңдарды сапалы қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, депутаттар пропорционалдық жүйе арқылы сайланатындықтан, саяси партиялардың рөлі күшейеді.

– Елімізде 17 облыс, 4 қала бар. Әлемде аумақ бойынша Қазақстан тоғызыншы орында, жері үлкен. Ал депутаттар әр қалаға, әр ауданға, шекарадағы шалғай ауылдарға барып, халықпен жұмыс істеуі керек. Сол себепті, депутаттардың саны 145 деп белгіленіп отыр. Басты мақсат – шығарылатын заңдардың сапалы болуы және халықтың мәселелерін шешу, - деді Н. Сабильянов.

Ермұрат Бапи жаңа Конституция жобасы қабылданса, қоғамда партиялық құрылымдардың дамуы күшейетінін және азаматтардың саяси ұстанымына сай партияларға қосылу арқылы ортақ идея мен мемлекеттік мүдделерге жұмылуына жағдай жасалатынын айтты.

— Осы күзде келеді деп отырған Құрылтайымызда қазіргі Мәжілістегі алты партия сол қалпында баратын болса, онда қоғам бізді түсінбейді. Бейнелеп айтқанда, «бұзаудың орнына тұлып ұсындыңдар» ғой деген түсінік болады. Сондықтан сайлауға дайындық барысында партиялар бірігуі мүмкін, әлдебір конструкциялар жасалады, жаңа партиялар пайда болуы мүмкін деп ойлаймын. Қызылорда құрылтайында қоғамды партиялық институттар негізінде біріктіру бастамасы айтылды. Азаматтар өзінің саяси ұстанымына сай келетін партияларға мүше болу арқылы ортақ идеяға, мемлекеттік мүдделерге жұмылу мүмкіндігі күшейеді деп ойлаймын, — дейді депутат Ермұрат Бапи.

Сондай-ақ, жаңа Құрылтайдың өкілеттіктерін қолдай отырып, ол Конституцияның елдің дамуы мен болашақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

— Жеке ойымды айтсам, 100 пайыз көңілім толады деп айта алмаймын. Бірақ бұл елдің дамуына, болашақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Тәуелсіздік пен Егемендікке кепіл болуға арналған Конституция болғандықтан мен оны азаматтық тұрғыда, перзенттік парыз тұрғысынан қолдаймын. Бұл үлкен тәуекелдердің алдындағы дайындықтың қамы болғандықтан азаматтық жанашырлықпен қарауымыз керек. Бұл жерде ары-бері тартып, қоғам мен биліктің арасында ырың-жырың туатындай жағдай дәл қазіргі әлемде қажет емес, — деді депутат Е. Бәпи.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 17:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары