Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Бір палаталы Парламент: реформа Қазақстанның саяси жүйесін қалай өзгертеді

Бір палаталы Парламент: реформа Қазақстанның саяси жүйесін қалай өзгертеді

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

                                               Жоғарғы Кеңестен Парламентке дейін

Фото: «Казахстанская правда» газетаси архиви

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өз саяси жүйесін қалыптастыру жолына түсті. Отыз жылда ел парламентаризмі алға жылжудың бірнеше кезеңінен өтті, әр қадамы уақыттың талабымен үндесті және мемлекеттік институттардың жетілу деңгейінің айнасы іспеттес болды. Бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған парламенттік реформа ұлттық мемлекеттік құрылыстың жаңа парағын ашып отыр.

КСРО ыдыраған соң Қазақстанға XII шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес мұраға қалды, еліміз 1993 жылы егемендіктің негіздерін бекіткен тәуелсіз мемлекеттің алғашқы Конституциясын қабылдады. Бұл кезеңде Қазақстан жедел шешімдерді талап еткен күрделі әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлер жағдайында болды.

1995 жылы жаңа Конституция қабылданып, президенттік басқару формасын, сондай-ақ билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу қағидаттарын, кедергілер мен салмақтардың аражігін теңестіру жүйесін бекітті. Сенат пен Мәжілістен тұратын қос палаталы Парламент құрылды.

Фото: Мажилис Парламента РК

Мұндай үлгі саяси жүйенің тұрақтылығы мен болжамдылығын нығайтуға мүмкіндік берді, бұл трансформация жағдайында шешуші маңызға ие болды.

Одан кейінгі жылдары конституциялық реформалар бірізді сипат алды. 1998 жылы Парламенттегі партиялық өкілдікті күшейткен түзетулер енгізілді. 2007 жылы Парламент Мәжілісінің сайлауы пропорционалды жүйеге көшті. Президенттік басқару формасы сақталғанымен, мемлекеттік басқару жүйесінде парламентаризмнің рөлі күшейтілді. Парламент Премьер-Министрді бекіту құқығына ие болды, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық мәртебеге ие болды.

                                             2022 жылғы конституциялық реформа

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Жаңа өзгерістерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы жүзеге асырыла бастаған бастамалары серпін берді. Түзетулер Конституцияның шамамен 40 бабына енгізіліп, мемлекеттік биліктің архитектурасын өзгертті.

Аралас сайлау жүйесі енгізілді – Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім бойынша, 30 пайызы бірмандатты округтерден сайланады. Парламенттің заң шығару үдерісіндегі өкілеттіктері күшейтілді, Сенаттың құрамы өзгерді, Конституциялық сот қайта құрылды және азаматтар үшін осы органға жүгіну құқығы енгізілді.

Сонымен бірге Президенттің өкілеттік мерзімі жеті жылдық бір мерзіммен шектелді. Бұл қадамдар билікті қайта құрылымдауды және кедергілер мен салмақтардың аражігін теңестіру жүйесін нығайтуды қамтамасыз етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сол кезде конституциялық реформа мемлекеттік жүйедегі іргелі өзгерістер үшін берік құқықтық негіз қалағанын атап өтті. Ол саясатта, экономикада, әлеуметтік сала мен сот жүйесінде «Әділетті мемлекеттің» қағидатын жүзеге асыруға жол ашты.

                                                      Жаңғыртудың жаңа кезеңі

Фото: Ақорда

2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы саяси жаңғыртудың жаңа кезеңі – бір палаталы құрылымға көшуді көздейтін парламенттік реформаның басталғанын жариялады. Қалыптасқан партиялық жүйе мен қоғамның саяси белсенділігі артқан жағдайда бұл қадам заңды әрі уақытылы болып саналады. Ал бастаманың алдын ала жариялануы саяси үдерістердің ашықтығын көрсетеді.

Президент тапсырмасымен Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлейтін жұмыс тобы құрылды. Реформаның негізгі ережелерінің қатарында саяси партиялардың рөлін күшейту бар. Реформаны жариялай отырып, Мемлекет басшысы бір палаталы Парламентті сайлау кезінде сайлаудың пропорционалды жүйесіне көшудің қажеттігін айқын айтты.

Сонымен қатар «e-Парламент» жүйесі арқылы заң шығару процесін цифрландыру, депутаттардың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін арттыру жоспарлануда. Реформаның түпкілікті жобасы қоғамдық талқылауға және референдумға шығарылатын болады.

Саясаттанушы Елдос Жұмағұлов бұл эволюциялық өзгерістер бағытының жалғасы екенін атап өтті.

Фото: facebook.com/zhumagulov.eldos

«Жоспарланған өзгерістер заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелерінің үйлесімді жұмысына бағытталған. Мұнда қоғамның барлық топтарының мүдделерін ескеріп, нағыз партиялық бәсекелестікке жол ашу маңызды», – деді сарапшы.

«Еуразиялық мониторинг» орталығының директоры Әлібек Тәжібаев реформаның қолданбалы қырын ерекше атап өтті.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

«Бір палаталы Парламентке көшу шешім қабылдауды жеделдетіп, процесті ашық етеді. Негізгі мақсат – жүйені билік тармақтарының тепе-теңдігін жоғалтпай жеңілдету, партиялық институттарды күшейту және азаматтарды заң шығару процесіне тарту», – деді ол.

                                                       Халықаралық тәжірибе

Фото: Акорда

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бір палаталы Парламент көптеген унитарлы мемлекеттер үшін табиғи үлгі болып табылады. Швеция, Дания, Финляндия, Түркия секілді елдер бір палаталы құрылымда заң шығару процесін сәтті жүзеге асырып келеді. Олардың тәжірибесі мұндай жүйенің партиялық институттары дамыған және саяси мәдениеті жоғары жағдайда тиімді болатынын көрсетіп отыр.

Қазақстан үшін бір палаталы Парламентке көшу заң шығару процесін оңтайландыруды, бюрократиялық кедергілерді азайтуды және қоғам сұранысына жедел әрекет етуді білдіреді.

Республика күніне арналған салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев жоспарланған өзгерістер Парламенттің өкілеттігі мен беделін арттыратынын атап өтті.

– Конституцияға енгізілетін өзгерістер Парламенттің өзімен ғана шектелмейді, Президент, Үкімет және саяси жүйенің басқа да аспектілері жайлы бөліктеріне қатысты болады. Өзгерістердің жалпы көлемін және 2022 жылғы конституциялық реформа аясында іске асырылған бастамаларды ескерсек, бұл түзетулерді жаңа Конституция қабылдаумен салыстыруға әбден болады, – деді Мемлекет басшысы. Ол Қазақстан мықты президенттік билігі бар мемлекет болып қала беруі тиіс екенін ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл – әлем тұрақсыз болып тұрған шақта еліміздің сенімді болашағын қамтамасыз ету мәселесі.

– Біз халқымыздың мемлекеттілігіне қатер төндіруге құқымыз жоқ, үстірт тұжырымдарға ермеуіміз керек, – деді Президент.

Қоғам реформадан ашықтықты, есептілікті және азаматтардың шешім қабылдауға қатысу мүмкіндіктерінің кеңеюін күтеді. Маңызды міндеттердің бірі – партияларды халық мүдделерін білдіретін шынайы өкілдік тетіктеріне айналдыру. Сонымен қатар саяси күн тәртібінің тек ірі партиялық орталықтардың қолында шамадан тыс шоғырлануына жол бермеу де маңызды.

Алдағы жылдары Парламент жастардан бастап кәсіпкерлерге, өңірлер мен үкіметтік емес сектор өкілдеріне дейінгі түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін жаңа бастамалардың алаңына айналуы мүмкін.

2025 жылғы парламенттік реформа 2022 жылы басталған өзгерістердің қисынды жалғасы болып отыр. Ол Қазақстанның жетілген әрі теңгерімді басқару моделіне көшуін көрсетеді, мұнда Парламент заң шығарушы орган ғана емес, қоғамдық диалог алаңы ретінде де нығая түседі.

Елдегі парламенттік реформалардың тарихы сабақтастықты айқын көрсетеді. 1990-жылдардың басындағы Жоғарғы Кеңестен қазіргі кезеңге дейін заң шығарушы орган халықтың мүддесін білдіретін нақты құрал ретінде өз орнын күшейтіп келеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:230
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 15:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары