Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында табиғатқа шыққандар нөсер жаңбырдан кері қайта алмай қалды

Қазақстанда медицина қызметкерлері күні аталып өтіліп жатыр

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем кубогы бәсекесінде үздік үштікке кірді

Қазақстан Президенті Саида Мирзиёеваны қабылдады

Қазақстанда 24 маусымнан бастап 2000 теңгелік банкнотты қабылдау тоқтатылады не білу керек

Адам жанының арашасы

Бірнеше жол апатын жасаған: Қазақстан азаматы шетелде полициядан қашты

Мұнай мен ядролық қару үшін күрестегі тең нәтиже сарапшы Иран мен АҚШ меморандумы туралы

Павлодарда шенеуніктер 400 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсамақ болған

Балқашта салмағы 86,4 келі болатын алып қазыбургер дайындалды

Астана салқындайды, Алматыны аптап ыстық басады 23 25 маусымға арналған болжам

Атырау облысында​ ТЖМ ұшағы жолға қонады: қозғалыс уақытша тоқтайды

Еуроодақ елдері Украина бойынша келіссөздерге қатысады Франция президенті

Іздеудегі күдікті Түркиядан экстрадицияланды

Ұлыбритания премьер министрі Кир Стармер отставкаға кетті

​Катардағы алып газ кешенінде жарылыс болды: ондаған жаралы, із‑түзсіз кеткендер бар

Әл Фарабидегі жол апаты: Прокурор күдіктіні 10 жылға соттауды сұрады

Жетісу маңында табылған ескі қалашыққа германиялық мамандар қызығушылық танытқан

Атырау облысында қонатын жер іздеген швейцариялық байкерлер қызық жағдайға тап болды

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі

Цифрлық мектеп білім жүйесін қалай өзгертеді?

Цифрлық мектеп білім жүйесін қалай өзгертеді?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ертіс-Баян өңірінің мектептеріндегі білім беру жүйесі цифрлық форматқа біртіндеп көшіп, интернет онлайн-платформалар мен жасанды интеллекті бүгінде оқу үдерісінің күнделікті құралына айналып үлгерген. Ең маңыздысы – бұл өзгерістер тек қала мектептерінде емес, ауылдық шалғай елді мекендерде де жүзеге асып отыр.

Компьютер мен интерактив – күнделікті құрал

Өңірде білім беру саласын цифрландыру қанатқақты жобалар деңгейінен асып, тұрақты тәжірибеге енді. Бүгінде бұл үдеріс бастауыш сыныптан бастап колледждерге дейінгі барлық білім беру деңгейін қамтып отырғаны байқалады. Нәтижесінде, басқару жүйесі жеңілдеп, білімге қолжетімділік кеңейіп, мамандарды даярлау еңбек нарығының сұранысына жақындай түскен.

Облыстық білім беру басқармасы ақпараттық технологиялар орталығының дерегінше, өңірдегі барлық мектеп интернет желісіне қосылған. Әсіресе ауылдық және шалғай мектептерге басымдық берілген. Ондаған білім беру ұйымы «Starlink» спутниктік байланысы арқылы секундына 150 мегабитқа дейінгі жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізді. Елді мекендерді оптикалық талшыққа қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл қашық­тан оқытуға, онлайн сабақтар өткізу­ге, цифрлық білім беру платформа­ла­рын пайдалануға нақты мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, цифрландыру тек интернетпен шектелмейді. Өңір мектептерінде материалдық-техникалық база жүйелі түрде жаңартылу үстінде. Бүгінде облыс бойынша 40 мыңға жуық компьютерлік техника (стационарлық компьютерлер, ноутбуктар мен планшеттер) қолданыста. Бұған қоса, 1 700-ден астам интерактивті құрал-жабдық орна­­тыл­ған. Соның нәтижесінде электрон­дық оқулықтар, цифрлық зертханалар мен интерактивті тапсырмалар оқу үдерісінің тұрақты бөлігіне айналған. 

Қағазбастылық азайды, жүйе автоматтанды

Білім беру саласындағы басқару жүйесі де цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Қазір облыста оннан астам ақпа­рат­тық жүйе мен платформа жұмыс істейді. Негізгі деректер Ұлттық білім дерек­қо­рын­да жинақталса, мектептердің басым бөлігі «Күнделік» электрондық журналы мен күнделігін пайдаланып отыр. Ата-аналар мен оқушылар 36 мемлекеттік қызметті электрондық форматта ала алады. Педагогтерді мониторингтеу мен аттес­тациялау «Ұстаз» платформасы арқылы жүргізіледі. Кітапхана қоры «E-Kitaphana» жүйесінде есепке алынса, ал мектептердің қаржы-шаруашылық қызметі «Фаворит» ұлттық жүйесінде автоматтандырылған. «OnlineMektep», «Daryn Online», «Bilim App» сынды отандық платформалар да оқу үдерісіне кеңінен енгізілген.

«Цифрлық технологиялар әлеуметтік салада да өз тиімділігін көрсетіп отыр. «Әлеу­меттік әмиян» жобасы арқылы оқу­шы­ларды тегін ыстық тамақпен қамта­ма­сыз ету үдерісі едәуір жеңілдеді. Ата-аналар электрондық ваучерді мобильді қосымша арқылы белсенді етсе, ал мектептер қызметті цифрлық түрде тіркейді. Бұл мемлекеттік қолдаудың ашықтығы мен қолжетімділігін арттырды», дейді ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Елнар Өтебаев. 

Шағын мектептерге – жаңа мүмкіндік

Ресурсы шектеулі ауылдық және шағын жи­нақты мектептер үшін цифрлық техно­логиялар ерекше маңызға ие. Мәселен, Павлодар ауданының Бірлік орта мектебі «Qazaq Digital Mektebi» жобасына қатысып жатыр. Бұл модель онлайн сабақтарға, цифрлық материалдарға және жасанды интеллекті элементтеріне негізделген. Жоба кадр тапшылығын азайтып, оқушылардың білім алу мүмкіндігін мек­тептің орналасқан жеріне қарамастан кеңей­теді.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы да цифрлық өзгерістерден тыс қалған жоқ. Облыс колледждерінде зертханалар мен шеберханалар жаңартылып, заманауи IT-шешімдер енгізілуде. IT-мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы өсіп келеді. Ақпараттық технологиялар колледжі әзірлеген «Үйірме» ақпараттық жүйесі үйірмелерге қатысуды есепке алуға мүмкіндік берсе, сабақ кестесін жасанды интеллекті арқылы құру жүйесі оқу үдерісін оңтайландыруға бағытталған. Аталған колледж базасында ашылған IT-хаб бүгінде «Microsoft», «Festo», «IT Hub Academy», Сколково институты және басқа да халықаралық серіктестермен жұмыс істейді. Сондай-ақ жақында Оңтүстік Корея университетімен жаңа меморандумға қол қойылды. Оның аясында колледж базасында аталған уни­вер­ситеттің филиалы ашылмақшы. 

Роботтехника мен жасанды интеллект

STEM-білім беру аясында роботтехни­каға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазір об­лыстың 122 мектебінде роботтехника кабинеттері жұмыс істейді, тағы 163 мек­теп қажетті құрал-жабдықтармен қамта­масыз етілген. «Болашақ инженерлер» бағдарламасы аясында 24 мектепке роботтық кешендер жеткізілді. Сонымен қатар жасанды интеллекті бағытында да нақты қадамдар жасалып отыр. Өткен жылдан бастап үш қаладағы бес мектепте жоғары сынып оқушыларына арналған «Жасанды интеллекті» және «Ойын әзірлеу» элективті курстары іске қосылған. «Daryn Uztaz» платформасында 8 мыңнан астам педагог ЖИ бойынша біліктілігін арттырған. Ал Павлодар қаласында жаңадан ашылған №48 «Келешек мектебінде» енгізілген «AI Mektep» жобасы бейнеаналитика мен жасанды интеллекті арқылы қауіпсіздік пен оқу сапасын қатар арттыруға бағытталған.

«Цифрландыру біз үшін жеке-жеке жобалар емес, ол күнделікті үдеріске кіріккен жүйе. Соның арқасында әр бала сапалы білім мен заманауи технологияларға тең қол жеткізе алады. Нәтижелері қазірден-ақ байқалып отыр. Оны мектеп оқу­­шылары, студенттер, педагогтер білім конкурстарындағы жетістіктерімен дәлелдеп келеді. Ең бастысы, бұл үрдіс жалғасып жатыр», дейді Елнар Өтебаев.

Атап өтерлігі, Павлодар облысының коман­далары кейінгі жылдары республи­ка­лық және халықаралық жарыстарда үнемі тұғыр басынан көрініп жүр. Былтыр «Сатурн» роботтехника мектебінің «Atlantis» командасы «Almaty Tech Cup 2025» халықаралық турнирінде «FIRST LEGO LEAGUE Explore» санатында абсолютті чемпион атанып, АҚШ-тағы әлем чемпионатына жолдама алды. Кейін команда Хьюстонда 50 мың қатысушы арасынан «Team Model Award» марапатын иеленді. Ал Астанадағы «Fibonacci International Robot Olympiad Kazakhstan» жарысында Баянауыл ауданынан қатысқан «Bayanaul №1» және «Bayanaul №2» командалары «Lego Sumo» санатында бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ биыл қаңтар айында Назарбаев университетінде 900-ден астам оқушы қатысқан FIRST Kazakhstan 2025–2026 Astana FIRST AGE турнирі өтіп, Ертіс-Баян өңірінен оған 21 команда жолдама алған. Солардың бірнешеуі «Central Asia FIRST® Championship 2026» жарысына қатысу құқығын иеленіп отыр.

Жергілікті білім беру саласының маман­дары цифрлық технологиялар, робот­­техника мен жасанды интеллект зама­науи білім беру ортасын жүйелі түрде қалыптастыруда деп есептейді. Қазақстанның «OpenAI» компаниясының «Education for Countries» бағдарламасына қо­сылуы бұл бағыттағы жұмысты одан әрі күшейте түскен. Сарапшылардың айтуын­ша, білім беру саласына салынған әрбір инвестиция өңірдің адам капиталы мен тұрақты дамуының кепілі болмақ. Павлодар облысының тәжірибесі «цифр­лық мектеп» тек болашақтың жобасы емес, бүгінгі шынайы тәжірибе екенін көрсетіп отыр.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

Өнер • Бүгін, 23:40

Президент шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады

Президент • Бүгін, 23:26

Апаттан құтқарған оқушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Экологиялық мәдениет қалыптастыру – түбегейлі қағидат қатарында

Саясат • Бүгін, 08:10

Қасым-Жомарт Тоқаев: Татуласу – мықтылықтың белгісі

Саясат • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді

Саясат • Бүгін, 08:00

Қонақта – Асқар Алтай

Қоғам • Бүгін, 07:55

Көнеден жеткен сарын

Өнер • Бүгін, 07:50

Аю шаңғы

Жәдігер • Бүгін, 07:45

Баянсыз бақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

Қанат Бозымбаев өңірлердің су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық барысын тексерді

Үкімет • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

Президент • Кеше

Қазақстан әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды

Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді

Президент • Кеше

Азаматтық-құқықтық шартты айналып өтуге тосқауыл қойылады

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 08:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында табиғатқа шыққандар нөсер жаңбырдан кері қайта алмай қалды

21 Маусым 2026 12:37see116

Қазақстанда медицина қызметкерлері күні аталып өтіліп жатыр

21 Маусым 2026 09:11see116

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем кубогы бәсекесінде үздік үштікке кірді

21 Маусым 2026 21:53see113

Қазақстан Президенті Саида Мирзиёеваны қабылдады

21 Маусым 2026 15:03see113

Қазақстанда 24 маусымнан бастап 2000 теңгелік банкнотты қабылдау тоқтатылады не білу керек

21 Маусым 2026 15:28see112

Адам жанының арашасы

21 Маусым 2026 20:51see112

Бірнеше жол апатын жасаған: Қазақстан азаматы шетелде полициядан қашты

22 Маусым 2026 15:57see110

Мұнай мен ядролық қару үшін күрестегі тең нәтиже сарапшы Иран мен АҚШ меморандумы туралы

22 Маусым 2026 10:33see110

Павлодарда шенеуніктер 400 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсамақ болған

22 Маусым 2026 11:05see110

Балқашта салмағы 86,4 келі болатын алып қазыбургер дайындалды

20 Маусым 2026 23:35see108

Астана салқындайды, Алматыны аптап ыстық басады 23 25 маусымға арналған болжам

22 Маусым 2026 14:37see107

Атырау облысында​ ТЖМ ұшағы жолға қонады: қозғалыс уақытша тоқтайды

22 Маусым 2026 15:06see105

Еуроодақ елдері Украина бойынша келіссөздерге қатысады Франция президенті

20 Маусым 2026 21:01see104

Іздеудегі күдікті Түркиядан экстрадицияланды

21 Маусым 2026 08:39see103

Ұлыбритания премьер министрі Кир Стармер отставкаға кетті

22 Маусым 2026 16:37see103

​Катардағы алып газ кешенінде жарылыс болды: ондаған жаралы, із‑түзсіз кеткендер бар

22 Маусым 2026 15:06see103

Әл Фарабидегі жол апаты: Прокурор күдіктіні 10 жылға соттауды сұрады

22 Маусым 2026 11:58see103

Жетісу маңында табылған ескі қалашыққа германиялық мамандар қызығушылық танытқан

21 Маусым 2026 14:05see103

Атырау облысында қонатын жер іздеген швейцариялық байкерлер қызық жағдайға тап болды

22 Маусым 2026 13:35see102

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі

22 Маусым 2026 16:05see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары