Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Криптовалюта қаржы нарығын қалай өзгертеді?

Криптовалюта қаржы нарығын қалай өзгертеді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Елімізде криптовалюта нарығы жаңа кезеңге аяқ басты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында бұл салаға баса назар аударып, Мемлекеттік криптоактивтер қорын құруды тапсырды. Оны Ұлттық банктің инвестициялық корпорациясы қадағалайды. Мемлекет басшысының сөзінше, осы бастамалар қазіргі жаһандық қаржы үрдістеріне сай болу үшін қажет. Себебі жаңа қор ең тиімді әрі болашағы зор цифрлық активтерден стратегиялық крипторезерв жинайды. Ол цифрлық экономиканың жаңа қаржылық жүйесіне негіз болады.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Бұл сала есігімізден енді-енді еніп жатқандықтан, халықта сәл де болса күмән бар. Білек сыбана кірісіп кетуден аяқ тартады. Мұндай көзқарас аталған саланың экономикамыз­дың төрінен орын алуына кедергі болуы мүмкін. Ал «Edelman Financial Engines» компаниясының не­гі­зін қалаушы, танымал қаржыгер Рик Эдельман криптовалюта нарығын елемеу үлкен қателік, қазірден бастап үйренісуіміз керек дейді.

«Сақтық таныту орынды, бірақ шамадан тыс қорқуға болмайды. Қазір әлемдік деңгейдегі ірі институционалдық инвесторлар, зейнетақы қорлары мен венчурлық капитал иелері криптонарыққа кіріп жатыр. Бұл цифрлық актив­тердің енді ойыншық емес, нағыз ин­вестициялық құралға айналып келе жатқанын көрсетеді. Әлемдік эко­номикадағы цифрлану үдерісі мен қаржы нарығының ашықтыққа ұмтылысы бұл бағыттың болашағын айқындап берді. Енді инвесторлар өз порт­фелін жаңа заманның трендімен үйлестіруі тиіс», дейді Р. Эдельман.

Расында, үдеріс қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, жақында ғана «Еуразиялық банк» елімізде «Mastercard» және «Intebix» криптобиржасымен бірлесіп алғашқы криптокарталарды сынақтан өткізе бастады. Бұл карталар арқылы пайдаланушылар стейблкоиндармен төлем жасай алады. Қазір тек бірнеше карта шы­ғарылып, олардың жұмысы тексеріліп жатыр. Онда криптовалюта төлем кезінде автоматты түрде теңгеге айналады. Барлық төлемдер ел аумағында теңгемен жасалады. Транзакция комиссиясы 1%. Басқа елдерде бұл көрсеткіш 3–6%-ға дейін жетеді.

Ұлттық банк осы жобаны заңды негізде іске қосуға рұқсат берді. Бас банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов криптокарталарды елдің қаржы жүйесі үшін жаңа мүмкіндік деп отыр.

«Криптокарталар жобасы криптоиндустрияны ресми төлем жүйесіне қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде енгізуге жол ашады. Бұл – цифрлық активтер мен дәстүрлі банктік инфрақұрылымның түйісуі. Мұндай шешім елдегі қаржылық технологиялардың жаңа кезеңін бастайды. Сынақ кезеңі аяқталған соң жүйенің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы толық бағаланады. Егер нәтиже оң болса, криптокарталар кең көлемде қолданысқа енгізіледі. Бұл жоба – криптовалютаны елдің ресми төлем жүйесіне біртіндеп енгізудің алғашқы нақты қадамы», деді ол.

2025 жылдың алғашқы 6 айында елдегі цифрлық активтер арқылы жасалған операциялар көлемі 3,6 млрд долларға жетті. Бұл көрсеткіш елде криптовалютаға деген қызығушылықтың арт­қанын айғақтайды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы­ның дерегінше, қазір 27 лицен­зияланған компания цифрлық активтермен жұмыс істеуге рұқсат алған. Оның ішінде 12 компания криптобиржа ретінде тіркелген. Осы компаниялардың жарты жылдағы жалпы сау­да айналымы 2,8 млрд долларға жеткен. Екі ірі платформа – «BN KZ Technologies» және «Bybit» толық лицензиямен жұмыс істейді. Олар болашақ ресми криптотөлем жүйесінің негізгі қатысушылары болады. Қазір елімізде криптовалюта қызметін пайдаланушылар саны 170 мыңнан асты. Басым бөлігі жеке тұлғалар. Сарапшылардың пікірінше, нарық әзірге жеке инвесторлар есебінен өсіп отыр. Дегенмен ресми криптотөлем жүйесі іске қосылған соң салаға ірі қаржы ұйымдары мен компаниялар да кіре бастайды.

«Криптотөлемдер жүйесін енгізу еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырады. Қаржы нарығына серпін береді. Бізде құқықтық, инфра­құрылымдық база да­йын. Енді басты міндет – осы жүйені халыққа қауіпсіз әрі түсінікті ету», деді орталықтың ресми өкілі.

Осы бағытта көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Мысал ретінде Ұлттық банк пен Ұлт­тық төлем корпорациясының бақылауын­дағы реттеу алаңында сыналып жатқан «Bybit Pay» жобасын алайық. Мұнда жүйе арқылы пайдаланушылар өз криптоактивімен төлем жасап, сатушылар тауардың ақшасын теңгемен қабылдай алады. Тұтынушы «Bybit» қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлейді, соманы растайды, ал жүйе криптовалютаны автоматты түрде теңгеге айырбастайды. Барлық үдеріс бірнеше секундта аяқталады. Төлем жасалған сәтте сатушының шотына теңге түрінде қаражат түседі. Осылайша, сатушы үшін де, сатып алушы үшін де төлем жасау үйреншікті әрі ыңғайлы болып қалады.

«Bybit» компаниясының фиатты төлемдер жөніндегі директоры Мазурка Зенгтің айтуын­ша, «Bybit Pay» жүйесі әлемнің бірнеше елінде сәтті іске асқан. Бразилия, Вьетнам, Филиппин, Мексикада жұмыс істеп тұр. Әр елде жоба жергілікті заңнамалар мен қаржылық инфрақұрылымға бейімделген.

«Криптовалюта иелеріне активтерін алдын ала сату­дың қажеті жоқ. Олар бар криптоқал­дықтарымен тікелей төлем жасай алады. Біз халықаралық қауіпсіздік деңгейіне сай келетін екі факторлы аудентификация, Face ID және саусақ ізімен тексеру сияқты қорғаныс әдістерін қолданамыз. Қазір біз жаңа нарыққа шығуға дайындалып, қосымша лицензия алу мен кәсіби инвесторларға арналған өнімдерді әзірлеп жатырмыз. Жасанды интеллектіні пайдаланып, жүйемізді жылдамдатамыз», деді ол.

«Binance Kazakhstan» компа­ниясының басшысы Нұрхат Күшімовтің сөзінше, кейінгі екі жылда елде криптовалюта қолда­нушыларының саны едәуір арт­қан, ал сауда айналымы айтар­лықтай ұлғайған.

«Қазақстандағы криптонарық жоғары серпінмен дамып келеді. Пайдаланушылар көбейіп, олар­дың белсенділігі мен сауда көлемі өсіп отыр. «Binance Kazakhstan» тарапынан өнім түрлерін кеңейттік. Егер 2024 жылы споттық саудада 130 токен қолжетімді болса, 2025 жылы олардың саны 350-ге жетті. Кейінгі уақытта криптонарықты заңдастыру мен дамыту бағытында нақты қадамдар жасалып жатыр. Ұлттық банк цифрлық активтерді реттеу ережелерін қа­былдап, заңды криптобиржалар мен жаңа токен түрлерін іске қосуға мүмкіндік берді. Бұл бастамалар өте маңызды. Олар нарықты «көлеңкелі аймақтан» шығарады. Бірақ мұндай жүйе бір күнде құрылмайды. Барлығы кезең-кезеңімен жүруі керек. Ең бастысы, биржалар мен криптооператорлар заңды алаңда жұмыс істеуі қажет. Сонда ғана қолданушыларға қысым азайып, нарық көлеңкеден шығады», дейді Н.Күшімов.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 08:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары