Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

ЖИ білім беру жүйесін қалай өзгертеді?

ЖИ білім беру жүйесін қалай өзгертеді?

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жасанды интеллект білім саласын түбегейлі өзгертіп жатыр.

Әлем елдеріндегі мектептер мен университеттер нейрожелілерді оқу үдерісіне енгізіп, жаңа мүмкіндіктерді сынап көруде. Бірақ сарапшылардың бір бөлігі бұл оқушылардың қабілетін ашуға көмектеседі десе, екінші бөлігі ЖИ білім сапасын төмендетеді дейді.

2025 жылдың қазан айынан бастап Техас штатының Остин қаласында ерекше мектеп ашылды. Мұнда мұғалімдердің орнына жасанды интеллект жүйелері сабақ өткізеді. Бағдарламаның ерекшелігі - оқушылар оқу үдерісін ЖИ негізіндегі қосымшалар арқылы өздері басқара алады. Оқушылар күніне бар болғаны екі сағат сабақ оқиды. Бұл тәсіл оқушының академиялық қабілетін ашып, маңызды пәндерді тереңірек меңгеруге көмектеседі. Ал ұстаздар болса, бағыт-бағдар беретін тәлімгер рөлін атқарады: түсініксіз тұстарды түсіндіріп, оқушыларды жаңа мақсаттарға шабыттандырады.

Білім беруде жасанды сананы пайдалану әдісі салаға жаңадан еніп келе жатқан эксперименттік қадам. Әлсіз тұстары да бар. Сәтсіз тәжірибені Үндістанның мысалынан көруге болады. Үндістандық ұстаздар оқушылардың сыни ойлау қабілеті төмендеп бара жатыр деп дабыл қағуда. Жақында Бихар штатында Индира Ганди Ұлттық ашық университеті (IGNOU) өткізген магистратура емтихандарында тіркелген жаппай көшіру дерегі қоғамда үлкен дау тудырды. Өкінішке қарай бұл мәселе аймақта үйреншікті жағдайға айналған дейді мамандар. Үндістандағы жоғары оқу орындарының студенттері жасанды интеллект құралдарын пайдаланып, дайын жұмысты көшіреді. Мұндай жағдайда плагиатты анықтау күннен күнге қиындап барады. 2023 жылы Ұлыбритания университеттерінде 7 300-ге жуық өтінімде плагиат анықталған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Оның ішінде 765 өтінімді Үндістаннан келген талапкерлер жіберген - олар жеке мотивациялық хат сияқты бөлімдерді нейрожеліге жаздырған.

Ұлыбритания да бұл ретте жаһандық көштен қалмай отыр. Өткен айда ел үкіметі мектептерде ЖИ құралдарын ресми түрде қолдануға рұқсат беретін нұсқаулық қабылдады. Бұл оқушылардың үлгерімін жақсарту, бағалау мен әкімшілік жұмыстарды автоматтандыру үшін жасанды интеллектіні тиімді әрі қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік береді. Мәселен, нейрожелілер оқушылардың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, жеке оқу жоспарларын ұсынуға көмектеседі. Мұғалімдер үшін де пайдалы : сабақ жоспарлау, кері байланыс орнату және қайталанатын тапсырмаларды автоматтандыруда таптырмас құрал.  Мемлекеттік нұсқаулықта баланы қорғау, дербес деректерді сақтау және этикалық мәселелерді бақылау маңызды деп көрсетілген. Осылайша, ағылшындық мектептер ЖИ‑ді толықтай пайдаланбаса да, оқу үдерісіне баяу әрі тиімді енгізу жолын таңдап отыр.

Авторы: Әйгерім Ардаққызы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:234
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 19:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see144

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see119

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары