Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Алаяқтар WhatsApp арқылы сөйлесіп, 60 миллион теңгенің көлігін ұрлаған

Алаяқтар WhatsApp арқылы сөйлесіп, 60 миллион теңгенің көлігін ұрлаған

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Соңғы уақытта логистикалық платформалар арқылы автокөліктер мен түрлі жүктерді тасымалдау кезінде алаяқтық фактілері кездесіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қаскөйлер "Della" және "Fa-Fa.kz" сияқты сервистерді пайдаланады. Көбіне автокөліктер мен жүктерді Алматы қаласы мен Алматы облысынан еліміздің басқа өңірлеріне жеткізу туралы хабарландырулар орналастырылады. Хабарландыру жарияланғаннан кейін алаяқтар тапсырыс берушілермен және жүргізушілермен WhatsApp мессенджері арқылы байланысады.

Тапсырыс берушілерге өздерін тасымалдауды ұйымдастырушы немесе жүргізуші ретінде таныстырса, жүргізушілерге өздерін жүк иесі ретінде көрсетеді. Екі тараптың да сеніміне кіргеннен кейін тасымалдау шарттары жөнінде келісім жасайды.

Алматы қаласынан шыққаннан кейін алаяқтар ұрланған автокөлік немесе жүкті басқа көлікке ауыстырып тиеп, оны өз қалауларынша пайдаланады.

Мысалы, 7 маусымда Алматы қаласының тұрғыны полицияға өзінің қымбат автокөлігінің ұрланғаны туралы арызданған. Екі күн бұрын белгісіз тұлғалар алдау арқылы оның көлігін иемденіп, 60 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Уақытылы жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті тауып, заңды иесіне қайтарды. Қылмыс жасады деген күдікпен үш адам ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы мен басқа да ықтимал сыбайластары анықталуда. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында ІІМ азаматтарға қауіпсіздік шараларын ұстануды ұсынады:

жүргізушінің жеке куәлігін және көлік құжаттарын мұқият тексеру;

тасымалдаушының телефон нөмірін хабарландыруда көрсетілген нөмірмен салыстыру;

жүру бағыты мен жеткізудің соңғы нүктесін алдын ала жеке талқылау;

интернеттен тасымалдаушы мен жүргізуші туралы пікірлерді зерделеу.

Құжаттарда сәйкессіздіктер байқалса, күмән туғызатын басқа да жағдайлар анықталса, тасымалдаушының қызметінен бас тартып, бұл туралы дереу 102 нөміріне хабарлау немесе жақын жердегі криминалдық полиция бөліміне жүгіну ұсынылады. Уақтылы қырағылық таныту және полицияға жүгіну қылмыстың алдын алып, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға көмектеседі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары