Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Алаяқтардан зардап шеккендерге өтемақы берілуі мүмкін

Алаяқтардан зардап шеккендерге өтемақы берілуі мүмкін

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстанда алаяқтардан зардап шеккендерге мемлекет тарапынан өтемақы берілуі мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Бұған дейін Наурыз Сайлаубай кінәлілерден өтемақыны өндіре алмаған жағдайда мемлекеттік қордан қаражат беруді ұсынған болатын. Сонымен қатар жалғыз баспанаға қатысты мәмілелерді міндетті нотариалдық куәландыру механизімін енгізу керегін де айтқан.

Алаяқтықпен күрес күшейіп келеді. Мемлекеттік органдар тізе қосып әрекет етуінің арқасында былтыр 85 млнға жуық алаяқтық қоңырау бұғатталды. Заңсыз әрекет ететін 13 call-орталық жойылды. Оның ішінде шетелде орналасқандары да бар. «Дропперлік» фактілері бойынша интернет-алаяқтарына көмектескен адамдарға қатысты 56 қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар биылдан бастап сим карта сатып алған әр адам биометрикалық сәйкестендіруден өтуге міндеттелмек. Осылайша, заңсыз әрекеттерді азайту көзделген. Бұл туралы Үкіметте Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

Ростислав Коняшкин, ҚР Жасанды интеллект және Цифрлық даму бірінші вице-министрі:

- Өкінішке қарай, алаяқтық фактілерге тап болып жатамыз. Ал телефон нөмірлері дұрыс тіркелмегендіктен оны кім жасағанын анықтау қиынға түседі. Сондықтан қай нөмір кімге тіркелгенін нақты біліп отыру үшін ережелерге өзгеріс енгіздік. Яғни осылайша алаяқтық әрекеттердің алдын алу көзделген.

Яғни жаңа ереже қылмыскерді жылдам анықтауға септігін тигізбек. Десе де жаңа нөмір алғанда сим карта жұмыс істемесе қорықпаңыз.

Дамир Сейсембеков, ҚР Жасанды интеллект және Цифрлық даму министрлігі телекоммуникациялар комитеті төрағасы:

- Биометриялық сәйкестендіруден өтпеген сим карта жұмыс істемеуі керек. Мысалы, жаңа нөмір сатып алып, телефоныңызға салдыңыз делік. Алайда тексерістен өткенше ешқандай қызметті пайдалана алмайсыз. Сізге сәйкестендіруден өту туралы хабарлама келеді. Оны баланыс операторының мобильді қосымшасынан өте аласыз. Егер операцияны орындау кезінде қиындықтар туындаса немесе смартфоныңыз болмаса ресми сату бөлімдеріне баруға болады.

Алайда бұл себеппен емес, салдармен күресу. «Себебі қылмыскерді іздеуден гөрі, қарапайым азаматтарды алаяқтардың тұзағына түсірмеудің жолын тапқан тиімдірек дейді қаржыгер», - Арман Бейсембаев.

Арман Бейсембаев, қаржыгер:

- Банктердің ішкі қауіпсіздік қызметін күшейту керек. Себебі жеке деректер сыртқа шығып кетіп жатыр. Алаяқтар қазір кімге хабарласып жатқанын, оның шотында қанша теңге барын біледі. Бұл деректерді банктен басқа еш жерден ала алмайсыз. Яғни қызметкерлердің ішінде алаяқтармен ауыз жаласқандар бар деген сөз. Тіпті ол деректерді сататындары да болуы мүмкін. Сондықтан банктер ақпараттық қауіпсіздікті сақтай алмағаны үшін жауап беруі керек.

Банк демекші, алаяқтар аңғал адамдарды алдап, несие алуға көндірген жағдайлар да жиі кездеседі. Сондықтан елімізде қарыз берудің де ережелері қайта қаралған.

Айбар Олжай, сарапшы:

- Алаяқтар оны ойландыруға мүмкіндік бермей, тездетіп, ал-ал деп бастырмалатып жібергенде адам алып қоюы мүмкін. Сол 24 сағаттық суыту мерзімінде адам кішкене ойланып, жан-жағына қарап, уақыт алып, пауза алып, өзі ойлана алады. Содан кейін «иә» деп мақұлдауын берсе, ол азаматқа кредит береді. Үлкен үш миллион, өзінің айлық есептік көрсеткішке байланысты шегі бар. Содан артық кредит алғанда азамат үйленген болса, жұбайы болса, сол жұбайының келісімі керек. Ол жұбайы келіп «осындай кредитті біз аламыз» деп, қол қою керек. Адам отбасылы бола тұра жалғыз өзі үлкен сомада кредит ала алмайтындай қылып шектеу бар болады.

Ал депутат  Наурыз Сайлаубай болса алаяқтардан зардап шеккен азаматтарға қаржылай көмектесуді ұсынды.

Наурыз Сайлаубай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мемлекеттік өтемақы қорын құру – онда алаяқтың кесірінен сот шешімі шығып, баспанасынан айрылған және кінәлі тұлғалардан қаражатты өндіре алмаған жандарға өтемақы төлеу механизмін әзірлеу. Жалғыз баспанаға қатысты мәмілелерді міндетті нотариалдық куәландыру механизімін енгізу –  нотариус сатушының әрекет қабілеттілігін терең тексеріп, психиатр/наркодиспансер анықтамаларын сұрауды талап ету және тараптардың мәмілерін толық бейнежазба арқылы тіркеуді енгізу.

Сонымен қатар 7-30 күндік күту мерзімін енгізу де ұсынылды. «Бұл әсіресе, қарттардың жалғыз баспанасынан айырылу қаупін азайтады», - дейді ол. Ал Ішкі істер министрлігі бұл бастамаларды қолдайтынын мәлімдеді.

Бауыржан Әленов, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

- Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпарат алмасу және жедел әрекет ету бөлігінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында Ішкі істер министрлігі уәкілетті органдармен, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетімен меморандумдар мен келісімдер жасасты. Айта кету қажет, ҰҚК мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету және стратегиялық, оның ішінде сыртқы сипаттағы киберқауіптердің алдын алу функцияларына ие. ЖСДП партиясының Мемлекеттік өтемақы қорын құру, жалғыз тұрғын үймен жасалатын мәмілелерді міндетті нотариаттық куәландыру және жылжымайтын мүлік мәмілелерінде күту кезеңін енгізу жөніндегі ұсыныстары зерделеніп, қолдау табуда.

Бүгінде Киберқылмыспен күрес жөніндегі БҰҰ конвенциясына қол қойылды. Бұл трансшекаралық цифрлық қылмыстарды тоқтатуға көмектеседі. Яғни халықаралық ынтымақтастық арқылы азаматтарымызды шетелдік алаяқтардан қорғау мүмкіндігі пайда болады. Мәселен, Беларусь Республикасының құқық қорғау органдарымен бірлесіп Беларусьте басқа елдердің, оның ішінде Қазақстанның азаматтарына қатысты қарсы жұмыс істеген 55 адам жауапқа тартылды. Олардың азаматтарымызға келтірген залал 67 миллион теңгеден астам соманы құрады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қаңтар 2026 21:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары