Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Әлем қолөнершілері Әулиата төрінде

Әлем қолөнершілері Әулиата төрінде

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Осынау ұлттық құндылығымызды за­ман ағымымен үндестіріп, бүгінгі күнмен қайта қауыштырған қалалардың бірі – Тараз шаһары. 2022 жылы екі мыңжылдық тарихы бар көне Тараздың  дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енуі үлкен мәртебе. Әрине, ықылым заманнан бері сауда-саттықтың ордасына айналған, тарихы тереңде жатқан қаланың бұл тізімге енуі –  заңдылық. Осыған орай бү­гінде шаһарда халықаралық қолөнер­шілер фестивалін өткізу игі дәстүрге айналды. Бұл дәстүр биыл да өз жалғасын тауып, Тараз төрінде кезекті көрме шым­ылдығын түрді. 

Фестивальдың салтанатты ашылу рәсіміне  Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков, Парламент Мә­жілісінің депутаттары, халықаралық ұйым өкілдері, шетелдік және отандық қол­өнершілер қатысты. 

Шараның ашылуы ұлттық нақышпен өріліп, ерекше сән-салтанатпен басталды. Қонақтарды қарсы алу сәтінде ұлттық киім киген қыздар мен ардагерлер дәстүрлі қонақжайлық үлгісін паш етіп, қазақтың жеті тағамынан дәм ұсынды. Бұл көрініс халқымыздың бай мәдениеті мен ғасырлар бойғы салт-дәстүрін танытқаны хақ. 

Ең әуелі сөз алған облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Тараздың терең тарихына тоқталып, көне шаһардың қолөнер мен өркениет орталығы ретіндегі беделіне ерекше екпін түсірді.

– Екі мың жылдан астам тарихы бар қала ғасырлар бойы сан түрлі халықты табыстырып, өнер мен дәстүрдің үзілмес желісін қалыптастырды. 2022 жылы қала­мыздың дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енуі – ел мерейін өсірген айтулы жетістік. Осы мәртебе  ата-бабадан аманат болған ұлттық қолөнеріміздің жаһандық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі, – деді аймақ басшысы. 

Келесі кезекте  Президенттің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы фестивальдың рухани және мәдени маңызына тоқталып, ұлттық өнердің халық бірегейлігін сақтаудағы рөлін атап өтті.  

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытуға әрдайым ерекше мән беріп келеді. Президентіміз үнемі халқымыздың мәдени мұрасын жаңғырту, ұлттық өнерді қолдау мемлекеттің басым бағыттарының бірі екенін атап өтуде. Бұл – тәуелсіз еліміздің рухани жаңғыру жолындағы берік ұстанымы.

Бұл шара әр елден келген қолөнер­шілердің тәжірибе алмасуына, шығар­машылық байланыстардың нығаюына және жаңа идеялардың туындауына жол ашады деп сенемін. Сонымен қатар жас ұрпақты ұлттық өнерге баулып, төл мә­ден­иетімізге деген құрметін арттыруда ерекше маңызға ие, – деген М.Отарбаев ұлттық құндылықтарды ұлықтауға сүбелі үлес қосқан бірқатар қолөнер шеберіне ел Президентінің Алғысхаты мен Құрмет грамотасын табыстады. 

Сонымен қатар  Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрым мен Дүниежүзілік қолөнершілер ұйымының мүшесі, «Қа­зақстан этнодизайнерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Салтанат Жапарова ұлттық қолөнерді заманауи талаптарға бейімдеу, этнодизайнды дамыту және қолөнер индустриясын кәсіпкерлікпен ұштастыру бағытындағы маңызды баста­маларды ортаға салды.

Шара барысында мәртебелі меймандар шеберлердің туындылары қойылған көрмені аралап, қолөнер және туризм орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ арнайы безендірілген он қазақ үйдің экспозициясы көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір киіз үй белгілі бір та­қыр­ыпқа негізделіп жасақталып, онда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, музыка­лық аспаптары, зергерлік өнері, киіз басу, ағаш ою, тері өңдеу секілді дәстүрлі кәсіп түрлері кеңінен таныстырылды.

Биылғы фестивальда ел шеберлерінен бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінен келген 33 қолөнерші өз жұмыстарын ұсынды. Солардың қатарында Өзбекстаннан келген Шерзод Каримов те бар. 

– Таразға келу мен үшін үлкен мәртебе әрі ерекше әсерлі сапар болды. Осы ар­қылы бұл қаланың қолөнердің рухы сақталған, шеберлік дәстүрі үзілмеген қасиетті орта екеніне көз жеткіздім. Бұл фестиваль біз секілді шеберлерді бір алаңға тоғыстырып, өнер арқылы үндестіріп отырған маңызды халықаралық алаң деп білемін.

Мен бүгінгі көрмеге өз қолыммен жаса­ған пышақтар мен қылыштарды алып келдім. Бұл – ғасырлар бойы қалыптасқан ұсталық өнердің жалғасы, ата-бабадан қалған аманат. Әрбір бұйымның бедерінде еңбек пен тарих жатыр. Мұндай дүниелерді жасау үлкен төзімділік пен дәлдікті талап етеді. Болатты шыңдау, өрнек салу, сабын үйлестіру – бәрі де терең тәжірибеден өтетін күрделі жұмыс. Сондықтан мұны тек кәсіп емес, өнер деп бағалау керек.

Біз мұнда өз туындыларымызды ұсынып қана қоймай, тәжірибе алмасып, өзге елдердің шеберлерімен пікір бөлісіп жатырмыз. Бұл – қолөнердің дамуына өте қажет орта. Осындай кездесулер арқылы ұқсас мектептерді салыстырып, жаңа тәсілдер үйренуге мүмкіндік туады. Мен қазақ пен өзбек ұсталық дәстүрінің тамыры жақын екенін осы жерде тағы сезіндім. Ою-өрнекте, металл өңдеуде, қару жасау мәдениетінде ортақ белгілер өте көп. Бұл біздің халықтардың тарихи сабақтастығын көрсетеді. Осындай фес­тивальдар сол ортақ мұраны жаңғыртып, түркі дүниесінің мәдени байланысын күшейтеді.

Маған, әсіресе, Тараз халқының өнерге деген құрметі ерекше әсер етті. Көрмеге келген жұрт әр бұйымның жасалуына қызығып, оның тарихын сұрап, бағалап жатыр. Бұл қолөнердің қоғамдағы қадірі жоғалмағанын көрсетеді. Өнерді түсінетін орта болған жерде шеберлік те дамиды.

Менің ойымша, мұндай халықаралық фестивальдар тек мәдени шара ретінде қаралмауы керек. Бұл – туризмді дамы­татын, шеберлерді қолдайтын, ұлттық бренд қалыптастыратын үлкен мүмкіндік. Тараздың дүниежүзілік қолөнершілер қаласы ретіндегі мәртебесі бекер беріл­мегеніне куә болдым. Мұнда сол атақ­қа лайық рух пен әлеует бар.

Осындай ауқымды бастаманы ұйым­дастырып отырған азаматтарға ризашы­лығымды білдіремін. Бұл фестиваль ше­бер­лерді шабыттандырып қана қоймай, жастарды дәстүрлі өнерге жақындатады. Өйткені қолөнер – өткеннің сарқыншағы емес, болашаққа апарар құндылық. Біз соны бірге насихаттауымыз керек. Тараз­дан алған әсерім өте жоғары, – дейді шебер. 

Екі күнге ұласқан ауқымды фестиваль аясында шеберлік сағаттары, «Дәстүр және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, гала-концерт, ASPARA FASHION WEEK сән көрсетілімі және кәдесый өнімдерінің жәр­меңкесі ұйымдастырылды.

Жалпы, бұл игі шара өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, қолөнер са­ла­сындағы кәсіпкерлікке жаңа мүм­кіндік беретіні анық. Халықаралық қол­өнершілер көрмесінің басты құнды­лығы да осында. 

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 06:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары