Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Трамп сыйлығы, Астанадағы жаңа әуежай және G20 саммитіне шақыру

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Трамп сыйлығы, Астанадағы жаңа әуежай және G20 саммитіне шақыру

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Euronews: Трамп G20 саммитіне Қазақстан мен Өзбекстан президенттерін шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп қазақ және өзбек көшбасшылары 2026 жылы желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитіне қонақ ретінде қатысатынын айтты. Бұған дейін ол екі елдің мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлескен еді. Euronews аптаның бел ортасында ақпарат таратып, кездесуде қандай мәселелер талқыланатынын болжаған.

Бұл шақыру Вашингтонның Орталық Азияға ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді. Жиында қақтығыстарды шешу, стратегиялық пайдалы қазбалар, сауда-экономикалық ынтымақтастық тақырыбы қозғалмақ.

Осы аптада Президент Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ-тың Қазақстан мен Өзбекстанмен қарым-қатынасы «ғажап» деп бағалаған болатын. Трамптың айтуынша, әңгіме барысында тараптар жалғасып жатқан қақтығыстарда бейбітшілікке қол жеткізу мәселелерін, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы сауда мен ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылаған. АҚШ президенті Америка Құрама Штаттары, Қазақстан және Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Қазақстан да, Өзбекстан да G20 мүшесі емес. Дегенмен жыл сайын өтетін ірі экономикалар басшыларының саммитін қабылдаушы мемлекет көбіне ұйымға мүше емес елдерді де шақырады.

Осы аптада әлемдік БАҚ Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасы туралы тағы бір жаңалық таратты. Ол – Трамптың Тоқаевқа жіберген сыйлығы. АҚШ көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақ үйдің символикалық кілтін сыйлаған.

РБК-ның жазуынша, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов АҚШ президенті Дональд Трампқа сенім грамоталарын тапсырған. Бұл рәсімнен кейін президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде олардың кездесуінің нәтижелері туралы жазба жариялады. Желдібайдың айтуынша, сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін Елші мен АҚШ президенті қысқаша әңгімелескен. Сол кезде Трамп қараша айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған кездесуді жоғары бағалап, Тоқаевқа Ақ үйдің символикалық кілтін және өзінің қолтаңбасы қойылған бейcболкасын сыйлаған.

«Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам деп сипаттады», – делінген жазбада.

The Times of Central Asia: KazTransOil Еуропалық одақтағы алғашқы кеңсесін ашты

«ҚазТрансОйл» АҚ Польша Республикасында филиалын ашу туралы шешім қабылдады. Бұл – компанияның Еуропалық Одақ аумағындағы алғашқы өкілдігі. Еуропадағы кеңсе нендей қызмет атқаратынын The Times of Central Asia талдады.

Өкілдіктің ашылуы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Польша аумағындағы мүдделерін қорғауға арналған. Әсіресе Беларусь Республикасының аумағы арқылы өтетін транзит пен өзге мемлекеттердің магистральдық құбыр жүйелері арқылы тасымалданатын Қазақстан мұнайын қадағалайды.

Сонымен қатар филиал қызметі аясында мұнайды Еуропа елдеріне жеткізу үшін «Адамова Застава» мұнай тапсыру пунктінде қабылдау және тапсыру кезінде есептік операцияларды жүргізбек.

Аталған жоба қазақ мұнайының Германия бағытына, оның ішінде Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету үшін маңызды. Филиалдың ашылуы қазақстандық мұнайды тасымалдаудың халықаралық баламалы бағыттарын одан әрі дамытуға ықпал етіп, Қазақстанның әлемдік энергетикалық нарықтағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді деп болжанып отыр.

Anadolu: Биыл 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1991 жылдан бері елге 1 млн 162,9 мың этникалық қазақ оралған еді, 2025 жылы бұл қатарға 14 828 қазақ қосылды. Anadolu ақпарат агенттігі тарихи отанымен табысқан қандастар туралы ақпарат жариялады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 44,5%-ы Өзбекстаннан, 43,6% – Қытайдан, 4,1% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан 2,5% – Ресейден және 2,3 басқа елдерден.

Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 34%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15%-ы жоғары білімді, 27,6%-ы орта кәсіби білімді, 51,1%-ы жалпы орта білімді және 6,3% білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар түрлі өңірлерге қоныстанды. Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Айта кетсек, 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құраған. 1 қарашадағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 942 қандас көшірілген.

ТАСС: Тоқаев Астанада жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Мемлекет басшысының сөзін ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі таратқан.

«Қаланың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыру қажет. Үкіметке әкімдікпен бірге осы мәселені мұқият пысықтап, нақты ұсыныс енгізуді тапсырамын. Жуырда біз елімізде толыққанды авиахабтар қалыптастыру мәселесін қарастырдық. Соның ішінде елорда әуежайына қатысты жұмыс та бар. Бірақ Қазақстанда өндірілетін авиа жанармай көлемі жеткіліксіз. Осы жағдай авиахабтарды дамытуға кедергі болуы мүмкін», – деді Президент Астананы дамыту жөніндегі кеңесте.

Сондықтан Үкімет авиа жанармай өндірісін арттыру үшін нақты шаралар қабылдау тапсырылды.

«Бәлкім, жаңа мұнай өңдеу зауытын салу керек шығар. Оның артықшылығы да, кемшін тұстары да бар. Үкімет осыған қатысты өз ұстанымын айқындап, нақты шешім қабылдауы қажет», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 14:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see121

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see121

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see120

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see119

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see118

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see117

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see114

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see114

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

11 Тамыз 2026 15:50see113

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see113

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see113

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see113

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

11 Тамыз 2026 14:27see110

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see110

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары