Almaty Invest басшысы ҚазҰУ инновацияларымен танысты
Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
«Almaty Invest» инвестицияларды тарту орталығының басқарма төрағасы Қайрат Бекенов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болып, оқу орнының ғылыми орталықтарын аралады, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Құрметті қонақты университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев қарсы алып, заманауи зертханалар мен орталықтардың жұмыс нәтижелерін таныстырды.
Алдымен Қайрат Бекенов Farabi Hub инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығына барды. Қазіргі таңда мұнда түрлі бағыттағы зертханалар мен шетелдік компаниялардың бөлімшелері орналасқан. Аумағы 5000 шаршы метрді құрайтын орталық ғылыми əзірлемелер мен технологиялық идеяларды нақты экономикаға енгізуді жеделдетуге көмектеседі.
Сондай-ақ Қайрат Әскербекұлына университеттің робототехника саласы бойынша жеткен жетістіктері туралы мәлімет берілді. Бүгінде ҚазҰУ базасында Германияның Kuka және Қытайдың Huibo роботтары қойылған орталықтар табысты жұмыс істеуде.
Сапар аясында құрметті қонақ Суперкомпьютер және Қашықтықтан зондтау орталығының қызметімен танысты. Бұған қосымша, қытайлық әріптестермен бірлесіп әзірленіп жатқан микроспутниктің макеті таныстырылды. Бұл жоба – ғарыштық технологиялар, қашықтықтан зондтау және заманауи ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі.
Жансейіт Түймебаев университеттің ғылыми әлеуетін арттырумен қатар, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға және отандық өндірістің технологиялық дамуына үлес қосуға ерекше мән берілетінін жеткізді.
Өз кезегінде Қайрат Бекенов университет пен инвестициялық институттар арасындағы өзара байланысты одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:57
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қыркүйек 2026 17:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















