Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Алматыда 594 пәтері бар тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

Алматыда 594 пәтері бар тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Наурызбай ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Аудан әкімі Нәзира Тоғызбаева журналистермен бірге нысандарды аралап, аудандағы іске асып жатқан негізгі жобаларды, алға қойған жоспары туралы баяндап берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Баспасөз турында бірінші жол түскен нысан Қалқаман-2 шағын ауданындағы тұрғын үй кешені болды. Мұнда 2029 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында халыққа қызмет көрсету нысаны бар көп пәтерлі тұрғын үй салатын үлкен жобаны қолға алыпты.

2024 жылдың сәуір айында басталған жобаның бас мердігері – «ҚазҚұрылысПодряд» ЖШС. Нысанды биылғы тамыз айында табыстамақ.  

Аудан әкімінің айтуынша, әлеуметтік маңызы зор бұл жоба алматылықтарды қолжетімді әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етпек. Қазір жеті жерде ауданы 34 мың шаршы метрден асатын 594 пәтерлі тұрғын үй бой көтерді.

«Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, сапалы әрі қолжетімді инфрақұрылым мен қолжетімді тұрғын үй салу басым бағыт болып отыр. Наурызбай ауданында соңғы бес жылда әлеуметтік осал топтарға ғана 5600-ден астам пәтер берілді. Соңғы үш жылда бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үйді тапсырдық. Соның ішінде 710 мың шаршы метрден астамы – эконом-класс санатындағы тұрғын үй», – дейді аудан басшысы.

Жаңа тұрғын үй кешенінде 184 бір бөлмелі, 248 екі бөлмелі және 162 үш бөлмелі пәтер қарастырылған. Ішкі құрылыс пен әрлеу жұмысы толық біткен. Енді аумақты абаттандыра бастады. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер жолы салынып, тұрғындарға қолайлы болуы үшін ауланы көгалдандырып жатыр.  

Баспасөз туры барысында журналистер құрылыс жұмысының аяқ алысымен танысып, тұрғын үйлердің дайындық деңгейін көріп, мердігер ұйым мен аудан әкімдігі өкілдеріне сұрақ қойды.

«Бұл тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер өте қолайлы. Жоба тоғыз қабатты жеті тұрғын үйден тұрады. Мұнда барлық қажетті жағдай жасалған. Әр үйде жолаушы мен жүк лифтісі орнатылған. Пәтерлерді әрлеп барып тапсырады. Бұл тұрғындарға артық күш жұмсамай, бірден қоныстануға мүмкіндік береді», – деді «ҚазҚұрылысПодряд» ЖШС өкілі Диас Қабдығалиев.

Нәзира Тоғызбаеваның айтуынша, тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту Наурызбай ауданында басым бағыттың бірі болып қала бермек. Бұл аудан қаладағы ең жылдам дамып келе жатқан ауданның бірі саналады. Осындай жобаларды іске асыру тұрғын үй қорын ұлғайтып қана қоймай, қажетті әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы бар қалалық кеңістікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Қазір ауанда 176 көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Жалпы тұрғын үй көлемі – 443 мың шаршы метр. Барлығы 6165 пәтер бар онда. Оның ішінде биыл эконом-класс санатындағы 64 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл – 208 мың шаршы метр тұрғын үй. Соның нәтижесінде биыл 3625 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі», – деп толықтырды сөзін аудан әкімі.

Қалқаман-2 шағын ауданындағы тұрғын үй кешенінің құрылысы мен абаттандыру жұмысының аяқталуы Алматы тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадам болмақ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Тамыз 2026 15:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары