Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Алматыда балалардың туабітті жүрек ауруларын анықтау мен емдеу мәселелері талқыланды

Алматыда балалардың туабітті жүрек ауруларын анықтау мен емдеу мәселелері талқыланды

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бүгін Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жүрек кінәраттарымен (ТЖА) туған балаларды ерте диагностикалау мен қолдау мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтіп, оған «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының директоры Мұрат Зауыров, University Medical Center клиникалық академиялық педиатрия департаментінің директоры, балалар кардиологы Татьяна Иванова-Разумова, UMC Жүрек орталығының балалар кардиологы Айкерім Жанатқызы қатысып, ата-аналар мен дәрігерлерге арналған ауқымды білім беру бағдарламасы туралы баяндады. Бұл бағдарлама жүректің туа бітті кеселдері жөнінде қоғамның хабардарлығын арттыра отырып, бұл дерттерді асқындырмай диагностикалауды дамытуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Сарапшылардың айтуынша, бүгінде Қазақстанда ТЖА диагнозы қойылған 380 мыңнан астам бала бар. Жыл сайын шамамен 2,5 мың жаңа жағдай тіркеледі, оның 400-ге жуығы Алматы қаласында тұрады. Тек 2025 жылдың алғашқы алты айында Алматыда 18 жаңа туған нәрестеге ота жасалды. 2024 жылы елімізде балалардағы жүрек ақауларын түзетудің 1,7 мың отасы жасалып, оның шамамен 500-і Астанадағы UMC Жүрек орталығында өтті.

«Туабітті жүрек ақаулары – балалар арасындағы ең жиі кездесетін патологиялардың бірі, ол алғашқы апталар мен айларда көбіне белгілері көрінбейді Ата-аналардың білместігі мен диагностикаға қолжетімділіктің біркелкі болмауы ауруды кеш анықтаудың басты себепкері болып отыр», – деді Мұрат Зауыров.

Дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, мұндай аурулар өте асқынып, тіпті өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Өз кезегінде Татьяна Иванова-Разумова қазіргі заманғы пренаталдық скрининг әдістері жүктіліктің 18–21 аптасында ауыр жүрек ақауларының 85%-ына дейін анықтауға мүмкіндік беретінін айта келе:

«Жүктіліктің екінші триместрінде жасалатын фетальды эхокардиография – күрделі жүрек ақауларын ерте анықтауға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Ерте диагностика ата-аналарға босануға дайындалып, кейінгі ем қабылдайтын клиниканы таңдауға мүмкіндік береді»,  деді.

Бүгінде Қазақстанда жаңа туған нәрестелерге, соның ішінде салмағы төмен балаларға да кардиохирургиялық операциялар жасауға толық техникалық мүмкіндік бар. Мұндай оталар көбіне өмірінің алғашқы айларында жасалып, балаларға толыққанды өмір сүруге және дамуға жағдай жасайды. Әрбір жағдай жеке қарастырылғанымен, күрделі туа біткен жүрек ақауларында хирургиялық араласу негізгі түзету әдісі болып қала береді.

Осы орайда Алматыда «Heart Center Foundation» қоғамдық қоры ата-аналар мен дәрігерлерге арналған Пациенттер мектебін ұйымдастырып отыр. Бағдарлама екі бағыттан тұрады: ата-аналарға арналған ақпараттық сессия және педиатрлар, неонатологтар мен функционалдық диагностика дәрігерлеріне арналған эхокардиография бойынша шеберлік сабағынан тұрады. Сарапшылар ата-аналарға жүктілік кезінде қандай тексерулер маңызды екенін және операциядан кейін баланы қалай күту керектігін түсіндіреді.

Мұрат Зауыровтың айтуынша, бағдарламаның мақсаты – қоғам мен дәрігерлер арасындағы сенім мен өзара байланыс деңгейін арттыру.

«Біз балаларға көмек көрсетудегі ата-аналардың хабардарлығы мен дәрігерлер дер кезінде диагноз қойып, көмектесе алатын мәдениетті қалыптастырғымыз келеді. Бұл тек медицина емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі», дейді.

Сондықтан мамандар ерте диагностика – баланың өмірі мен денсаулығын сақтап қалудың басты мүмкіндігі екенін алға тартты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 16:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары