Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Алматыда көлік қауіпсіздігі мен цифрландыру мәселелері талқыланды

Алматыда көлік қауіпсіздігі мен цифрландыру мәселелері талқыланды

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Теміржол көлігінің дәстүрлі технологияларын ғана емес, автоматтандыруды, цифрлық жүйелер мен жасанды интеллектіні де меңгерген жаңа форматтағы мамандарды даярлау мәселесі VII Еуразиялық көлік қауіпсіздігі және цифрландыру форумындағы негізгі тақырыптардың біріне айналды.

Соңғы жылдары көлік инфрақұрылымын, әсіресе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі инфрақұрылымды дамыту мәселесінің стратегиялық маңызы түрлі деңгейде талқыланып келеді.

Бұл тақырып Қазақстан үшін ерекше маңызды. Өйткені еліміз Еуразия кеңістігінде Еуропа мен Азияны, сондай-ақ құрлықтың солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын маңызды буын саналады.

"Біздің аумағымыз арқылы бес негізгі теміржол дәлізі өтеді. Бұл Қазақстанды жаһандық көлік желісінің маңызды орталығына айналдырып отыр. Шығыс-батыс және солтүстік-оңтүстік бағыттарын белсенді дамыта отырып, Қазақстан сенімді әрі біртұтас көлік жүйесін қалыптастыруда. Бұл еліміздің Еуразия кеңістігіндегі байланыстырушы көпір ретіндегі рөлін күшейтіп, өңірлік байланыстарды жаңа деңгейге көтереді", — деді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов.

Ол теміржол арқылы жүк тасымалының көлемі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда "ҚТЖ" шамамен 16 мың шақырым теміржол желісінің жұмысын қамтамасыз етеді. Компанияның пайдалануында 2 мыңнан астам локомотив пен 41 мың вагон бар. Жүйеде 118 мыңнан астам адам еңбек етеді. Жыл сайын тасымалданатын жүк көлемі 319,9 миллион тоннадан асады.

Теміржол арқылы жүк тасымалы көлемінің тұрақты өсуіне байланысты ЕАЭО елдері қауіпсіздік мәселесіне көбірек көңіл бөліп отыр. Форумға қатысушылардың айтуынша, бұл бағытта цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту маңызды рөл атқарады.

"Біз Еуропа мен АҚШ теміржолдарындағы жағдайды да үнемі бақылап отырамыз. Қай жерде қандай төтенше жағдай, апат немесе пойыз апаты болғанын зерттеп, мұндай жағдайлардың бізде қайталанбауы үшін шаралар қабылдаймыз. Қазір теміржол желісінің барлық бағытында жолдарды диагностикалау кезінде жасанды интеллектіні енгізіп жатырмыз. Смарт-диагностика, смарт-локомотивтер қолданылуда. Яғни теміржолдағы қауіпсіздікті айтарлықтай арттыра алатын қандай шешімдер мен технологиялар бар екенін үнемі бақылап отырамыз", - деді Марат Шәкенов.

Жыл сайынғы форумдарда ЕАЭО елдерінің теміржол саласы өкілдері жаңа технологиялар мен оларды енгізу тәжірибесі туралы ақпарат алмасады.

Мәселен, "Ресей теміржолдары" компаниясы бас директорының орынбасары Владимир Пястолов Челябі қаласында роботтар мен машиниссіз локомотивтерді енгізу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді. Цифрлық жүйе Челябі-Главная станциясында қазірдің өзінде жұмыс істейді. Ол деректерді жинауды, оларды алгоритмдер арқылы өңдеуді және тиісті механизмдердің жұмысын бір жүйеге біріктіреді. Технологиялық операциялардың бір бөлігі қазірдің өзінде роботтандырылған жүйелерге берілген.

"Шешімдерді нақты іске асыратын да – осы жүйелер: инфрақұрылым элементтері, роботтар және машинисі жоқ локомотивтер", - деді Пястолов форумда.

Оның айтуынша, жақын уақытта Челябі-Главная станциясының тәжірибесін Ресейдегі басқа станцияларда осындай технологияларды енгізуге негіз ретінде пайдалану жоспарланып отыр.

Форумның тағы бір маңызды тақырыбы –бтеміржол саласына жаңа форматтағы мамандар мен инженерлер даярлау болды. Жасанды интеллект қаншалықты дамығанымен, теміржол тасымалы саласында адам ресурсы әлі де ұзақ уақыт бойы маңызды рөл атқарады.

ALT University ректоры Меруерт Жармағамбетованың айтуынша, оқу орнының басшылығы қазірдің өзінде студенттердің оқу барысында нақты өндірістік үдерістерді түсініп, заманауи жабдықтармен жұмыс істеп, практикалық міндеттерді шешуіне жағдай жасауға ұмтылып отыр.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының қолдауы мен түсіністігінің арқасында студенттеріміздің практикалық дайындығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып жатырмыз. Университетте теміржол саласының нақты жұмыс жағдайына барынша жақындатылған жаңа зертханалар, оқу орталықтары мен оқу полигондары құрылып, дамып келеді", -деді ол.

Меруерт Жармағамбетова білімге салынған инвестиция теміржол саласының қауіпсіздігі мен болашағына салынған ең маңызды инвестиция екенін атап өтті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 19:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары