Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Алматыда білім беру жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды

Алматыда білім беру жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мегаполисте «Алматы қаласының білім беру жүйесінің өзекті мәселелері» тақырыбында Білім басқармасының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов төрағалық етті. Отырысқа прокуратура, білім сапасын қамтамасыз ету департаменттері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және полиция органдары, төтенше жағдайлар департаменті, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік мектептердің, мектеп-интернаттардың, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары қатысты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәжіліс барысында білім беру ұйымдарында заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты салалық ведомстволардың баяндамалары тыңдалды. Қатысушыларға бақылау-қадағалау шараларының қорытындылары, білім сапасының сыртқы бағалауының нәтижелері, профилактикалық және тәрбиелік жұмыстардың жай-күйі, санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуы туралы есептер ұсынылды. Сонымен қатар оқу үдерісіне жүргізілген кешенді мониторингтің түйіндері таныстырылды. Жекелеген мектептердің басшылары анықталған заңбұзушылықтар бойынша түсініктеме беріп, оларды жою мақсатында қабылданған шаралар туралы баяндады.

Белгілі болғандай, бүгінгі таңда елімізде «Заң және тәртіп» қағидатына ерекше мән беріліп отыр. Осыған байланысты Абзал Нүкеновтың айтуынша, «балаларға адалдықты, қоғамдық өмірдің нормалары мен ережелерін мектеп қабырғасынан бастап дарыту қажет».

Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары инклюзивті білім беруді дамытудың маңыздылығына тоқталып, білім беру ұйымдарында әдістемелік және кадрлық қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді ұсынды.

Одан әрі Абзал Нүкенов білім сапасы мәселесіне назар аударып, педагогтарды, соның ішінде жекеменшік мектептердің мұғалімдерін де, оқыту үдерісіне барынша жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Сөзінің қорытындысында қала әкімінің орынбасары құрамына аудан әкімдері орынбасарлары, мектеп өкілдері, ювеналды полиция қызметкерлері, әлеуметтік қызметтер өкілдері кіретін жұмыс құрылымын құруды ұсынды. Аталған құрылым мектептердегі қауіпсіздік мәселелері бойынша алдын алу бағытында жұмыс істеп, қалалық құрылымдар арасындағы коммуникацияны жолға қоюмен айналысатын болады.

Кеңес қорытындысын шығара келе, Абзал Нүкенов оқушылар арасында тәрбие жұмысына және азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған шараларға ерекше көңіл бөлудің қажеттігін атап өтті.

«Мемлекет балалардың білім алуына барлық жағдай жасап отыр. Біз үшін ең бастысы – жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың нақты нәтиже беруін қамтамасыз ету. Мектеп директорларының мойнында үлкен жауапкершілік тұр, сондықтан өз жұмыстарына сын көзбен қарап, туындаған мәселелерді дер кезінде шешуді сұраймын», – деді ол.

Отырыста өскелең ұрпақты «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экожобасына кеңінен тарту мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. Осыған орай Алматы қаласы әкімінің орынбасары қаладағы барлық мектептерде «Таза мектеп – таза қоғам» бастамасын енгізуді тапсырды. Жобаның негізгі мақсаты – балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаның тазалығына жеке жауапкершілік сезімін арттыру, әр адамның әділ әрі экологиялық тұрақты қоғам құрудағы рөлін түсіндіру.

– Адамды қоршаған ортаның тазалығы, ойдың тазалығы мен істің тазалығы, сондай-ақ адалдық – бұл өзара тұтасқан үш мақсат, және олар өскелең ұрпақты тәрбиелеудің басты қағидаттарына айналуы тиіс, – деді ол.

Сонымен қатар басым бағыттардың қатарында қаржылық тәртіп, мемлекеттік сатып алудың ашықтығы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері де атап өтілді. Жасөспірімдердің тәуекелді (қауіпті) мінез-құлқының алдын алу да негізгі тақырыптардың бірі болды. Бұл ретте педагогтар мен психологтардың бірлескен жұмысының маңызы ерекше екені атап өтілді. Қала әкімінің орынбасары көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты іс-шараларды қамтитын жол картасын әзірлеуді ұсынды және Алматының білім беру саласында көшбасшы ретіндегі орнын сақтап қалуы қажеттігін ерекше қадап айтты.

Нүкенов, сонымен бірге, балаларда сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және идеологиялық құндылықтарды нығайту қажеттігіне назар аударды. Оның айтуынша, «Адал азамат» бағдарламасы жауапкершілігі жоғары азаматты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Өз кезегінде Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов тәрбие үдерісі ата-аналардың белсенді қатысуын талап ететінін тілге тиек етті.

«Бала отбасында не көрсе, соны бойына сіңіреді. Мектеп өз функцияларын орындайды, алайда мемлекет ата-ананың орнын баса алмайды. Ортақ күш-жігер ғана дені сау, білімді әрі шығармашыл ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Жиын қорытындысы бойынша білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған нақты шараларды көздейтін резолюция қабылданды.
 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 13:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары